Химиялық реакция типтері. Химия, 8 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция типтері
Оқу мақсаты
8.2.2.1 –химиялық реакцияларды әрекеттесуші және түзілген заттардың саны мен құрамы арқылы жіктеу
Бағалау критерийі
Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:
химиялық реакцияларды әрекеттесуші және түзілген заттардың саны мен құрамы арқылы жіктейді
қосылу реакциясын біледі және теңдеуін жазады
айырылу реакциясын біледі және теңдеуін жазады
орын басу реакциясын біледі және теңдеуін жазады
алмасу реакциясын біледі және теңдеуін жазады
химиялық реакцияның барысын болжайды
Химиялық реакцияның типтері
Айырылу реакциясы
Қосылу реакциясы
Орынбасу реакциясы
Алмасу реакциясы
Қосылу реакциясы
Қосылу реакциясы – екі немесе бірнеше жай заттан бір күрделі заттың түзілуі.
Қосылу реакциялары:
Fe+S=FeS
2Cu + O2=2CuO
Айырылу реакциясы
Айырылу реакциясы -қүрделі заттың бірнеше күрделі немесе жай заттарға ыдырауы.
Айырылу реакциясы:
2KMnO4→ K2 MnO4 + MnO2 + O2↑
CaCO3 → CaO + CO2↑
Орынбасу реакциясы
Орынбасу реакциясы – жай зат пен күрделі зат арасында,атомдарының орнын ауыстыруы арқылы жүретін реакция. Орынбасу реакциялары:
Zn+ 2HCl = ZnCl2 + H2↑
Mg + H2SO4 = MgSO4 + H2
Алмасу реакциясы
Алмасу реакциясы – екі күрделі заттың арасында жүретін, атомдарының алмасуы арқылы жүретін реакция.
Алмасу реакциялары:
CaO + 2HCl= CaCl2 + H2O
BaCl2 + H2SO4= BaSO4 + 2HCl
Тәжірибелерді орындау
1.Темір мен күкірттің қосылуы .
2.Калий перманганатының айырылуы.
3.Мырыш пен тұз қышқылының әрекеттесуі.
4.Барий хлориді мен натрий сульфатының реакциясы.
Тапсырмаларды орындау
Мыстың қосылу және айырылу реакцияларына мысалдар келтіріңдер.
Реакция теңдеулерін теңестіріп, типін анықтаңдар. Al + Cl2 → AlCl3
NaHCO3 →Na2CO3 + CO2↑+ H2O
Na2O + P2O5 → Na3PO4
3. Оттектің натриймен, магниймен, мырышпен, күміспен, алюминиймен реакция теңдеулерін құрыңдар және теңестіріңдер.
4. Теңдеулерді теңестіріп, типін анықтаңыздар.
Mg + O2 → MgO
Fe(OH)3 → Fe2O3 + H2O
Zn + HCl → ZnCl2 + H2↑
HgO → Hg + O2
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру