Оттек және озон. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«ОТТЕК ЖӘНЕ ОЗОН. ЖЕР БЕТІНДЕГІ ОЗОН ҚАБАТЫНЫҢ МАҢЫЗЫ»ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 2 тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2 D Сутек. Оттек және озон

Сабақтың басында оқушыларға қайталау сұрақтары беріледі.

1. Оттектің жалпы сипаттамасы?

2. Оттек неше валентті?

3. Оттекті қалай алады?

4. Өршіткі деген не?

5. Оттектің атмосферадағы мөлшері?

6. Жану реакциясы дегеніміз не?

7. Оксидтер деген не?

8. Тотығу деген не?

9. Оксидтер нешеге бөлінеді?

Жаңа сабақты меңгертуге арналған ақпарат үлгісі.

Озонның құрамы: Оттек молекуласы 2 атомнан тұрса, кәдімгі жағдайда үш атомнан құралған газ тектес затты озон дейді.

1785 ж. Голланд оқымыстылары жаңа газда анықтап,оның атын ОЗОН деп атаған. Оның оттек атомынан тұратын жай зат екені анықталған.

Құрылысы: Озон формуласы: О , молекуласы 3 атомнан тұратын оттектің түрөзггерісі екені мәлім болды.

Қасиеттері: Озон – көкшілдеу түсті,өзіне тән ерекше иісі бар (грекше «ОЗО» -иісті газ.) Суда аз ериді ,қайнау -112 ºС, балқу темпер. -193 ºС. О2   газынан 1,5 есе ауыр. Күшті тотықтырғыш, бояғыш заттарды түссіздендіретін қасиеті бар.

 Озон ауыз су мен ағын судағы, бөлме ауасындағы бактерияларды жояды.

Озон электр зарядының әсерінен табиғатта найзағай ойнағанда пайда болады. Сонымен бірге, электр машиналары, кварц лампалары жұмыс жасап тұрғанда сезіледі.

Бір химиялық элементтің бірнеше жай зат түрінде болуы аллотропия деп аталады.

Озонды ауамен көп тыныс алуға болмайды. Жаңбырдан соң ауада озон болғандықтан,ауаны тазартып,таза оттекпен демала аламыз.

 Озон шамамен 25 км.биіктікте жер бетіндегі ауа атмосферасын түгелдей қоршап ,2-3 мм.қабатша түрінде болады.

 Атмосферадағы озон қабатының қызметі, ол Күннен келетін ультракүлгін сәулені жұтып,оның күйдіргіш әсерін азайтады.Соның арқасында озон қабаты Жердегі тіршілікті сақтайды.

 Лабораторияда озонды озонатор дейтін құралмен алуға болады.

Озонатордың құрылысы. Озонатор сыртынан металл сыммен оралған шыны түтіктен тұрады. Түтіктің ортасынан екінші сым өтеді. Жоғары кернеулі ток алу үшін түтік арқылы аздап оттек газын жіберіп, сымдардың ұшын индукциялық катушкалардың полюстеріне жалғайды. Түтік ішінде газ арқылы электр зарядтары өткенде, оттек газы озонға айналады.

Оттек – газы тыныс алуға ,организмнің тіршілік етуіне жағдай жасайды.

Озон –газы өсімдікті ,тірі организмді ультракүлгін сіуленің күйдіруінен сақтайды.

Жаңа сабақты бекітуге арналған сұрақтар

  • Аллотропия дегеніміз не?
  • Аллотропиялық түр өзгерісі дегеніміз не?
  • Озонатордың құрылысы
  • Озонның массасы нешеге тең?
  • О2→О3→О2 айналымды жүзеге асыр
  • 0,5 моль озонның массасын есептеңдер.
  • 2 моль оттектің массасын есептеңдер.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру