Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковскийдің ережелеріне электрондық орбитальдардың толтырылу принципі бағынады, Химия, 10 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковскийдің ережелері, электрондық орбитальдардың толтырылу принципі
Оқу мақсаттары
10.1.3.2 Минимум энергия принципі , Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковский ережелері, электрондық орбитальдардың толтырылу принципі;
Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковский ережелерін қолданып электрондық орбитальдардың толтырылу принципін түсіну
Сабақтың мақсаты:
Бағалау критерийлері
Оқушы ,
- Паули принципі, Хунд ережесін, Клечковский ережесін пайдаланып, электрондық орбитальдардың толтырылу принципін қолдана алады
1925ж Швейцария ғалымы В.Паули атомдардың спектрлерін зерттей келіп мынадай ереже немесе принцип ұсынды: атомда төрт квант сандарының мәні бірдей болатын екі электрон болмайды.
мысалы: гелий атомында 2 электрон бар, оның екінші электронын квант сандарымен сипаттап көрелік.
n = 1, l =0, ml = 0, ms= -1/2 сағат тіліне қарсы бағытта қозғалады, түсіндірмесі: бірінші энергетикалық деңгейде орналасқан, электрон бұлты шар тәрізді және ол кеңістікте бір ғана тәсілмен орналасады,сағат тіліне қарсы бағытта
Паули ұстанымы (принципі)
Хунд ережесі
Бір деңгейшедегі орналасқан электрондардың спин квант сандарының қосындысы максималь болуы шарт; ол үшін электрондар деңгейшеде алдымен бір- бірден, соңынан жұптаса орналасады.
Бір орбитальда спиндері қарама –қарсы бағытталған екі электрон ғана орналасады.
Атомдағы электрондардың энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелерде орналасуы Клечковскийдің ережелеріне бағынады.
Атомның электрондары оның деңгейлері мен деңгейшелерінде бас және орбиталь квант сандарының қосындысының
(n + l) өсу ретімен орналасады, ал егер екі деңгейше үшін (n + l) – дің мәні бідей болса, онда электрон алдымен l-дің мәні үлкен деңгейшеде орналасады.
Мысалы:
3d мен 4s орбитальдарындағы электрондар үшін 4s (4+0=4) және 3d (3+2=5) біле отырып, алғашқысының энергиясы соңғысынан кішірек екенін, егер n мен l қосындысы бірдей мәнге ие болса, энергия бас квант санының мәніне тәуелді болады.
Мысалы: 3d мен 4p үшін қосынды (3+2=5 , 4+1=5) бірдей 5 –ке тең. Бірақ
3d орбиталінің энергиясы 4p мен салыстырғанда аздау, өйткені біріншісінде n=3 те екіншісінде n=4
Атомдағы электрондардың деңгейлер мен деңгейшелер де орналасуы
1s 2s 2p 3s 3p 4s 3d 4p 5s 4d 5p 6s 4f 5d 6p 7s 5f 6d
Тапсырма №1 ҚБ
Атомның электрондық формуласы берілген ол қай элементке сәйкес келеді:
1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d5 4s1
a)Ae b)K c)Cr d)V
2. 1 тапсырмадағы жауабыңдағы элемент атомының квант сандарын анықта
Бағалау критерийлері
Электрондық формуласы бойынша элемент атомынын анықтайды
сол элементтің квант сандарын жаза алады
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру