Көміртектің қасиеттері. Практикалық жұмыс №6 «Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері» Көміртектің оксидтері Практикалық жұмыс №7 «Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттерін зерттеу». Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«КӨМІРТЕКТІҢ ҚАСИЕТТЕРІ. КӨМІРТЕКТІҢ ОКСИДТЕРІ»
ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып: 8, 4-тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4В Көміртек және оның қосылыстары
Бұл сабақта оқушылардың зерттеу дағдылары дамытылады. Ол үшін оқушылар практикалық жұмыстарды орындайды. Сондықтан сабақты өтуге 2 сағат бөлінген. Практикалық жұмыс №6 «Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері». Практикалық жұмыс №7 «Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттерін зерттеу». Бұл сабақтарда қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
8.4.3.5 көміртегінің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу;
8.4.3.6 көміртекті отындар оттегінде жану кезінде көміртегі монооксидін немесе көміртегін түзуі мүмкін екендігін түсіну. Көміртек монооксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру;
8.4.3.7 көмірқышқыл газын алу және жинау, қасиеттерін зерттеу және оны анықтау;
8.4.3.8 табиғаттағы көміртегі айналымын түсіндіру.
Көміртектің физикалық қасиеттерін оқушылар аллотропиялық түрөзгерістерін қарастырған кезде меңгергендіктен оны тек қайталап кетуге болады. Бірақ олардың физикалық қасиеттеріне негізделіп қолданылуына қатысты тапсырмалар ұсынуға болады. Бұл сабақта химиялық қасиеттеріне көңіл көбірек бөлінеді. Сабақта көміртектің тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттері қарастырылады. Әсіресе оқу мақсатына сәйкес көміртектің жануы кеңінен қарастырылады.
Көмірді қатты қыздырғанда, оттекте немесе ауада көміртек диоксидін, яғни көмірқышқыл газын түзіп түтінсіз жанады және көп жылу бөлінеді:
С(қ) + О2(г) → СО2(г) + 402 кДж
Егер толық жанбай қалса, көміртек монооксиді түзіледі
С(қ) + О2(г) → 2СО (г) + 402 кДж
Құрамына көміртек кіретін отындар жанған кезде оттектің жетісуіне байланысты әртүрлі өнімдер түзілетіндігі баса айтылады. Мысалы метанның жануы. Көміртек монооксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру үшін оқушылар оның қасиеттерімен таныстырылады. Одан әрі оқушылар көміртектің хлормен, сутекпен, металл оксидтерімен, металдармен, сумен және тотықтырғыш қышқылдармен әрекеттесуін қарастырып, тиісті реакция теңдеулерін жазады. Сосын «Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері» №6 практикалық жұмысын орындайды.
Екінші сабақта көміртектің қосылыстары, яғни көміртектің оксидтері мен карбонаттар, олардың табиғатта таралуы және химиялық қасиеттері қарастырылады. Оқушылар олардың қолданылуын өз беттерімен танып біле алады.
Химия сабағында оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолдарының бірі –жоба әдісі. Бұл әдіс оқушылардың қандай да бір мәселені өздігінен зерделеп, зерттеу нәтижесін көпшілікке таныстырып жариялаудан тұратын оқу-танымдық іс-әрекеттерінің жиынтығын қамтиды. Жоба жұмысы барысында оқушылардың коммуникативтік, күрделі мәселелерді шешу жолындаға ізденістік және өз іс-әрекетіне рефлексия жасай білу қабілеттері дами түседі. Сонымен қатар жоба жұмыстары пәнаралық байланысты нығайтып, екі немесе одан да көп сабақтар бойынша кіріктірілген сабақтар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жобалау әдісін қолдану сабақта мұғалімнің лауазымын (орнын) өзгеруіне әкеп тірейді: мұғалім дайын білімді берушіден өз оқушыларының ізденістік, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы танымдық әрекеттерін ұйымдастырушыға айналады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру