Химиялық элементтерді жіктеу. Химия, 7 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1.

ХЭ жіктеу талпынастары туралы тарихи мәліметтер

19 ғ. Ортасында 63 химиялық элементтер ашылды және осы элементтерді белгілі заңдылық бойынша жіктеуге көптеген ғалымдар тырысты.

1829 жылы Дёберейнер «триадалар заңын» шығарды. Көптеген элементтердің атомдық массасы осы элементке химиялық қасиеттері бойынша ұқсас элементтердің атомдық массаларының арифметикалық ортасына тең. (стронций, кальций жәнебарий; хлор, бром және иод және т.б.).

Дёберейнер триадалары

Li

Ca

Cl

Na

Sr

Br

K

Ba

I

Топ

Элемент және оның атомдық массасы

Атомдық массасының арифметикалық ортасы

А

Литий - 7

Натрий -23

Калий-39

(7+39)/2=23

В

Кальций-40

Стронций-87,5

Барий-137

(40+137)/2=88.5

С

Хлор-35

Бром-80

Йод-127

(35+127)/2=81

Александр Эмиль Шанкуртуа. Александр Эмиль Шанкуртуа (1862) алғаш болып химиялық элементтерді атомдық массаларының өсу реті бойынша орналастыруға талпынды. Ол элементтерді спираль түрінде орналастырып вертикаль бойынша бір топта орналасқан химиялық элементтердің қасиеттері қайталанатынын байқаған.

Екі модель де ғалымдар арасында қызуғышылық туғызбады.

1866 жылы предложил химик және музыкант Джон Александр Ньюлендс химиялық элементтерді топтастырудың өз нұсқасын ұсынды. Ол элементтерді «октавалар заңы» деп аталатын кесте түрінде орналастырды. Бұл кестеге 62 элемент кірді. Элементтер амтодық массаларының өсу реті бойынша орналасты

Осы онжылдықта химиялық элементтерді жүйелі түрде орналастырудың көптеген талпыныстары байқалды. Қазіргі ХЭПЖ ұқсас нұсқаны Юлиус Лотар Мейер (1864) ұсынды: Ол сол кезде белгілі болған 63 элементтің 44 химиялық элементті кестеге ұйымдастырды.

1869 ж. Д.И.Менделеев ХЭПЖ-нің алғашқы нұсқасын ұсынды. Карточкалардың артына химиялық элементердің негізгі қасиеттерін жазды(сол кезде 63 химиялық элемент белгілі болды), Менделеев осы карточкалардың орнын бірнеше қайтара ауыстырып отырып, қасиеттері бойынша ұқсас элементтер қатарын құрастырды.

Қосымша 2

Химиялық элементтің сипаттамасы (топтық жұмыс үшін)

Na (натрий, sodium) белсенділігі жоғары күміс ақ түсті металл. Салыстырмалы атомдық массасы 23

Қосымша № 3

Қалыптастырушы бағалау (орындау уақыты 10 минут)

Аты-жөні_________________Сынып_________________________күні___________

Бөлім 7.4 В Периодтық жүйеге кіріспе

Дағдылар:

Бағалау критерийлері

ОМ:

7.2.1.1 Доберейнер, Ньюлендс, Менделеевтің еңбектерін мысалға ала отырып элементтердің жіктелуімен танысу және салыстыру

-химиялық элементтерді жіктеудің әртүрлі принциптерін білу және түсіну

- Доберейнердің «триадалар заңын» түсінеді

- Ньюлендстің «октавалар заңын» түсінеді

- Химиялық элементтерді жіктеудің артықшылықтарын атайды

- Жаңа химиялық элементтердің ашылу мүмкіндігін болжаса

Тапсырма 1

Өздеріңді Доберейнер орнында елестетіп осы триаданың келесі элементінің атомдық массасын табыңдар:

Ca (40)

Sr (88)

Ba (137)

?

Жауаптарыңды сәйкес жауаппен дәлелдеңдер:

Тапсырма 2

Ньюлендс принципіне негізделе отырып натрийден бастап 8 элементті атаңдар:

Тапсырма 3

Не себепті Менделеев кестесінің алғашқы нұсқасында көп бос торкөздер болды? Бұл нені білдірді?

_________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру