Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар. № 2 көрсетілім "Әртүрлі реакциялар жылдамдығы"; № 6 зертханалық тәжірибе "Реакция жылдамдығына температура, концентрация мен бөлшектер өлшемінің әсері". Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.1 С Химиялық реакция жылдамдығы

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Химиялық реакциялардың жылдамдығы.Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар. 

№ 2 көрсетілім "Әртүрлі реакциялар жылдамдығы";

№ 6 зертханалық тәжірибе "Реакция жылдамдығына температура, концентрация мен бөлшектер өлшемінің әсері"

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.2.1 реакция жылдамдығы ұғымын түсіндіру;9.3.2.2 реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • реакцияға жылдамдығына түрлі факторлардың әсерін қорытындылай алады
  • бақылаған өзгерістерді бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіре алады

Бағалау критерийлері

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер

  • химиялық реакция жылдамдығына әсер етуші факторларды ажырата алса
  • бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіре алса

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-бөлшектер өлшемі, әрекеттесуші заттардың ауданы реакция жылдамдығын қалай өзгертетінін ауызша талдап бере алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

тұз қышқылы, мәрмәр жоңқасы, масса, бөлшектер өлшемі, жанасу ауданы, реакция жылдамдығы

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Егер мәрмәр жоңқалар үлкен/кіші болса, реакция баяу/жылдам өтеді

Ең үлкен/ең кіші жоңқалар ең баяу/жылдам реакциялар тудырады

Реакция жылдамдығы үлкен/кіші концентрацияменең жылдам/баяу болды

Реакция жылдамдығы жоңқалар өлшеміне байланысты болады

Құндылықтарды дарыту

 

 

Сабақ барысында білім құндылықтары:

  • Құрмет
  • Ынтымақтастық
  • Өмір бойы білім алу

жеке және сыныппен бірлесіп жұмыс жасау барысында орын алады.

Пәнаралық байланыстар

Физика

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор материалдары, презентация

Бастапқы білім

7.1B Периодтық жүйеге кіріспе

7.2А Жану реакциясы

8.2B Химиялық реакция жылдамдығы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Оқушылармен амандасу, көңіл күйлерін сұрау, жағымды атмосфера орнату.

« 4 сурет 1 сөз» әдісі бойынша сабақтың тақырыбын ашу

- Бұл төрт суретті бір-бірімен не байланыстырады?

ж

ы

л

д

а

м

д

ы

қ

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

Презентация

Сабақтың ортасы

6-10 минут

Біз, бүгінгі сабағымызда химиялық реакцияның жылдамдығы және оған әсер ететін факторларды зерттейтін боламыз.

Химиялық реакцияның жылдамдығы деп уақыт бірлігінде әрекеттесетін заттардың немесе реакция өнімдерінің біреуінің концентрацияларының өзгеруін айтады.

ұндағы,

С – концентрация, моль/л;

tуақыт, с немессе мин.

жылдамдық, моль/л* с

Оқушыларға күнделікті өмірден жылдамдығын арттыру немесе азайту қажет реакцияларға мысал келтіруді ұсыныңыз

Презентация

11-15 минут

№ 2 көрсетілім "Әртүрлі реакциялар жылдамдығы"

Жұмыс барысы:

Оқушыларға әр түрлі реакцияларды көрсету.

1. мыс (II) сульфаты мен калий гидроксиді мыс сульфатының шапшаң көгілдір шөгіндісін береді.

2. натрий тиосульфаты ерітіндісіне тұзды қышқылдың бірнеше тамшысын қосыңыз.

Назар аударыңыз:

Қорғау көзілдірігін киіңіз.

Байқалған құбылысты талдаңыз, оқушыларды реакция жылдамдығын өзгертуді білудің маңыздылығы туралы қорытындыға жеткізіңіз.

Мыс (II) сульфаты, калий гидроксиді ерітінділері, сұйылтылған тұз қышқылы, натрий тиосульфаты ерітіндісі .

Түтіктер, түтіктер үшін тағандар.

16-20 минут

Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторлар:

  • жанасу ауданы
  • температура
  • әрекеттесуші заттардың табиғаты
  • концентрация
  • қысым
  • катализатор

Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторларды бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру үшін активити жүргізіледі. Бұл активити арқылы оқушылар тек серігіп қана қоймай, сонымен қатар бөлшектер теориясын түсінеді. Бұл ойынға 5 оқушы және үлкен және кіші радиустағы шеңберлер (кольцо) қажет

Ескерту. Ойынға қатысушылардың санын сынып оқушыларының санына байланысты икемдеп алуға болады. Сақиналардың орнына оқушылардан шеңбер жасауға болады.

Активити. Еденге шеңбер қойылады және осы шеңбердің ішіне 3 оқушы бір-бірімен соқтығысып жүруге немесе жүгіруге болады, қанша соқтығыс болғанын анықтайды.

1-қадам. Шеңберге тағы бір қатысушыны қосып, көп бөлшектер болған кезде қанша соқтығыс болғанын көріңіз. Қандай қорытынды жасай аламыз? (концентрация)

2-қадам. Еске сала кетейік, еден «лава», сондықтан қатысушылар жылдамдықпен жүгіреді немесе қозғалады. Соқтығысу жиі бола ма? (температура)

3-қадам. Ортаға тағы бір қатысушы шығып, шеңбердегі оқушыларды бір-бірімен соқтығыстырып, басқаларды тартып немесе басу керек. Сонымен, осы қатысушының мақсаты қандай? (катализатор)

4-қадам. Ортадағы шеңбердің радиусын кішірейтіңіз (көлем, демек, қысымның артуы), не болып жатыр? Соқтығысу көп бола ма? (қысым)

Қорытындылай келе реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар қанша? Қандай факторлар бар?

21-35 минут

№6 Зертханалық жұмыс « Реакция жылдамдығына температура,.концентрация мен бөлшектер өлшемінің әсері

Оқушыларды 3 топқа бөліп, 1- топқа Реакцияның жылдамдығына температураның әсерін, 2-топқа концентрацияның әсерін, 3-топқа бөлшектер өлшемінің әсерін зерттеуге арналған зертханалық жұмыстың тапсырмалары беріледі.

Лабораториялық жұмысты бастамас бұрын оқушылар қауіпсіздік техникасы ережелерін қайталап, қауіпсіздік журналына қол қояды.

Қосымша 1

36-38 минут

Оқушылар тақтада тапсырманы орындайдыя на доске

Сәйкестендіріңіз

Факторлар

Реакцияның жылдамдығы

Концентрация ↑

Increse (артады)

Концентрация ↓

Decrese (кемиді)

Қысым ↑

Қысым ↑

Температура ↑

Температура ↑

Катализатор

Ағылшынша «артады», «кемиді» деген сөздер жазылған карточкалар, магниттер

Сабақтың соңы

39-40 минут

Рефлексия

Интерактивті тақтадан келесі сурет көрсетіледі.

оқушылар сабақ туралы пікірлерін, сабақтан эмоцияларын жапсырмаға жабыстырады

Мұғалім оқушыларды сабақ барысындағы жетістіктерін ауызша бағалайды және қажет болған жағдайда оларды мадақтайды.

Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды атай алады;

Кейбір оқушылар:

Химиялық реакция жылдамдығының температураға тәуелділігін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіре алады.

-Топтық жұмыс;

-Жеке жұмыс;

-Зертханалық жұмыс арқылы;

-Кері байланыс арқылы;

-Қолдану дағдысын қалыптастыруға арналған тапсырманы талқылау арқылы

Ақ халат кигізу, партада дұрыс отыруын қадағалау, слайдтардағы жазулардың көрнекі болуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру