Ас құрамындағы қоректік заттарды анықтау. Химия, 7 сынып, сабақ жоспары.
АҚТАУ ҚАЛАСЫ ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ
7 - сынып
№5 Практикалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Ас құрамындағы қоректік заттарды анықтау
Жұмыстың мақсаты:
7.5.1.2 кейбір қоректік заттарды: көмірсулар (қант, крахмал) нәруыз, майларды ажырату және оларды анықтай білу;
1 оқушыға
Реактивтер:
мыс сульфатының ерітіндісі 1%-10мл; 2Н натрий гидроксиді-2мл; Аммиак 1%-1мл; Күміс нитраты 0,1М-10мл; жұмыртқа ақуызы, бал, жаңғақ немесе күнбағыс дәні.
Жабдық және ыдыс:
Сынауықтар-6шт; Тамшуырлар-6шт; Стақан-1шт; Қасық-1шт; қағаз майлық немесе сүзгіш қағаз-2шт.
Жұмыс барысы:
А. Биурет реакциясы - ақуызға тест жүргізу.
- Суда жұмыртқа ақуызының ерітіндісін дайындау.
- 2 мл ақуыз ерітіндісін сынауыққа құю.
- Тамшуырмен 2мл 2Н натрий гидроксидінің ерітіндісін және 5 тамшы 1%-дық мыс сульфатының ерітіндісін қосу.
- Бақылау жүргізу.
В. Күміс айна реакциясы - глюкозаға тест жүргізу.
1. Бірінші сынауыққа балдың су ерітіндісін дайындау.
2. Екінші сынауыққа 2мл 0.1М күміс нитратының ерітіндісін құю және ерітіндінің түсі өзгергенге дейін бірнеше тамшы 1%-дық аммиак ерітіндісін қосу.
3. Бал ерітіндісі бар сынауыққа екінші сынауықтың ішіндегісін құю.
4. Сынауықты ыстық су құйылған стақанға салу.
5. Бақылау жүргізу.
С. Майларға тест жүргізу.
- Күнбағыс дәнін немесе қарақұмық жаңғағын сүзгіш қағазға немесе майлыққа орналастыру.
- Қасықты алып, дәнге басу.
- Бақылау жүргізу.
Жүргізілген тест нәтижелерін жұмыс парақтарына ресімдеу.
Қантты анықтауды Бенедикт реактивімен жүргізуге де болады.
Уақыт: 30мин
№ | Анықталатын қоректік заттар | Реагенттер | Не байқалды? |
А | |||
В | |||
С |
Қорытынды: _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру