Атомда электрондардың орналасуы. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8. Атомда электрондардың орналасуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Атомда электрондардың орналасуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

- атомда электрондар ядродан арақашықтықтың өсуі ретімен электрон қабаты бойынша біртіндеп орналасуын түсіну.

 Сабақ

мақсаттары

-ұсынылған атомдар үлгілерінің сызбаларын дұрыс салады және дұрыс көрсету;

-атом құрылысын біледі және электрондар санын дұрыс көрсету;

-периодтық кестемен жұмыс жасау.

 Бағалау

 критерийлері

- ұсынылған атомдар үлгілерінің сызбаларын дұрыс салады және дұрыс көрсетеді;

- бейнеленген әр деңгейдегі толық (максимальды) орналасқан электрон сандарын кесте арқылы толтырады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- атом құрылысын және электрондардың энергетикалық деңгейлерге сәйкес ядро айналасында таралуын түсіндіру үшін арнайы лексиканы пайдаланады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

атом, электрондық қабат, энергетикалық деңгей, жүйе, топ, қашықтық,

жуық, барынша алшақ, ішкі, сыртқы орбиталь (s, p), ядро;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Бұл атом ядросы, ал бұл электрон.

Электрондар әр түрлі энергияға ие және энергияларына сәйкес белгілі қабаттарда таралған.

Электрондар қабаты атом ядросынан жақын/алыс орналасқан

Қай электронда энергия көп/аз?

 Құндылықтар

- Сыйластық (бір-бірінің ойын айту кезінде);

- Ынтымақтастық (жұптық және топтық жұмыс барысында);

- Ашықтық (сұрақтарды ұялматсан қою және оларға жауап беру);

Жаһандық азаматтықты тәрбиелеу

Этикалық жауапкершілік пен белсенділікті жеке және ұжымдық іс-әрекеттер арқылы тәрбиелеу

АҚТ қолдану дағдылары

Презентация, бейнебаяндар

Пәнаралық байланыстар

Физика

Бастапқы білім

7.4А Атом құрылысы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Ұйымдастыру сәті. Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру.

Ойқозғау

Жұмбақ бейнебаян.

Оқушыларға бейнебаянның мазмұнына қатысты сұрақтар алдын ала берледі. Оқушылар сұрақтармен алдын ала танысуы бейнебаянды мұқият көруіне септігін тигізеді.

https://www.bilimland.kz/kk/content/lesson/11298-atomnyng_qurylymy

Материяның күрделі құрылысы

Сабақтың ортасы

6-13 мин

Барлық заттардың негізі – атом болып табылады.

Сұрақтар: Атом туралы не білесіздер? Атомның құрамында қандай бөлшектер бар? Олар қалай орналасқан? Субатомдық бөлшектерге сипаттама беріңіздер.

Бейнебаян: https://twig-bilim.kz/film/what-is-an-atom-5626/

Хлор атомының ХЭПЖ-гі орнын көрсетіп, ядро құрамын анықтаңыз.

Атом құрылысының планеталық моделі әрбір орбитальда бір электронның бар болуын тұжырымдайды. Қазіргі кезде электрондық қабат 7 орбитальдан тұратыны белгілі...

Оқу мақсаттарын көрсету арқылы сабақтың мақсаттарын айқындау

Атомның ашылу тарихына шолу жасау.

Бейнебаян:

https://twig-bilim.kz/film/discovery-of-the-atom-5632/

https://twig-bilim.kz/film/what-is-an-atom-6519/

https://twig-bilim.kz/kz/film/discovery-of-the-atom

14-25 мин

26-37 мин

Кіріспе сұрақ: Атом электрондары орбиталдарда қалай (қаншадан) орналасады?

Атомдағы барлық электрондар бірдей емес – олар түрлі энергияға ие және нақты қабаттарға энергияларына сәйкес таралатындықдарын түсіндіріледі.

  • ядроны және кем дегенде екі электрондық қабатты көрсете отырып, атом үлгілерінің сызбаларын салулары қажет;
  • электрондардың бірінші, екінші және үшінші (2, 8, 8) қабаттағы электрондардың таралуын көрсетіп кестеге толтыруы қажет;
  • периодтық кестенің алғашқы 20 элементтің атомдарының электрондық конфигурациясын салуы қажет және олар әрбір атомды өз таңбаларымен (символдарымен) дұрыс көрсеткендігіне сенімді болулары тиіс.

Содан соң "атом құрылысы" қабат (электрондар) сыйымдылығын жөніндегі презентациясы түсіндіріледі.

(Оқушылар алғашқы 20 элемент үшін электрондар таралуын көрсететін диаграмма құрайды және электрондар таралуының стандартты реттілігін пайдаланады (мысалы, 2:8:1).

Электрондардың қабаттарда орналасуын толық түсінуі және тапсырманы орындай алуы үшін бейнебаянды көрсетуге болады.

Энергия қоры ең төмен электрондар (n=1 ), бірінші энергетикалық деңгейде орналасады. Мысалы:

Электрондардың бір кванттық күйден басқаға көшуі – энергияның өзгеруіне байланысты, сондықтан электрондар екінші немесе одан да жоғары энергетикалық деңгейге өте алады. Энергетикалық деңгейдегі электрондардың саны (N) мына формуламен анықталады: N=2n2 ,

n – бас квант саны. Бұл формулаға сәйкес: бірінші энергетикалық деңгейде (n=1) 2 электрон орналаса алады. (N=2 ∙ 12 = 2), екіншіде (n=2) – 8 электрон (N=2 ∙ 22 = 8), үшіншіде (n=3) – 18 электрон (N=2 ∙ 32 = 18 ) т.с.с.

Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмалары таратылады.

Презентация

https://twig-bilim.kz/kz/film/atom-structure-electron-shells

Қосымша 1

Сабақтың соңы

38-40 мин

Кері байланыс. Рефлексия."Екі жұлдыз, бір тілек" тәсілі арқылы оқушылар өзара бағалайды, кімнің белсенді және жұмысқа қатысқаны ұнайтын оқушылар костюміне смайликтер жабыстыру арқылы көңіл күйлерін білдіреді

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлығы:

-ұсынылған атомдар үлгілерінің сызбаларын дұрыс салады және дұрыс көрсетеді;

Көбісі:

-атом құрылысын біледі және электрондар санын дұрыс көрсетеді;

Кейбіреулері:

-периодтық кестемен жұмыс жасай алады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру