Химиялық элементтерді жіктеу. Химия, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 7.4 В Периодтық жүйеге кіріспе

Мектеп: ХББ НЗМ Қарағанды қ.

Күн:

Мұғалімнің аты-жөні: Бекбосынов М.Ш.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтерді жіктеу

Берілген сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.2.1.1 Доберейнер, Ньюлендс, Менделеевтің еңбектерін мысалға ала отырып элементтердің жіктелуімен танысу және салыстыру

 Оқу мақсаты

7.2.1.1 Доберейнер, Ньюлендс, Менделеевтің еңбектерін мысалға ала отырып элементтердің жіктелуімен танысу және салыстыру

 Сабақ мақсаты

 (жаңа білімді игеру)

Барлық оқушылар білу керек:

- көптеген ғалымдардың элементтерді жіктеу әрекетін түсіну

Оқушылардың көбісі білу керек:

-элементтерді жіктеу принципін ауызша және жазбаша түсіндіру, сұрақтар қою

Кейбір оқушылар білу керек:

- химиялық элементтердің қасиеттерін оқу барысында элементтерді жіктеудің артықшылығын түсіну

 Бағалау критериі

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

- Доберейнердің «триадалар заңын» түсінсе

- Доберейнердің принципіне сүйене отырып химиялық элементтердің жіктелуіне мысал келтірсе

- Ньюлендстің «октавалар заңын» түсінсе

- Ньюлендстің принципіне сүйене отырып химиялық элементтердің жіктелуіне мысал келтірсе

- Менделеевтің принципіне сүйене отырып химиялық элементтердің жіктелуіне мысал келтірсе

- Химиялық элементтерді жіктеудің артықшылықтарын атаса

- Жаңа химиялық элементтердің ашылу мүмкіндігін болжаса ( химиялық элементтерді жіктеу кестесін оны жіктеу принципіне сәйкес келетін болжамды химиялық элементтермен толықтыру мүмкіндігі)

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар элементтерді жіктеу принциптерін ауызша немесе жазбаша түсіндіріп, сұрақ қоя алады.

Пәнге қатысты лексика және терминология: блок, тенденция, қасиеттер, топ, периодтық кесте, ядролық белгі, протон, атомдық нөмір, элемент, радиоактивті, қатты заттар, сұйықтар, газдар (бей-) металдар

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Периодтық кесте элементтер тобына бөлінген

Бір топтағы элементтер бірдей қасиеттерге ие

X У сияқты бір топқа жатады, себебі олардың екеуі де Z тең

Неге (элемент) осы топқа жатады?

Құндылықтарды қалыптастыру

 

Өмір бойы білім алу, жауапкершілік.

Құндылықтарды қалыптастыру топтық жұмыс кезінде қалыптастырылады.

 Пәнаралық байланыс

Математика – химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массаларын есептеу кезінде;

Физика – атом құрылысын зерттеу арқылы

 АКТ қолдану дағдылары

Презентациямен жұмыс.

Периодтық жүйеге негізделген PowerPoint презентациясы http://www.webelements.com/

Алдыңғы білім

Атом құрылысы – атомдық (протондық) нөмір мен массалық (нуклондық) сан (7.4 А)

Оқушылардың алдыңғы білімін химиялық элементтердің орташа атомдық массаларын есептеу кезінде жандандыруға болады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру сәті (2мин)

Жұптық жұмыс

(5 мин)

Топтық жұмыс

(15 мин)

Сабақ тақырыбы мен мақсаттарын айқындау.

  • Оқушылардың назарын шоғырландыру
  • Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын айқындау

Оқушылардың «жаңын арада даму аймағын» , сабақ аяғында күтілетін нәтижені анықтау. Ол үшін оқушылар Доберейнер және басқа ғалымдардың жұмыстарымен танысады (АКТ құралдары). Химиялық элементтерді жіктеудің негізгі принциптерін анықтап, бір-бірімен талқылайды.

Мұғалім «көрінбейтін қол» принципі бойынша сыныпты 3 топқа бөледі.

Оқушылар Доберейнер, Ньюлендс пен Менделеев арасында олардың әрқайсысы ұсынған элементтерді жіктеу әдістерінің артықшылықтары туралы рольдік диалогтар көрсетеді. Оқушылар міндетті түрде өз ойларын дәлелдеп отыру керек.

Периодтық кестеге негізделген пайдалы PowerPoint:

http://www.webelements.com/

Ноутбуктер

Қосымша 1 (таратпа материалдар)

ХЭ салынған 12 карточка

Сабақ ортасы

Қалыптастырушы бағалау

(8-10 мин)

Химиялық элементтерді жіктеу кезінде қандай әдістерді қолдану керек?

3-4 оқушыдан тұратын топтарға карточкалар таратылады. Карточкаларда химиялық элементтің атауы және олар туралы ақпарат (химиялық символ, негізгі қасиеттері ашылу уақыты) жазылған. Оқушыларды осы элементтерді блгілі принциптерге сәйкес жіктеуге ұсыну.

Қалыптастырушы бағалау

Қосымша 2

ХЭ мысалы

Қосымша 3

Қалыптастырушы бағалау

Сабақтың аяғы

4-6 мин

 

 

 

 

Үй жұмысы

2-3 мин

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды:

  • Мен сабақта нені білдім, нені үйрендім?
  • Не түсініксіз қалды?
  • Нені қайталау керек?

Мүмкін болған жағдайда оқуышлар өз жұмыстарын немесе сыныптастарының жұмыстарын белгілі критериялар бойынша бағалай алады.

Атомдық массасы 1000 болатын элементтің болуы мүмкін бе?

Қазіргі таңда қанша химиялық элемент белгілі?

Осы ғасырда қанша ХЭ зерттеледі?

Тақтаға арналған стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1.

ХЭ жіктеу талпынастары туралы тарихи мәліметтер

19 ғ. Ортасында 63 химиялық элементтер ашылды және осы элементтерді белгілі заңдылық бойынша жіктеуге көптеген ғалымдар тырысты.

1829 жылы Дёберейнер «триадалар заңын» шығарды. Көптеген элементтердің атомдық массасы осы элементке химиялық қасиеттері бойынша ұқсас элементтердің атомдық массаларының арифметикалық ортасына тең. (стронций, кальций жәнебарий; хлор, бром және иод және т.б.).

Дёберейнер триадалары

Li

Ca

Cl

Na

Sr

Br

K

Ba

I

Топ

Элемент және оның атомдық массасы

Атомдық массасының арифметикалық ортасы

А

Литий - 7

Натрий -23

Калий-39

(7+39)/2=23

В

Кальций-40

Стронций-87,5

Барий-137

(40+137)/2=88.5

С

Хлор-35

Бром-80

Йод-127

(35+127)/2=81

Александр Эмиль Шанкуртуа. Александр Эмиль Шанкуртуа (1862) алғаш болып химиялық элементтерді атомдық массаларының өсу реті бойынша орналастыруға талпынды. Ол элементтерді спираль түрінде орналастырып вертикаль бойынша бір топта орналасқан химиялық элементтердің қасиеттері қайталанатынын байқаған.

Екі модель де ғалымдар арасында қызуғышылық туғызбады.

1866 жылы предложил химик және музыкант Джон Александр Ньюлендс химиялық элементтерді топтастырудың өз нұсқасын ұсынды. Ол элементтерді «октавалар заңы» деп аталатын кесте түрінде орналастырды. Бұл кестеге 62 элемент кірді. Элементтер амтодық массаларының өсу реті бойынша орналасты

Осы онжылдықта химиялық элементтерді жүйелі түрде орналастырудың көптеген талпыныстары байқалды. Қазіргі ХЭПЖ ұқсас нұсқаны Юлиус Лотар Мейер (1864) ұсынды: Ол сол кезде белгілі болған 63 элементтің 44 химиялық элементті кестеге ұйымдастырды.

1869 ж. Д.И.Менделеев ХЭПЖ-нің алғашқы нұсқасын ұсынды. Карточкалардың артына химиялық элементердің негізгі қасиеттерін жазды(сол кезде 63 химиялық элемент белгілі болды), Менделеев осы карточкалардың орнын бірнеше қайтара ауыстырып отырып, қасиеттері бойынша ұқсас элементтер қатарын құрастырды.

Қосымша 2

Химиялық элементтің сипаттамасы (топтық жұмыс үшін)

Na (натрий, sodium) белсенділігі жоғары күміс ақ түсті металл. Салыстырмалы атомдық массасы 23

Қосымша № 3

Қалыптастырушы бағалау (орындау уақыты 10 минут)

Аты-жөні_________________Сынып_________________________күні___________

Бөлім 7.4 В Периодтық жүйеге кіріспе

Дағдылар:

Бағалау критерийлері

ОМ:

7.2.1.1 Доберейнер, Ньюлендс, Менделеевтің еңбектерін мысалға ала отырып элементтердің жіктелуімен танысу және салыстыру

-химиялық элементтерді жіктеудің әртүрлі принциптерін білу және түсіну

- Доберейнердің «триадалар заңын» түсінеді

- Ньюлендстің «октавалар заңын» түсінеді

- Химиялық элементтерді жіктеудің артықшылықтарын атайды

- Жаңа химиялық элементтердің ашылу мүмкіндігін болжаса

Тапсырма 1

Өздеріңді Доберейнер орнында елестетіп осы триаданың келесі элементінің атомдық массасын табыңдар:

Ca (40)

Sr (88)

Ba (137)

?

Жауаптарыңды сәйкес жауаппен дәлелдеңдер:

Тапсырма 2

Ньюлендс принципіне негізделе отырып натрийден бастап 8 элементті атаңдар:

Тапсырма 3

Не себепті Менделеев кестесінің алғашқы нұсқасында көп бос торкөздер болды? Бұл нені білдірді?

__________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру