Химиялық реакция типтері. Химия, 8 сынып, дидактикалық материал.
Химиялық реакциялардың түрлері
Қосылу реакцияларында бірнеше бастапқы заттардан бір күрделі зат түзіледі
2Mg + O2 = 2MgO
2Cu + O2 + H2O + CO2 = Cu2CO5H2
Ыдырау реакциясы бір бастапқы күрделі заттың бірнеше өнімге ыдырауына әкеп соғады.
CaCO3 = CaO + CO2
Cu2CO5H2 = 2CuO + H2O + CO2
Орынбасу реакциясы – бұл екі жаңа заттың - қарапайым мен күрделінің түзілуімен өтетін қарапайым және күрделі заттар арасындағы реакциялар.
CuSO4 + Fe = FeSO4 + Cu
Алмасу реакциялары деп атомдармен немесе атомдар топтарымен алмасатын екі күрделі зат арасындағы өзара әрекетті атайды.
FeS + 2HCl = FeCl2 + H2S
Көптеген химиялық реакцияларды аталған төрт түрдің біреуіне жатқызуға болмайды. Оған метанның жану реакциясы мысал бола алады:
CH4 + 2O2 = CO2 + 2H2O
Бастапқы заттар | Бір күрделі зат |
Екі күрделі зат | |
Екі зат: қарапайым және күрделі | |
Екі немесе одан астам қарапайым немесе күрделі заттар | |
Реакция өнімдері | Бір күрделі зат |
Екі күрделі зат | |
Екі жаңа зат: қарапайым және күрделі | |
Екі немесе одан астам қарапайым немесе күрделі заттар | |
Реакциялардың схемасы | |
А + В = С | |
С = А + В | |
А + ВС = АС + В | |
АВ + СД = АД + СВ |
- Бір күні Петя мектептен көмірқышқыл газ молекуласының үлгісін әкелді. Петя теріс қараған сәтте мысық Филимон үлгіні үстелден итеріп жіберіп, ол бөлініп қалды. Көмірқышқыл газы молекуласының үлгісі неге бөлінді?
СО2 = С + О2↑
Бір жаман бала сөндірілмеген әктің бір кесегін сұрамай алып (СаО), оны қойнына жасырды. Қуғыншылардан қашып келе жатқанда әк суға түсіп қалды. Әк қызып, оны қатты күйік шалды. Мораль: ештеңені сұрамай алуға болмайды!
СаО + Н2О = Са(ОН)2
Егер мөлшері бұршақтай бордың бір кесегін пробиркаға салып, оған сірке қышқылынан бірнеше тамшы тамызса, реакция болады:
СаСО3 + 2СН3СООН =(СН3СОО)2Са + Н2О + СО2↑
Бұрынғы замандарда ашылған сутегін алу тәсілі зертханаларда осы уақытқа дейін қолданылады. Ол үшін Кипп аппаратына мырыштан құйылған таяқшаларды салады және 20 – пайыздық күкірт қышқылын құяды:
Zn + H2SO4 =ZnSO4 + H2↑
Таза азот қышқылын селитраға тотияын майын құйып, алғаш рет неміс химигі Иоганн Рудольф Глаубер алған (концентрацияланған күкірт қышқылы).
KNO3 + H2SO4 (конц.) = KHSO4 + HNO3↑
Джозеф Пристли сынап тотығын қыздырып, оттегін бөлген (оны ол «дефлогистирленген ауа» деп атаған):
2HgO = 2Hg + O2↑
Ол үшін сынап толтырылған кристаллизаторға ол сынап тотығы бар шыны цилиндрді төңкерген. Ғалым үлкен линзаның көмегімен күн сәулелері циилиндрдің жоғарғы бөлігіне Фокустай отырып, түзілген сынап кристализаторға аққанын, ал цилиндрге түссіз газ толғанын бақылаған. Кейінірек Пристли сынап тотығының орнына сурик қолдануға болатындығын анықтаған:
2Pb3O4 = 6PbO + O2↑
Ауада ұзақ уақыт болғаннан мыстың сыртын малахит қабықшасы жабады, реакциясы бойынша мынаны түзеді 2Cu + O2 + H2O + CO2 = (CuOH)2CO3. Осы заттың арқасында қола ескерткіштер, Батыс Еуропадағы ескі шатырлар жасалған.
№26 пәтердің тұрғыны №29 пәтердің тұрғынына хлоридтен шығуына көмектеспек болып, өзі соған түсіп кетті (№ 29 элементтің хлордың екі атомымен байланысы). Неге?
Реакцияның теңдеуін жазыңыз, реакция түрін анықтаңыз, коэффициенттер қойыңыз.
Цюрихте профессор Вельттің дәрісінің алдында студенттерінің бірі қойылған банкіден калийдің бір кесегін алып, қол орамалға мұқият орап, қалтасына салды. Дәріс барысында калий дымқыл ауамен реакцияға түсе бастады. Студент орындықта отыра алмай мазасы кетті, бір сәтте орындыққа атып шығып, жанып жатқан қалтасынан калийді алып шықты.
- Не болды? – деп шошып кетті профессор.
- Менің қалтамда шүберекке оралған калий болған деп дірілдеп жауап берді ұрлықшы.
Бәрі ду күлді! Студент тек күлкіге ғана қалған жоқ, күйіктен де зардап шекті. Қалтаның қалған бөлігі ескерту ретінде кафедраның химиялық коллекциясына қойылып, «Ұрланған калийдің студент шалбарының қалтасындағы әрекеті» деген жазумен банкіде сақталды.
Кейсті тексеру:
Химиялық реакциялардың түрлері | ||||||||
қосылыстар | ||||||||
анықтама | Қосылу реакцияларында - бірнеше бастапқы заттардан бір күрделі зат түзіледі. | |||||||
бастапқы заттар | Екі немесе одан көп қарапайым немесе күрделі заттар | |||||||
реакция өнімдері | Бір күрделі зат | |||||||
реакция схемасы | А + В = С | |||||||
Химиялық реакциялардың түрлері | ||||||||
ыдырау | ||||||||
анықтама | Ыдырау реакциялары – бір бастапқы күрделі заттың бірнеше өнімге ыдырауына әкеп соғады. | |||||||
бастапқы заттар | Бір күрделі зат | |||||||
реакция өнімдері | Екі немесе одан көп қарапайым немесе күрделі заттар | |||||||
реакция схемасы | С = А + В | |||||||
Химиялық реакциялардың түрлері | ||||||||
орын басу | ||||||||
анықтама | Орынбасу реакциялары – бұл екі жаңа заттың - қарапайым мен күрделінің түзілуімен өтетін қарапайым мен күрделі заттар арасындағы реакциялар. | |||||||
бастапқы заттар | Екі зат: қарапайым және күрделі | |||||||
реакция өнімдері | Екі жаңа зат: қарапайым және күрделі | |||||||
реакция схемасы | А + ВС = АС + В | |||||||
Химиялық реакциялардың түрлері | ||||||||
алмасу | ||||||||
анықтама | Алмасу реакциялары деп атомдармен немесе атомдар топтарымен алмасатын екі күрделі зат арасындағы өзара әрекетті атайды. | |||||||
бастапқы заттар | Екі күрделі зат | |||||||
реакция өнімдері | Екі жаңа күрделі зат | |||||||
реакция схемасы | АВ + СД = АД + СВ | |||||||
Химиялық реакциялардың түрлері | ||||||||
қосылыстар | ыдырау | орын басу | алмасу | |||||
анықтама | Қосылу реакцияларында бірнеше бастапқы заттардан бір күрделі зат түзіледі | Ыдырау реакциялары бір бастапқы күрделі заттың бірнеше өнімге ыдырауына әкеп соғады. | Орын басу реакциялары – бұл екі жаңа заттың - қарапайым мен күрделінің түзілуімен өтетін қарапайым мен күрделі заттар арасындағы реакциялар | Алмасу реакциялары деп атомдармен немесе атомдар топтарымен алмасатын екі күрделі зат арасындағы өзара әрекетті атайды. | ||||
бастапқы заттар | Екі немесе одан көп қарапайым немесе күрделі заттар | Бір күрделі зат | Екі зат: қарапайым және күрделі | Екі күрделі зат | ||||
реакция өнімдері | Бір күрделі зат | Екі немесе одан көп қарапайым немесе күрделі заттар | Екі жаңа зат: қарапайым және күрделі | Екі жаңа күрделі зат | ||||
реакция схемасы | А + В = С | С = А + В | А + ВС = АС + В | АВ + СД = АД + СВ |
Қорытындысын шығару:
Химияны тағдырлары ерекше адамдар жасаған – басында алхимиктер, одан соң дәрігерлер, дәріханашылар, соңында химиктер. Олар өздерінің мақсат-міндеттеріне сенген, бұрын танып білмегенді ашуға, жаңа заттар мен материалдарды алуда денсаулығын, кейде өмірін де қиған.
Осындай бір реакция туралы толығырақ айтсақ:
1843 жылы Рудольф Беттгер қызғылт сары - қызыл кристалл зат - аммоний дихроматын алды. Ол бұл затты соққыдан жарылып, жанып жатқан оттан тұтану қабілетін сынамақ болды. Шойын плитада балғаммен ұрғаннан аммоний дихроматының кристалдары ұнтаққа айналды. Одан соң тәрелкеге кристалдарды үйіп, Беттгер оған жанып жатқан отты тақады. Кристалдар жанбады, бірақ жанып жатқан оттың ұшында бірдеңе қайнай бастады, қызған бөлшектер ұша бастады.
Кейінірек аммоний дихроматы жанған оттан немесе сіріңкеден ғана емес, қыздырылған шыны таяшықтан да өздігінен ыдырайтындығы анықталды.
Беттгер вулканы
(NH4)2Cr2O7 = Сr2O3 + N2↑ + 4H2O
Криминалистика – заң ғылымы, ол тергеудің қарапайым химиялық әдістерінен бастау алады, қышқылды жауын әктас пен мәрмәрдан жасалған ескерткіштерге (ғимаратттар мен скульптураларға) терііс әсер етеді; химиялық эволюция теориясы – өмірдің пайда болуының қазіргі заманғы теориясы – оның негізі Жерде тірі жандардың кенеттен пайда болуы емес, тірі материяны құрайтын химиялық қосылыстар мен жүйелердің түзілуі.
Химиялық реакциялар әлемі үлкен, алуан және қызықты Олардың бірі тез, тиімді, жұлдыз тәрізді жарқ ете қалады. Басқалары баяу, белгісіз болады. Сіздер осы керемет әлемге аяқ басып, оны тани бастаудасыз. Осы білімдеріңіз табиғатта болатын көптеген химиялық ракцияларды түсінуге көмектеседі. Тек көріп, таңырқай біліңіз.
Қолданылатын әдебиет:
1. Кузьменко Н.Е. Еремин В.В. Химия. 2400 задач для школьников и поступающих в вузы. М. Дрофа, 1999
2. Андреева А.Е. Разработка урока по теме Реакции обмена
3. Колесникова В.Я. Разработка урока по теме Химические свойства кислот
4. Жихарева Ю.С. Разработка урока по теме Реакции замещения
Қалыптастырушы бағалау
Оқушының аты-жөні сынып 8 күні | ||
Бөлім/Тақырып 8.1В Химиялық реакция типтері | ||
Оқу мақсаты 8.2.2.1 –химиялық реакцияларды әрекеттесуші және түзілген заттардың саны мен құрамы арқылы жіктеу | ||
Ойлау қабілеттерінің деңгейі: Білу және түсіну, қолдану | ||
Бағалау критерийі: Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:
| ||
Тапсырма
c) СаСО3 →
е) СаО + Н3РО4 → | ||
Бағалау критерийі |
| |
- химиялық реакцияларды әрекеттесуші және түзілген заттардың саны мен құрамы арқылы жіктейді |
|
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру