Қышқылдар.Зертханалық жұмыс № 2 «Қышқылдардың химиялық қасиетін зерттеу». Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қышқылдар.Зертханалық жұмыс № 2

«Қышқылдардың химиялық қасиетін зерттеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

-қышқылдардың негізгі химиялық қасиеттерін зерттеу;

 Сабақ мақсаттары

  • Қышқылдардың негізгі химиялық қасиеттеріне сәйкес реакция теңдеулерін жазу;
  • Қышқылдарға еритін және ерімейтін негіздермен, тұздармен реакциясына зерттеулер жүргізе алады
  • Зерттеулері бойынша нақты бақылаулар жаза алады

 Бағалау критерийлері

  • Қышқылдардың белсенді металдармен,негіздік және екідайлы оксидтермен, сілтілермен және ерімейтін негіздермен,едәуір әлсіз қышқылдардың тұздарымен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазады
  • Қышқылдарға еритін және ерімейтін негіздермен, тұздармен реакциясына зерттеулер жүргізеді
  • Зерттеулері бойынша нақты қорытынды жазады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар қышқылдардың атаулары бойынша формулалар жазып, қышқылдарды ағылшын тілінде атайды

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Қышқылдар белсенді металдармен тұз және сутек түзіп әрекеттеседі

Қышқылдар негіздік және екідайлы оксидтермен тұз бен су түзіп әрекеттеседі

Қышқылдар сілтілермен және ерімейтін негіздермен тұз бен су түзіп әрекеттеседі

Қышқылдар едәуір әлсіз қышқылдардың тұздарымен әрекеттеседі.

 Құндылықтарды дарыту

Бір бірінің пікірін тыңдау, айтылған ойды бағалау арқылы жүргізіледі

 Пәнаралық байланыстар

Биология

 АКТ қолдану дағдылары

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/bei-organikalyq-ximiya/bei-organikalyq-qosylystardyng-mangyzdy-klastary/lesson/qyshqyldar-1

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/bei-organikalyq-ximiya/bei-organikalyq-qosylystardyng-mangyzdy-klastary/lesson/qyshqyldar-men-negizderding-reakcziyalary

Бастапқы білім

Қышқылдар мен сілтілер (6.2С)

Қарапайым химиялық реакциялар (7.2А)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

І. Сәлемдесу. Өткен сабақты пысықтау.

TRUE/FALSA

TRUE

FALSA

Na2O екідайлы оксидтердің қатарына жатады

Na2O екідайлы оксидтердің қатарына жатады

Негіздік оксидтердің қышқылдық оксидтермен әрекеттесуі нәтижесінде тұз және су түзіледі

Екідайлы оксидтер қышқылдармен және сілтілермен оңай реакцияға түсе алады

SiO2 суда ерімейді

Кендерді өртеу барысында оксидтер ғана түзіледі

Қышқылдар құрамындағы оттек атомына сай 2-ге бөлінеді

Оқушыларды сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру

Презентация

1 слайд

Сабақтың ортасы

6-7мин

8-10 мин

11-17мин

18-28 минут

29-37 минут

ІІ.Жаңа тақырыпты оқып меңгеру.

Қышқылдардың физикалық қасиеттерін еске түсіру PHYSICAL PROPERTIES OF ACIDS

Қышқыл ерітінділерінің әсерінен индикаторлар түсінің өзгеруі

Лакмус Қызыл

Метилоранж қызғылт

Фенолфталеин түссіз

Cұрақ.

1.Егер де сіз тәжірибе жүзінде әмбебап индикатордың немесе индикатордың түсті шкалалары көмегімен күшті және әлсіз қышқылдарды зерттедіңіз делік. Қалай ойлайсыз барлық қышқылдар бірдей рН мәніне ие болады ма?

2.Қышқылдардың химиялық қасиеттерін болжаңыздар?

Оқушылар жауаптары тыңдалады

Дәптермен жұмыс ( жеке жұмыс жүргізіледі)

Оқушылар төменде берілген заттар арасындағы реакция теңдеулерін жазады

1.Белсенді металдармен тұз және сутек түзіп әрекеттесу:

2.Негіздік және екідайлы оксидтермен тұз бен су түзіп әрекеттесу:

3.Сілтілермен және ерімейтін негіздермен тұз бен су түзіп әрекеттесу:

4.Едәуір әлсіз қышқылдардың тұздарымен әрекеттесу:

5.Тұрақсыз қышқылдардың ыдырауы:

Тексеру ( жасыл қалам әдісі бойынша тексеріледі)

1.Белсенді металдармен тұз және сутек түзіп әрекеттесу:

2Na(қ.) + 2HCl(сулы) → 2NaCl(сулы) + H2(г)

2.Негіздік және екідайлы оксидтермен тұз бен су түзіп әрекеттесу:

CaO(қ.) + 2HCl(сулы) → CaCl2(сулы) + H2O(с.)

ZnO(қ.) + 2HCl(сулы) → ZnCl2(сулы) + H2O(с.)

3.Сілтілермен және ерімейтін негіздермен тұз бен су түзіп әрекеттесу:

NaОН(сулы) + HCl(сулы) → NaCl(сулы) + H2O(ж)

Ca(OН)2(сулы) + 2HCl(сулы) → CaCl2(сулы) + 2H2O(г)

Zn(OН)2(қ.) + 2HCl(сулы) → ZnCl2(сулы) + 2H2O(г)

4.Едәуір әлсіз қышқылдардың тұздарымен әрекеттесу:

К2СО3(қ.) + 2HCl(сулы) → 2КCl(сулы) + H2O(с) + CO2(г)

Na2SO3 + 2HCl(сулы) → 2NaCl(сулы) + H2O(с) + SO2(г)

5.Тұрақсыз қышқылдардың ыдырауы:

t°C

Н2SiO3 → H2O(с.) + SiO2(қ.)

№2 Лабораториялық жұмыс

Қышқылдардың химиялық қасиеттерімен танысу

Зертханалық жұмыс нұсқаулығын беру.

Қышқылдармен жұмыс кезіндегі ҚТЕ сақтауды ескерту

Қышқылдардың химиялық қасиетін зерттеуге тәжірибелер.

1-тәжірибе

A) Қышқылдардың сілтімен әрекеттесу

Сынауыққа 1 мл натрий гидроксидінің ерітіндісін құйыңыз, оның үстіне 1 тамшы фенолфталеин тамызыңыз. Ертіндінің түсі жойылғанша тұз қышқылын қосыңыз.

Реакция теңдеуін жазыңыздар

Б) Қышқылдардың суда ерімейтін негіздермен реакциясы

Сынауыққа 1 мл мыстың (ІІ) сульфатының ерітіндісін құйып, оның үстіне мыстың (ІІ)гидроксидінің тұнбасы пайда болғанша сілтінің натрий гидроксидінің ерітіндісін тамызыңыз. Сонан соң оның үстіне тұнба ерігенше қышқыл тамызыңыз. Реакция теңдеулерін жазыңыздар

B) Карбонаттармен әрекеттесуі

Көлемі 1 мл натрий карбонаты немесе гидрокарбонаты ерітіндісін сынауыққа құйып, оның үстіне қышқыл қосыңыз. Реакция теңдеулерін жазыңызда

2-тәжірибе

А) 1 мл тұз қышқылының ерітіндісіне тұнба пайда болғанша күміс нитратының ерітіндісін қосыңыз. Реакция теңдеулерін жазыңыздар

Б) 1 мл күкірт қышқылының ерітіндісіне тұнба пайда болғанша барий хлоридінің ерітіндісін қосыңыз. Реакция теңдеуін жазыңыздар

Бекіту тапсырмалары

CHEMICAL PROPERTIES OF ACIDS

NEUTRALIZATION

An acid when reacts with a base, salt & water are produced. This reaction is called neutralization

Аталған реакция түріне 2 мысал келтіріңіз

REACTION WITH CARBONATE

Acid and carbonates are combined to produce salt, water and carbon dioxide

Аталған реакция түріне 2 мысал келтіріңіз

REACTION WIT METAL HYDROXIDE

With Zinc hydroxide

????????

With Aluminum hydroxide

????????

Reaction with iron hydroxide:

????????

REACTION WITH SALTS

With Zinc chloride:

????????

With Aluminum nitrate:

????????

Reaction with iron sulfide:

????????

Презентация

4 слайд

5-слайд

6-7-слайд

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/bei-organikalyq-ximiya/bei-organikalyq-qosylystardyng-mangyzdy-klastary/lesson/qyshqyldar-1 3-бет

Презентация

8-10-слайд, оқулық

Презентация

11-15слайдтар

Зертханалық жұмыс нұсқаулығы

Сынауық – 6 дана

Сынауыққа арналған штатив – 1 дана

Тамшуыр - 6 дана

Натрий гидроксидінің, тұз қышқылы, күкірт қышқылы, натрий карбонаты, мыстың (ІІ) сульфаты, күміс нитраты, барий хлориді 0,5М ерітінділері, көлемі - 10 мл, фенолфталеин

Презентация

16-17- слайд

Сабақтың соңы

38-40 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Оқушылар орындаған тапсырмасы бойынша өзара бағалау жүргізеді.

Үйге тапсырма:

4,5,6-тапсырмалар 9-сынып оқулық бойынша, 16 бет

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация – Оқушыларға қышқылдардың химиялық қасиеттерін зерттеу, зерделеу беріледі, зертханалық жұмыста оқу мотивациясы жоғары оқушы орта және төмен оқушыға қолдау көрсетеді.

Бағалау критерийлері бойынша өзара бағалау, мұғалімнің кері байланысы

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Қышқыл негіздермен жұмыс жасау кезіндегі ҚТЕ

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу