Химиялық реакция типтері. Химия, 8 сынып, қосымша материал 1.
ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯ ТЕҢДЕУЛЕРІН ҚҰРУ. ЗАТТАР МАССАСЫНЫҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫ» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып: 8, 1-тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакциялардың теңдеулері
Бұл сабақта негізгі мақсаты оқушылардың реакция типтерін анықтай алуы болып табылады. Осы мақсатқа жетумен қатар оқушылар реакция теңдеулерін жазу, оларды теңестіру дағдыларын дамыту әрі қарай жалғастырылады. Ол үшін әртүрлі типтегі тапсырмаларды беру ұсынылады, мысалы, реакция теңдеулерін жазу, теңестіру және типін анықтау, реакцияларды типтерімен сәйкес келтіру, мысалдар келтіру т.с.с. Сонымен қатар мүмкін болатын тәжірибелік тапсырмаларды да ұсынуға болады.
Мысалы, темір шегені (Fe) мыс (II) сульфатының (CuSO4) ерітіндісіне салыңдар. 2 минуттан соң шегені ерітіндіден шығарыңдар. Не байқадыңдар? Тағы да қандай зат түзілді? Реакция теңдеуін жазыңдар. Реакция типін анықтаңдар. Реакцияның жүргенін қандай белгілері бойынша байқауға болады?
Тапсырма үлгісі
Берілген реакци теңдеулеріне қарап реакция типінің анықтамасын жаз және реакция теңдеулерін теңестір.
1) ______________________ реакциясы - бұл ______________________________________
_____________________________________________________________________________
2H2 + O2 → H2O; P + O2 -> P2O5;
Na2O + SO3 → Na2SO4; CaO + H2O → Ca(OH)2
2) ______________________ реакциясы - бұл ______________________________________
_____________________________________________________________________________
Cu(OH)2 → CuO + H2 O HgO → Hg + O2
CaCO3 → CaO + CO2 NO → N2 + O2
3) ______________________ реакциясы - бұл ______________________________________
_____________________________________________________________________________ CuCl2 + Fe → Cu + FeCl2
Cr2O3 + Al → Cr + Al2O3
Zn + 2HCl → ZnCl2 + H2
4) ______________________ реакциясы - бұл ______________________________________
_____________________________________________________________________________CuO + HCl → CuCl2 + H2О
BaCl2 + K2 SO4 → BaSO4 + 2KCl
Химия→ Жалпы химия →Бастапқы химиялық түсініктержЖаЖ
https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/bastapky-himiyalyk-tusinikter/lesson/ximiyalyq-reakcziya-tengdeulerin-tengestiru
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру