Реакция теңдеулері бойынша есептеулер. Химия, 10 сынып, қосымша материал 1.
ЕСЕП
№1. Алюминий мен мыстың 3 г қоспасы сілті ерітіндсінің артық мөлшерімен әрекеттескенде 2,24 л (қ.ж) газ бөлінді. Берілген қоспаның массалық үлесін анықтаңдар.
Шешуі:
1. Қоспа құрамындағы компоненттердің тек біреуі ғана ( алюминий) сілтімен әрекеттеседі. Алюминийдің калий гидроксидімен әрекеттесу реакциясын ықшам түрінде жазамыз:
2Al + 2 KOH + 2 H2O →2KAlO2 + 3H2↑
2. Түзілген сутектің мөлшерін табамыз:
ⱴ(Н2) = V(Н2) /Vm = 2.24 л / 2.24 л/моль=0.1 моль
3.Алюминийдің мөлшерін табамыз:
2 моль АІ әрекеттескенде 3моль Н2 бөлінсе,
Х моль АІ 0,1 моль Н2 бөлінеді.
Х= 2*0.1/3 = 0.067 моль АІ
4. Қоспадағы алюминий массасы:
m(Al) = ν(Al) ∙ M(Al) = 0,067 моль ∙ 27 г/ моль = 1,8 г
Қоспадағы мыстың массасы:
m (Cu) = 3 г -1,8 г = 1,2 г
5. Қоспадағы компоненттердің массалық үлесі:
ԝ(Al) =m(Al) / m(қоспа) = 1,8г / 3,0г = 0,6 (немесе 60%)
ԝ(Cu) = m(Cu) / m(қоспа)= 1,2г /3,0 г =0,4 (немесе 40%)
№2. 20% қоспасы бар 7 г техникалық кальцийді 100 г суда ерітті. Алынған ерітіндідегі кальций гидроксидінің массалық үлесін анықтаңдар.
Бер: Шешуі:
w= 20% Ca + 2H2O = Ca(OH)2 + H2↑
m(қоспа)= 7 г 100% - 20% = 80%
m(H2O)=100 г m(Ca) = w∙m/100%= 80% ∙ 7 г/ 100% = 5,6 г
т/к: w(Ca(OH)2)-? 5,6 г х г
Ca ----------- Ca(OH)2 + H2↑
40 ----------- 74 г x=10,36 г
w(Ca(OH)2)=10,36г ∙100% /100г=10,36% Ж: 10,36 %
№3 есеп Қыздырылған Ғе2О3 үстінен сутек жібере отырып, темір алуға болады. 2 моль сутек жібергенде түзілген темірдің массасын аныктаңдар. Өнімнің шығымы теориялыкпен салыстырғанда 95%.
Бер: Шешуі:
ν(Н)=2 моль m= ν·M
φтеор=95% m=2 моль·2г\моль=4г
т/к: m(Fe)=? 4г х г
Ғе203+3Н2→2Fe+3H2O
6г 112г
4 г------------х г
6 г------------112 г х г=74,6 г
74,6г-------- 95%
х г------------100% х=78,4г
Жауабы: m(Fe)=74,6 г
ТЕСТ
1) 3 л аммиак (қ.ж.) алу үшін қажет алюминий нитридінің массасы:
A) 6,24 г
B) 6,04 г
C) 5,49 г
D) 7,22 г
E) 5,12 г
2) 91 мл 25 барий хлориді ерітіндісімен (=1,144 г/мл) әрекеттесетін натрий сульфатының (моль) зат мөлшері
A) 0,26
B) 0,125
C) 0,110
D) 0,15
E) 0,045
3) 0,1 моль бензол алу үшін қажет циклогексанның массасы:
A) 6,4 г.
B) 9,4 г.
C) 7,4 г.
D) 8,4 г.
E) 5,4 г.
3вар
4) 16 г темір (III) оксидін толық тотықсыздандыру үшін қажет сутегінің мөлшері тең:
A) 2 моль.
B) 3 моль.
C) 0,1 моль.
D) 5 моль.
E) 0,3 моль.
5) 2 моль күкіртсутек және 128 г күкірт (ІV) оксиді әрекеттескенде түзілетін күкірттің массасы
A) 32 г
B) 3,2 г
C) 96 г
D) 9,6 г
E) 64 г
6) 102,6 г сахароза гидролизденгенде алынған глюкозаны тотықтырғанда түзілген күмістің массасы
A) 64,8 г
B) 56,2 г
C) 62,4 г
D) 58,6 г
E) 60,2 г
7) 0,25 моль метилциклопропанды жаққанда түзілетін көмір қышқыл газының зат мөлшері (қ.ж.)
A) 1 моль
B) 2 моль
C) 0,1 моль
D) 0,2 моль
E) 3 моль
6вар
8) 6,021022 сутек атомдарын алу үшін тұз қышқылымен әрекеттесетін алюминийдің массасы
A) 1,8 г
B) 18 г
C) 27 г
D) 5,4 г
E) 2,7 г
9) 4,48 л фтор (қ. ж.) сумен әрекеттескенде, алынатын оттектің массасы
A) 1,2 г
B) 3,2 г
C) 2,4 г
D) 2 г
E) 1,6 г
10) 4г екі валентті металл сумен әрекеттескенде қ.ж. 2,24 л сутек түзіледі. Бұл металл ...
A) Zn.
B) Mg.
C) Be.
D) Ca.
E) Ba.
11) 68 г 1,3,5-триметилбензол алуға жұмсалатын пропиннің (қ.ж.) көлемі
A) 39,1 л
B) 38,1 л
C) 35,1 л
D) 37,1 л
E) 36,1 л
12) 100 г 4,6 құмырсқа қышқылы этил спиртінің артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілген күрделі эфирдің массасы
A) 7,4 г
B) 5,4 г
C) 6,7 г
D) 8,1 г
E) 6,2 г
13) Егер глюкоза спирттік ашығанда 448 л (қ.ж.) көмір қышқыл газы бөлінген болса, түзілген спирттің массасы
A) 800 г
B) 1020 г
C) 860 г
D) 450 г
E) 920 г
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру