Катализаторлар. Ингибиторлар. № 3 практикалық жұмыс "Реакция жылдамдығына катализатордың әсері. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


 Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.1.С.

Мектеп: Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Катализаторлар. Ингибиторлар.№ 3 практикалық жұмыс "Реакция жылдамдығына катализатордың әсері

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Кейбір кең таралған реакцияларға катализаторлардың әсерін бақылау
  • катализаторлар қатысында жүретін реакцияларды жоспарлау және оларды жүзеге асыру
  • ингибиторлардың әрекетін түсіну

 Сабақ мақсаттары

  • катализатордың реагенттен айырмашылығын және реакция жылдамдығына әсерін түсіндіру;
  • реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін түсіндіру

 Жетістік критерийлері

  • Нәтижелер кестесіне өзінің іс-әрекеті мен бақылауларын тіркейді;
  • Сутек периоксидінің каталитикалық ыдырау реакциясының теңдеуін дұрыс жазады және катализ түрін анықтайды;
  • Қорытындыны дұрыс шығарады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар сабақ барысында қолданылатын терминдер мен сөз тіркестері:

ЕНГІЗІЛГЕН ТҮСІНІКТЕР:

катализ, өршіткілер, тежегіштер, автокатализ, гомогенді және гетерогенді катализ, катализдік реакциялар, адсорбция, адсорбент, адсорбат, промоторлар, катализдік улар, ферменттер.

Оқушылардан сабақ барысында осы терминдерді қолданып сөздерді құрау сұралады.

Құндылықтарды дарыту

 

 

Сабақ барысында мектеп құндылықтары жүйелі түрде енгізіледі. Ол сабақтың ажырамас бөлігі болып саналады. Мысалы:

Ашықтық.

Құрмет.

Ынтымақтастық.

Өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта реакция теңдеулерін түсіндіруде математика пәнімен, индикаторлардың әсерлерін, түстерін өзгертуін түсіндіруде физика және биология пәндерімен пәнаралық байланыс болады. Сондай-ақ химиядан алдыңғы алған білімдер де талап етіледі.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта арқылы оқушыларға көрсетілімдер көрсетіледі. Бұл өз кезегінде практикалық сабақты сауатты орындауына негіз болады.

Бастапқы білім

Бөлшектер (6.4B)

Химиялық реакция жылдамдығы (1) (8.2C)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-2 минут

3-5-минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу.

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басында оқушылардың көңіл-күйін, сабаққа деген ынтасын көтеру мақсатында шаттық шеңберін ұйымдастырып, олар бір-бірлеріне жақсы тілектерін айтады.

Оқушылар сіздер бүгінгі сабақтың оқу мақсатымен танысыңыздар. Сонымен бүгінгі сабақтың оқу мақсаты:

  • катализатордың реагенттен айырмашылығын және реакция жылдамдығына әсерін түсіндіру;
  • реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін түсіндіру;

Оқушыларға оқу мақсаты таныстырылғаннан соң жетістік критерийі оқушылармен бірлесе құрылып алынады.

Мүмкін болатын жетістік критерийлері:

  • Катализ не екенін білу
  • Катализдің түрлерін білу
  • Катализдің әрбір түріне мысал келтіру

Сабақтың ортасы

5-15-минут

12-32 минут

33-35 минут

(W) «Реакция жылдамдығын арттыратын, бірақ, реакция соңында өзгеріссіз регенерацияланатын заттар катализаторлар екенін түсіндіріңіздер». Оқушыларға реагенттермен бір фазадағы катализаторлар «гомогенді катализаторлар» ретінде, ал әртүрлі күйдегі катализаторлар «гетерогенді катализаторлар» ретінде белгілі екендігін айтыңыз.

(E) Егер уақыт болса, өлшенген марганец қос тотығының мөлшері (IV) сутегі тотығының ерітіндісінің ыдырауы кезінде катализатор ретінде қолданылуы мүмкін, сондай-ақ зат эксперимент соңында қалпына келтірілуі, және өлшенуі мүмкін (W). Эксперимент оқушылардың марганец қос тотығының қалай өзгермейтіндігі туралы сауалнама арқылы аяқталуы мүмкін (IV).

Катализаторлар қатысуымен жүретін химиялық реакциялар катализдік реакциялар деп аталады.

Гомогенді катализге әрекеттесуші заттар мен өршіткі бірдей агрегаттық күйде болатын реакциялар жатады.

Гетерогенді катализде әрекеттесуші заттар мен өршіткі әртүрлі агрегаттық күйде болады.

Аралық қосылыстар теориясы катализатордың әсер ету механизмін түсіңдіреді. Бұл гомогенді катализге қолданылады.

Ал гетерогенді катализді түсіңдіру үшін катализдің адсорбциялық теориясы қолданылады.

Газтектес немесе еріген заттардың басқа қатты заттардың бетінде топтасуын (концентрленуін) адсорбция деп атайды. Бетінде адсорбция жүрретін заттар – адсорбент деп аталады.

Табиғи биологиялық катализаторлар – ферменттер деп аталады.

Практикалық жұмыс (Жұптық жұмыс)

Сутек пероксидінің ыдырау реакциясының жылдамдығына әртүрлі катализаторлардың әсері

Қажетті құрал-жабдықтар мен реагенттер:

 Әр түрлі катализаторлар: мыстың, темірдің, кобальттың, көмірдің қосылыстары, каталаза ферменті)

Жұмыс барысы:

Оқушылар өз эксперименттерін жүргізіп, нәтижелерімен бөлісуі тиіс. Еритін және ерімейтін ауыспалы металдар қосылыстардың жеткілікті көлеміменн қоса бірнеше құрамдарды, бірнеше негізгі қосылыстардың блогын және бірнеше ферменттерді ұсыну (ақтүйнек, «биологиялық» кір жуғыш ұнтақ, сілекей және кейбір лабораториялық ферменттер)

Практикалық жұмыс нәтижелері төмендегідей кестеде толтырылсын (жеке жұмыс):

Зерттелетін зат

Каталитикалық қасиеті зерттелетін зат

Не байқадыңыз?

Қорытынды

1

Сутек пероксиді

2

Сутек пероксиді

3

Сутек пероксиді

4

Сутек пероксиді

5

Сутек пероксиді

6

Сутек пероксиді

7

Сутек пероксиді

8

Сутек пероксиді

9

Сутек пероксиді

10

Сутек пероксиді

Кері байланыс.

Сабақтың соңында оқушыларға бүгінгі белсенді қатысқаны үшін рахмет айтылып, олардан кері байланыс ретінде төмендегі кесте толтырылып, қорытынды жасауы сұралады.

Мен нені үйрендім?

Мен нені үйренгім келеді?

Маған бұл тақырыпта не қиын?

«Химиялық бағдаршам» басқа реакция видеосы:

http://www.youtube.com/watch?v=_YO4UPTjMVI

Реакция Бриггс-Раушер реакциясы автоауытқитын химиялық реакция видеосы:

http://www.youtube.com/watch?v=-RFb8T2ED5E&feature=related

Белоусов-Жаботинский видеосы (Ескерту – түсініктемелер қытай тілінде):

http://www.youtube.com/watch?v=tg9SRstGos4&feature=related

«Йодты сағаттар» реакциясы

http://www.youtube.com/watch?v=CcBvzHkJYck&feature=related

Сабақтың соңы

36-40 минут

Оқушыларды бағалауда олардың сабаққа қатысуы, берілген зертханалық жұмыстың мақсатын дұрыс түсінуі мен орындау барысындағы іс-әрекеттері және сабақ соңында алынатын жетістік критерийлері негізге алынады.

Үй тапсырмасы:

Тақырыпқа қатысты әртүрлі сканвордтар, кроссвордтар, басқатырғыштар мен ребустар құрастыру.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Катализдің не екенің, оның түрлерін біледі.

Көптеген оқушылар:

Гомогенді және гетерогенді катализді бір-бірінен адырата алады және мысалдар келтіре алады.

Кейбір оқушылар:

Оқу мақсатына толық жетеді. Өздерінің білгенің өзге құрбыларына түсіндіре алады.

Оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін олардың берілген сұрақтар мен тапсырмаларға дұрыс және анық жауап беруі, зертханалық жұмысты сауатты орындауы басты назарда болады. Сондай-ақ олар өз ойларын ашық түрде жеткізе алулары керек.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Пәні: ХИМИЯ Күні: ________

Сыныбы: 9 Уақыты: 40 минут

Оқушының аты-жөні: _________________________________

№14

№ 9 Практикалық жұмыс

Сутек пероксидінің ыдырау реакциясының жылдамдығына әртүрлі катализаторлардың әсері

Қажетті құрал-жабдықтар мен реагенттер:

Әр түрлі катализаторлар: мыстың, темірдің, кобальттың, көмірдің қосылыстары, каталаза ферменті, бірнеше ферменттер (ақтүйнек, «биологиялық» кір жуғыш ұнтақ, сілекей және кейбір лабораториялық ферменттер).

 

 Жұмыс барысы:

Оқушылар өз эксперименттерін жүргізіп, нәтижелерімен бөлісуі тиіс. Еритін және ерімейтін ауыспалы металдар қосылыстардың жеткілікті көлемімен қоса бірнеше құрамдарды, бірнеше негізгі қосылыстардың блогын және бірнеше ферменттерді ұсыну (ақтүйнек, «биологиялық» кір жуғыш ұнтақ, сілекей және кейбір лабораториялық ферменттер)

 Оқушылар берілген реагенттерді пайдаланып, химиялық реакцияларды жүргізеді. Сабақ соңында байқаған құбылыстар мен түйген қорытындыларын төмендегі кестеге толтырады.

 

Зерттелетін зат

Каталитикалық қасиеті зерттелетін зат

Не байқадыңыз?

Қорытынды

1

Сутек пероксиді

2

Сутек пероксиді

3

Сутек пероксиді

4

Сутек пероксиді

5

Сутек пероксиді

6

Сутек пероксиді

7

Сутек пероксиді

8

Сутек пероксиді

9

Сутек пероксиді

10

Сутек пероксиді

Қорытынды сұрақтар:

  • Катализатор дегеніміз не?
  • Катализ дегеніміз не?
  • Катализдің қандай түрлері бар?
  • Катализдің әрбір түріне мысалдар келтіріңіз.
  • Катализатордың әсер ету механизмін бөлшектер теориясы бойынша түсіндіріңіз.
  • Сутек пероксидінен оттегі алу реакциясында қандай катализаторды қолдануға болады?
  • Сутек пероксидінен оттекті катализордың қатысуымен және катализаторды қатыстырмай да алуға болады. Екі жолмен оттек алуда қандай айырмашылық бар деп ойлайсыз?
  • Катализаторды «реагент» деп есептеуге болады ма? Қандай жауап берсеңіздер де жауаптарынызды түсіндіріңіздер.
  • Ингибитор дегеніміз не?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру