Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адамдар өміріндегі химиялық реакциялар. Химия, 8 сынып, дидактикалық материал.
«Біздің айналамыздағы химиялық реакциялар» тақырыбы бойынша қызықты тәжірибелер
Негізгі мақсат - оқушылардың білімін кеңейту және тереңдету, танымдық мүдделерін дамыту.
Біз тек адамдармен , жануарлар мен өсімдіктер әлемінде ғана емес, заттар әлемінде де өмір сүреміз. Заттар біздің маңайымызда. Заттар бізде. Біздің өзіміз заттардан тұрамыз. Мына қызықты тәжірибелерді орындай отырып, қарапайым заттарды қарайық.
Отсыз түтін. Тазалап жуылған цилиндрге концентрацияланған тұз қышқылының, екіншісіне аммиак ерітіндісінің бірнеше тамшысын құямыз. Екі цилиндрді қақапақпен жабамыз, бір-бірінен бірнеше қашықтыққа қоямыз. Тәжірибе алдында цилиндрлердің бос екендігін көрсетеді. Көрсету кезінде тұзды қышқылы бар цилиндрді төңкеріп, қақпағына аммиак бар цилиндрді қояды.
Қақпақты алады: аммоний хлоридінің ұсақ бөлшектері түріндегі ақ түтін түзеді. Ол тұзды қышқыл аммиакпен өзара әрекеттескенде түзіледі.
NH3 + HCl =NH4Cl
Сұйықтықтың сірнемеге (қоймалжынға) айналуы. Химиялық стақанға 100 г натрий силикатын құяды және 5мл 24% тұз қышқылының ерітіндісін қосады.
Осы ерітіндінің қоспасын шыны таяқшамен араластырамыз және таяқшаны ерітіндіге тік қояды. 1-2 минуттан соң таяқша ерітіндіде құламайды, өйткені сұйықтық стақаннан төгілмейтіндей қоюланды.
Қанттан жасалған көмір. 30 г қант ұнтағын өлшеп, оны химиялық стақанға салады. Қант ұнтағына 12 мл концентрацияланған күкірт қышқылын қосады. Шыны таяқшамен қант пен қышқылды араластырып, ботқа тәрізді массаға айналдырады. Біраз уақыттан соң қоспа қараяды және қыздырылады, одан соң стақаннан кеуекті көмір массасы аға бастайды.
«Жасыл от». Этил спиртті бор қышқылы күрделі эфир түзеді:
HBO + 3C2H5OH = B(OC2H5)3 + 3H2O
Фарфор чашкаға 1г бор қышқылын салады, 10мл спирт пен 1мл күкірт қышқылын қосады. Қоспаны шыны таяқшамен араластырады және жағады. Эфир буы жасыл болып жанады.
«Сүт» алудың әртүрлі тәсілдері. Тәжірибе үшін ерітінді дайындайды:
Барий хлориді және натрий сульфаты; кальций хлориді және натрий карбонаты.
Осы ертінділерді жеке стақандарға құяды. Олардың әрқайсысында ақ түсті ерімейтін тұз - "сүт" түзіледі:
Na2SO4 + BaCl2 = BaSO4 + 2 NaCl
Na2CO3 + CaC = CaCO3 + 2NaCl
«Сүттің суға» айналуы. Кальций хлориді мен натрий карбонатының ерітінділерін қосып, алынған ақ тұнбаға көп тұз қышқылын қосады. Сұйықтық қайнайды жән түссіз, мөлдір болады.
CaCl2 + Na2CO3 = CaCO3 + 2NaCl
CaCO3 + 2HCl = CaCl2 + H2O + CO2
"Судың шарапқа"айналуы. Тәжірибені көрсету кезінде сілті ерітіндісін NaOH түбінде фенолфталеиннің спирт ерітіндісінің бірнеше тамшысы бар стақанға құяды. Қоспа шарапқа ұқсас қызыл түске боялады.
Шағын жанартаудың атылуы. Тәжірибені көрсетер алдында асбест торға 2 шай қасық аммоний бихроматын саламыз. Тәжірибені көрсетер алдында спиртовка жалынына шыны таяқшаны қыздырып, оны ең ортасына қоямыз. Реакция басталғаннан кейін таяқшаны аламыз. Сыртынан шағын жанартаудың жануын еске түсіретін жасыл ұнтақтың жануы болады. Егер бихроматқа металл магнийдің кішкене ұнтағын салса, реакцияның әсерін күшейтуге болады. Бұл жерде «лавадан» басқа «қызған тастар» ұшатын болады.Аммоний бихроматын аз қыздырғанда өз бетінше хромның жасыл тотығына Cr2O3, газ тәрізді азот пен суға бөлінеді. Экзотермиялық реакциясы.
(NH4)2Cr2O7 = Cr2O3 + 4H2O + N2; 2Mg + O2= 2MgO
Оқушылар тәжірибелерді жасар алдында дәптерлеріне жұмыс істейтін заттардың қасиеттері туралы теориялық деректерді жазып алады.
Тәжірибелерді жасар алдында қауіпсіздік техникасын сақтау керек. Сабырлы және сенімді манипуляция - тәжірибенің табысты өту кепілі.
Әдебиет:
- Урок окончен – занятия продолжаются. Под ред. Злотникова. М. Наука 2010
- «Обыкновенное вещество». В.В.Станцо. М. 2011
- «Чудеса без чудес». В.В.Борисов., М. Прогресс 2012
Қалыптастырушы бағалау
Оқушының аты-жөні сынып 8 күні | |||
Тарау/Тақырып 8.1В Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адамдар өміріндегі химиялық реакциялар. Орындау уақыты: 8 мин. | |||
Оқу мақсаты 8.2.2.2 - табиғаттағы және тірі ағзалар мен адамдар өміріндегі химиялық реакцияларды сипаттайды | |||
Ойлау қабілеттерінің деңгейі: Білу және түсіну,қолдану | |||
Бағалау критерийі: Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:
| |||
Тапсырма Оқ-дәрінің құрамына фосфор, күкірт және көміртегі кіреді (С4S6P3)
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
| |||
Бағалау критерийі |
| ||
табиғаттағы және тірі ағзалар мен адамдар өміріндегі химиялық реакцияларды сипаттау |
| ||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру