Трофикалық деңгейлер. Қарым-қатынас типтері. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 5
Бейнеүзіндіге қойылған сұрақтардың мүмкін жауаптары
- Серенгети экожүйесінің құрамына кіретін трофикалық құрылымының деңгейлерді (тұтынушылар ресурсын) атаңыз.
Серенгети экожүйесінің «ресурс-тұтынушы» құрылымы:
Продуценттер (өсімдіктер)
Консументтер:
Шөпқоректі (зебра, көгілдір гну, жайра, қабылан тасбақасы).
Етқоректілер (африкалық гиенатәрізді ит, азиялық шиебөрі, арыстан, тазқара).
Деструкторлар (қиқоңыздар, мүйіз шатырқанат дернәсілдері мотылька).
- Бейнеүзіндіде қандай «қуатты коктейль» туралы айтылып жатыр?
Бейнеүзіндіде «қуатты коктейль» деп продуценттердін пайда болуына қажет: су, минералды заттар мен күн энергиясын атады.
- Гну антилопаларының миграциясымен пайда болатын Серенгети экожүйесіндегі «табиғи қоқысшылардың» рөлі қандай?
Қиқоңыз – скарабей.
- Өлекселер сүйектерінің ыдырауы үшін көп уақыт керек болса, неліктен Серенгети жазықтығы «шексіз зиратқа» айналмаған?
Себебі өлекселерді қорек ететің жәндіктер мен бактериялар (редуценттер) бар.
Мүйізді шатырқанат дернәсілі мүйіздерді ыдыратады.
Жайра шөпқоректі жануар, бірақ ол тістерін қайрау үшін сүйектерді кеміріп, олардың ыдырауына ұлес қосады.
- Бейнеүзіндіде көрсетілген ақпарат негізінде қоректік тізбектің үзінділерін құрастырыңыз.
1. Өсімдіктер → көгілдір гну → тазқара (гриф).
↓
Африкалық гиенатәрізді ит.
2. Өсімдіктер → жайра →арыстан.
3. Қи → қиқоңыз → азиялық шиебөрі.
4. Мүйіз → мүйізді шатырқанат дернәсілі.
- Жайылымдық және детриттік қоректік тізбектерді белгілеңіз.
Жайылымдық
1. Өсімдіктер → көгілдір гну → тазқара (гриф).
↓
Африкалық гиенатәрізді ит.
2. Өсімдіктер → жайра →арыстан.
Детриттік
3. Қи → қиқоңыз → азиялық шиебөрі.
4. Мүйіз → мүйізді шатырқанат дернәсілі.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.