Металдардың тұз ерітінділерімен реакциясы. № 3 Демонстрация «Тұз ерітінділерінен металды ығыстырып шығару». Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«МЕТАЛДАРДЫҢ ҚЫШҚЫЛДАРМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 1-тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1С Металдардың белсенділігін салыстыру

 Бұл тараудың барлық тақырыптары оқушылардың әртүрлі реакцияларды жүзеге асырып, зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар әртүрлі металдардың тұздардың ерітінділерімен реакцияларын зерттейді, реакция нәтижелері негізінде өздері металдардың белсенділік қатарын құрады. Мұғалім белсенділік қатарын бұл сабақта да бермегені абзал, себебі келесі сабақта да осыған ұқсас тәжірибелерді тұздардың ерітінділерімен жүргізіледі. Тараудың қортынды сабағында оқушылар жалпы белсенділік қатарын қорытып шығарады. Осы тәжірибелерді орындау арқылы практикадан теорияға принципі жүзеге асырылады.

 Белсенді металдар белсенділігі төмен металдардарды тұздарының құрамынан ығыстырып шығаратынын көрсететін реакцияларды оқушылардың өздеріне де жасатуға болады. Мысалы, мыс (ІІ) сульфаты CuSO4 ерітіндісімен тәжірибе жүргізуге болады. Ерітіндісі бар колбаға мырыш түйіршіктері салынады. Ал екінші колбаға темір шеге салынады. Бірнеше уақыт өткен соң не байқалатынын оқушылар байқайды. Ерітіндінің түсі өзгеріп, түйіршік пен шегенің беті мыспен қапталатындығын көріп, тиісті реакция теңдеулерін жазады.

 CuSO4 + Zn = ZnSO4 + Cu

 CuSO4 + Fe = FeSO4 + Cu

 Сабақ барыында оқушылардың жұмысты дұрыс орындауына және қорытындыны дұрыс тұжырыымдауына көңіл аударғандығыңыз абзал. Себебі көптеген оқушылар қорытындының орнына жасалған жұмыстың барысын қайта жазып беруі мүмкін. Сол үшін оқушыларға қорытындыны тұжырымдауға көмектесетін арнайы жоғары деңгейдегі сұрақтарды қоюға болады.

 Бұл деңгейде иондық түрдегі теңдеулерді жаздырудың қажеттілігі жоқ, себебі иондық реакциялар 9-сыныпта қарастырылады. Сонымен қатар, бұл деңгейде электродтық потенциял ұғымын айтудың қажеттіліг жоқ, бұл ұғым жоғары сыныпта қарастыратын болды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру