Клондау. Биология, 11 сынып, презентация.


Оқу мақсаты

11.4.3.4 ағзаларды клондау тәсілдерін түсіндіру

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ

Өсімдіктер мен жануарларды клондау ерекшеліктерін салыстыру

Сілтемеге өту: http://astarbiology.com/ocr/cloning-in-plants-and-animals/

https://twig-bilim.kz/kz/film/dolly-the-sheep

Бағалау критерийі

Өсімдіктер мен жануарларды клондау ерекшеліктерін салыстырады;

Қалыптастырушы бағалау жұмысы болып табылатыгн Жұмыс парағын толтырады

Сөздік

Клон, донор, генетикалық жағынан бірдей, жатыр, этикалық, соматикалық жасуша ядросының қайта ауысуы, имплантация

Білу керек

Сілтемеге өту: :

http://astarbiology.com/ocr/cloning-in-plants-and-animals/

https://twig-bilim.kz/kz/film/dolly-the-sheep

ҚБ: Өсімдіктер мен жануарларды клондау ерекшеліктерін салыстыру.

Клон дегеніміз не?

Клон дегенімізгенетикалық тұрғыда басқа бір ағзамен бірдей болатын ағза.

Ол жыныссыз көбею арқылы табиғи жолмен түзіледі. Мысалы, бактериялар екіге бөліну арқылы өздерін клондай алады және біршама өсімдіктер столон сияқты құрылымдарды өсіру арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Адам эмбрионы кездейсоқ екіге бөлінсе, одан генетикалық тұрғыдан бірдей бір жұмыртқалы егіздер дүниеге келуі мүмкін

Introductory website:

https://www.abpischools.org.uk/topic/cloning

Білу керек

Клондау дегеніміз не?

Клондау деген термин әдетте ағзаларды жасанды клондауға қатысты айтылады.

Себебі, әрбір жасуша бүкіл ағзаны кодтауға қажетті болатын барлық генетикалық ақпараттан тұрады. Сондықтан теориялық тұрғыда бір жасушаны алып, оны өсімдік немесе жануар сынды көпжасушалы ағзаны түзу үшін өсіруге болады. Тәжірибе жүзінде бұл оңай шаруа емес. Бірақ, қазіргі заманауи әдістердің көмегімен жоғарғы сатыдағы өсімдіктер мен жануарларды клондауға болады.

Өсімдікті ұлпасынан өсіру

Бағаналы жасушаларды клондау

Рослин институтының эмбриологы әрі генетигі Йен Уилмат 1997 жылдың 27 ақпанында ағылшындық «Nature» журналында мақала жариялайды. Онда ол қойды клондау тәжірибесі сәтті өткенін хабарлаған еді.

https://qazaqstan.tv/news/107165/

Жалпы мұндай тәжірибелер Доллиге дейін де болған. Мысалы, Мэган және Мораг қойларын да эмбрионалды жасушалар көмегімен клондалған.  

Доллиді «дүниеге әкелу» үшін донор-қойдың желінен алынған ядролар 277 аналық жасушаға тасымалданды. Олардан кейін 29 эмбрион пайда болып, тек біреуі, яғни Долли ғана аман қалған. Осы жасушадан анасына айна-қатесіз ұқсаған жаңа ағза пайда болды. Осы әдіспен «туған» қойды инженерлер Долли деп атады. Осылайша олклондау әдісімен пайда болған алғашқы сүтқоректенуші.   

Ал, 1 жылдан кейін, 1998 жылдың 12-ші қаңтарында Парижде 19 мемлекет адамды клондауға тымйым салу хаттамасына қол қояды. Бұл құжат адам құқын қорғау жөніндегі Еуропалық Конвенцияны толықтырды.

Айта кетейік, Долли 2003 жылдың 14-ші ақпанында ретровирус салдарынан пайда болған өкпе ауруынан қайтыс болды. Бұл ауру көбінесе жабық жерде өмір сүретін қойларда кездеседі. Ал, Долли қауіпсіздік шараларына байланысты үнемі жабық жүрде жүріп, жайылымға мүлдем шығарылмаған еді.  

2003 жылдың 9-шы сәуірінде Доллидің тұлыбы (чучело) Эдинбург корольдік музейіне қойылды

T-Chart кестесін толтыру

ҚОРЫТЫНДЫ

РЕФЛЕКСИЯ

Егер бос уақыттарың болса көретін қажетті ақпараттар

https://www.youtube.com/watch?v=R4JoRy_vNEw

https://www.youtube.com/watch?v=nvSlqVHe6DA



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Самал
    Оқырман Самал 19.02.2024 20:53
    0 + 0 -
    Өте керемет!