Квант сандары және орбитальдар, Электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1A

Атом құрылысы. ЖМБ

Мектеп: НЗМ ХБН Өскемен қ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Шаматова Г.Ж

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Квант сандары және орбитальдар, Электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.3.1 квант сандарының сипаттамасын түсіндіру , электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер

 Сабақ мақсаттары

Электронның күйін сипаттайтын квант сандарымен таныстыру, электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлерге электрондардың таралып орналасуын түсіндіру

Бағалау критерийлері

Оқушы ,

- электронның күйін сипаттайтын квант сандарымен танысады

- квант сандарын сипаттайды

электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлерге электрондардың таралып орналасуын біледі

 Тілдік мақсаттар

 

атом, атом құрамы мен атом құрылысы, нуклон , нуклид, протон, нейтрон, электрон үш тілде айтады

Оқушылар орындай алуы керек:

Изотоптардың салыстырмалы атомдық массасының бүтін сан емес екенін анықтау

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құндылықтарды дарыту заттың атомдардан тұратыны, Изотоптар (ұқсастығы және айырмашылығы)

тапсырмаларды орындау барысынды силастық, өзгенің пікірін құрметтеу жүзеге асады (іс-әрекетті және/немесе тақырып мазмұнын сипаттау).

 Пәнаралық байланыстар

Физика пәнімен атом құрылысы, изотоптар, радиоактивтілік

 АКТ қолдану дағдылары

Сабақ презентациясы , атом құрамы, құрылысы изотоптар

Бастапқы білім

Атом деген не? Химиялық элемент, физика курсынан атом құрамы мен құрылысы туралы білімдерін еске түсіредіАтом деген не?

Атом – затты құрайтын бөлшек. Олар тірі ағзалардан бастап жасанды пластиктерге дейін, қатты металдардан көзге көрінбейтін газдарға дейін кез-келген заттың құрамында болады. Атом өте кішкентай, құм қиыршығынан да әлдеқайда кіші болады. Құм қиыршығындағы атом саны шамамен 1 000 000 000 000 000 000 000 немесе 1021 , әлемдегі адамның жалпы санынан миллион миллион есе көп.

Атом деген не?

Атом – затты құрайтын бөлшек. Олар тірі ағзалардан бастап жасанды пластиктерге дейін, қатты металдардан көзге көрінбейтін газдарға дейін кез-келген заттың құрамында болады. Атом өте кішкентай, құм қиыршығынан да әлдеқайда кіші болады. Құм қиыршығындағы атом саны шамамен 1 000 000 000 000 000 000 000 немесе 1021 , әлемдегі адамның жалпы санынан миллион миллион есе көп.

Атом деген не? Атом деген не?

Атом – затты құрайтын бөлшек. Олар тірі ағзалардан бастап жасанды пластиктерге дейін, қатты металдардан көзге көрінбейтін газдарға дейін кез-келген заттың құрамында болады. Атом өте кішкентай, құм қиыршығынан да әлдеқайда кіші болады. Құм қиыршығындағы атом саны шамамен 1 000 000 000 000 000 000 000 немесе 1021 , әлемдегі адамның жалпы санынан миллион миллион есе көп.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

-оқушылардың зейінін шоғырландыруға - «Өзіңе тілек» және «сыныптастарыңа тілек» тілейді.

-сабақтың тақырыбы мен оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алынады.

- бағалау критерийімен таныстыру, сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау керек. Атом деген не?

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Тапсырма, Ойланып тез жауап беру керек

  • Химиялық реакция кезінде атом ядросында қандай өзгеріс болады?
  • Атомның химиялық қасиетін қалай болжауға болады?

Дәптерге өз бетімен жұмыс

  • Көміртек атомының құрамын сипаттаңдар
  • Оттек атомының электрондық – графикалық формуласын жазыңдар

Электрондардың энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелерге толуын түсіндіру

  • Электрондар – микробөлшектер, олардың атомдағы қозғалысын кванттық механика зерттейді. Ол элементар бөлшектердің әрекеттесуі мен тәртібін қарастырады.

Кванттық механика бойынша электрон өзін бөлшек және толқын түрінде байқатады, яғни корпускулалы - толқындық екі жақты қасиеті бар: бөлшек сияқты қысым тудырады және жарық дифракциясына ұқсас электрондар дифракциясын береді.

Электрондардың құрылысы

  • Электрондарды қарапайым бөлшек деп қарап оның кеңістіктегі қозғалысын 4 квант саны n, l, m және s анықтайды.
  • Ал электронды толқын деп қарасақ оның қозғалысын 3 параметрмен сипаттайды олар:
  • - толқын ұзындығы;
  • - бағыты;
  • - амплитудасы.

Электронның күйін 4 квант саны сипаттайды

Бас квант саны – n электрондардың жалпы энергия қорын және электронның ядродан қандай қашықтықта орналасқан көрсетеді.

n - 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7

бүтін сандармен ал оған сәйкес келетін энергетикалық деңгейлерді латынша бас әріптермен белгілейді K, L, M, N, O, P, Q

Бас квант сандары 1, 2 , 3, 4, 5, 6, 7;

Энергетикалық деңгей K,L,M,N,O, P, Q

  • энергетикалық деңгей деп - бас квант сандарының мәндері бірдей орбитальдардың жиынтығы айтады

Орбиталь квант саны – l

(қосымша квант саны) электронның энергетикалық күйін және орбитальдардың пішінін көрсетеді.

Қосымша квант санының қабылдайтын мәндері 0- ден n-1 – ге дейінгі бүтін сандар болып келеді және оларға

0, 1, 2, 3... n -1

s, p, d, f деңгейшелер сәйкес келеді

Магнит квант саны - ml

Магнит квант саны - ml пішіндері бірдей орбитальдардың кеңістікте орналасу бағытын көрсетеді.

Магниттік квант саны орбиталь квант санына тәуелді болады және орбиталь квант санының мәніне сәйкес –l, 0, + l шегінде болатын бүтін сандар.

(l) –дің мәндері

Сәйкес деңгейшелер

Магнит квант

санының (ml)

мәндері

Орби

таль

дардың сан

дары

0

1

2

3

S

P

d

f

0

-1, 0 ,+1

-2, -1, 0, +1,+2

-3,-2,- 1, 0, +1 ,+2,+3

1

3

5

7

Спин квант саны

Спин квант саны – ms электронның өз осінен қай бағытта қозғалатынын көрсетеді.Электрон өз осінен сағат тілінің бағыты бойынша немесе оған қарсы бағытта қозғалуы мүмкін.

Осыған сәйкес спин квант саны

және көрсетеді

Атомдағы электрондар қозғалысының траекториясы белгісіз, кванттық механикада ядро маңындағы кеңістікте электрондар болу ықтималдығын – электрондық бұлт, ядро маңындағы электронның болу ықтималдығы 90% жоғары кеңістікті орбиталь деп атайды. Мөлшері жуық орбитальдардан

электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер қалыптасады

Периодтық жүйенің құпиясы қашан ашылды?

Периодтық жүйенің құпиясы - атомның күрделі құрылымын, оның сыртқы электрондық қауызының құрылысын, ядро айналасында электрондардың қозғалыс заңын ашқанда белгілі болды.

Электрон бұлты болатын кеңістікті орбиталь деп атаймыз.

электрондық қабат

Электрондық қабат деп-бір энергетикалық деңгейдегі электрондардың жиынтығын айтады. Орбитальдар бір- бірінен өздерінің энергиялары, пішіндері және кеңістіктегі орналасу бағыттары арқылы ажыратылады және бұл жағдайлар электрон қасиеттерінің кванттық сипатын көрсетеді.

Энергетикалық деңгейде орналасқан электрон саны мына формуламен анықталатынын айту керек.

  • Егер n = 1 болса N = 2

n = 2 болса N =2∙22=8

n = 3 болса N =2∙32=18

Өз бетімен жұмыстар ҚБ

1- Na Электрондардың энергетикалық деңгейлерде орналастырыңдар

2 - S квант сандарын анықтаңдар

Бағалау критерийлері

  • Әрбір оқушы берілген химиялық элементің электрондарын дұрыс энергетикалық деңгейде орналастырса
  • Квант сандарын анықтаса

Қорытындысын өздері айтуы керек

Мен бүгінгі сабақта ----------------------түсіндім

  • Мен бүгінгі сабақта ----------------------үйрендім
  • Мен бүгінгі сабақ бойынша басқаларға ----------------------көмектесе аламын
  • Мен бүгінгі сабақ бойынша сұрағым бар--

Сілтеме бойынша пайдалы бейнежазбаны қарауға болады:

https://www.youtube.com/watch?v=fMZLMqEMpBE

http://www.hemi.nsu.ru/ucheb124.htm

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру