Катализаторлар. Ингибиторлар. № 3 практикалық жұмыс "Реакция жылдамдығына катализатордың әсері. Химия, 9 сынып, презентация.


Катализаторлар. Ингибиторлар.

№ 3 практикалық жұмыс "Реакция жылдамдығына катализатордың әсері"

Оқу мақсаттары

9.3.2.3 катализатордың реагенттен айырмашылығын және реакция жылдамдығына әсерін түсіндіру;

9.3.2.4 реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін түсіндіру

Катализатор

Катализатор - химиялық реакцияның жылдамдығын арттыратын зат, бірақ реакция соңында бастапқы қалпын сақтап қалады.

Катализатор қатысында жүретін реакциялар катализдік реакциялар деп атайды.

Катализатор қатысында реакция жылдамдығының өсу құбылысын катализ деп атайды.

Катализатордың активация энергиясына әсері

Катализдің бірнеше түрі бар: гомогенді, гетерогенді, биологиялық (ферментативті), автокатализ.

Гомогенді катализ

Гомогенді катализде әрекеттесуші заттар мен катализатор бірдей агрегаттық күйде болады.Бұл жағдайда катализатор мен әрекеттесуші заттар арсында бөліну беті болмайды. Мысалы, күкірт (4+) оксидін азот оксидімен катализатор NO (г) қатысында катализдік тотықтыру жатады:  

2 SO2 (г) + O2 (г) = 2 SO3 (г)

Гетерогенді катализ

Гетерогенді катализ - әрекеттесуші заттар мен катализатор әртүрлі агрегаттық күйде болатын үрдіс. Мысалы, V2O5 қатысында жүретін күкірт (4+) оксидінің тотығу процесі:

2 SO2 (г) + O2 (г) = 2 SO3 (г)

Автокатализ

Кейбір реакциялар үшін бастапқы реагенттер немесе реакция өнімдері катализатор болады.Мұны автокатализ деп атайды.

Ингибиторлар

Химиялық реакция жылдамдығын баяулататын заттар тежегіштер (ингибиторлар) деп аталады. Олар қажетсіз химиялық процестерді тежейді. Мысалы, металдардың жемірілуі, тамақ өнімдерінің, отындардың және жағармайдың тотығуы, мономерлердің полимерленуі.

Практикалық жұмыс

Сутек пероксидінің ыдырау реакциясының жылдамдығына әртүрлі катализаторлардың әсері

Үй жұмысы

Тақырыпқа қатысты әртүрлі сканвордтар, кроссвордтар, басқатырғыштар мен ребустар құрастыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру