"С3 және С4 өсімдіктер жапырақтарының мезофилін микропрепараттар арқылы зерттеу". Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.1B Қоректену

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалім:

Сынып:

11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

3 және С4 өсімдіктер жапырақтарының мезофилін микропрепараттар арқылы зерттеу"

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

11.1.2.4 С3 және С4 өсімдіктердегі көміртекті тұту (фиксация) жолдарын салыстыру

Сабақтың мақсаты

  • С3 және С4 өсімдіктерінің жапырақ құрылымын зерттеу

Бағалау критерийлері

Оқушылар: С3 және С4 өсімдіктерінің жапырақ құрылымдарын дайын микропрепараттар арқылы зерделей алулары қажет

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: С3 және С4 өсімдіктерінің жапырақ құрылымын сипаттайды

Пәнге қатысты лексика мен терминология: көмірсулар, оттегі, көмірқышықыл газы, су, жарық энергиясы, хлоропластар, грана, устица, электрон қабылдағыштар, НАДФ, су фотолизі, Кальвин циклы, көміртекті тұту (фиксация), регенерация, тотықсыздану, RuBisCO, C3 өсімдіктері, С4 өсімдіктері, САМ өсімдіктері, фотореспирация, жарықта тыныс алу(фотодыхание)

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Көмірқышқыл газы құрамында хлоропластары бар өсімдіктердің жапырақтарына енеді және ...

RuBisCO ферментінің әсерінен 5 көміртегі қантына СО2 молекуласы .... қосылады.

Нәтижесінде пайда болған ....... көміртегі қант тұрақсыз. Ол екіге бөлінеді...

... алғашқы қолданылған көміртегі қант қалпына келтіріліп, цикл басқа СО2-ге ауысады.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық:

Оқушылар мен мұғалімдердің өзара әрекеттестігі бүкіл сабақ барысында қамтамасыз етіледі.

Мұғалім мен оқушылар бірлесіп сабақтың мақсатына жетеді және өзара талқылайды. Оқыту: Сабақтың мақсатын білу және түсіну. Алынған білімнің маңыздылығын түсіну.

Пәнаралық байланыс

Химия, физика ( хлорофиллдің химиялық құрамы және фотосинтездің жарық фазасының химиялық реакциясы, физикадан жарық туралы білім)

Алдыңғы білім

Жапырақтың құрылымы, жарық процестері және фотосинтез фазаларына жарықтың тәуелділігі,С3 өсімдіктері.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-2

3-10

11-15

  • Ұйымдастырушылық сәті, Сәлемдесу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды тексеру. Оқушылар сабақ тақырыбы мен мақсаттарын анықтайды

2.Оқушылардан тест орындау арқылы С3 және С4 өсімдіктер туралы білімдерін еске түсіруді сұраңыз.

3. Еске түсіру «Қауіпсіздік ережелері»

https://quizlet.com/118093918/bio-quiz-cam-c4-c3-plants-flash-cards/

Сабақтың ортасы

16-27

28-30

Оқушыларға "С3 және С4 өсімдіктер жапырақтарының мезофилін микропрепараттар арқылы зерттеу" зертханалық жұмысын орындауды ұсыныңыз.

Оқушыларға әртүрлі өсімдіктердің мезофилл жасушалары бар дайын микропрепараттарды ұсыныңыз. Егер дайын микропрепараттар жоқ болса С3 және С4 өсімдіктерінің мезофилл жасушаларының суреттерін таратыңыз.

Оқушылардан жұмыс барысы парақшасын негізге ала отырып зертханалық жұмысты орындауды сұраңыз.

Жұмыс барысы:

1. С3 және С4 өсімдіктерінің мезофильді жасушаларының құрылысын зерттеу

2. С3 өсімдіктерінің мезофильді жасушаларының құрылымды еркешеліктерін табыңыз.

3. С4 өсімдіктерінің мезофильді жасушаларының құрылымды еркешеліктерін табыңыз (жасуша қабықшаларының, мезофильдер)

4. С3 және С4 өсімдіктерінің мезофильді жасушаларының құрылысын салыңыз.

5. С3 және С4 өсімдіктерінің құрылымындағы айырмашылықтарды талдаңыз.

6. Ауыл шаруашылығындағы ең өнімді өсімдіктер туралы қорытынды жасаңыз.

5. Оқушыларға Венн диаграммасын немесе С3 және С4 өсімдіктерінің фотосинтезін салыстыратын салыстыру кестесін толтыруды ұсыныңыз. Оқушылардды өзін-өзі бағалауға шақырыңыз.

Таратпа материал

Қосымша 1

Микроскоп, дайын микропрепараттар

Таратпа материал

Қосымша 2

Сабақтың соңы

31-38

39-40

6.Оқушыларға емтихан үлгіміндегі сұрақтармен жұмыс жасауды сұраңыз.

7. «Сәттілік баспалдағы»

Оқушылардан жаңа білімдері туралы ақпаратты жазып, тақтаға жабыстыруды сұраңыз. Бұл ақпаратты мұғалім келесі сабақты жоспарлауға қолдана алады.

Таратпа материал

Қосымша 3

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Неғұрлым қабілетті оқушылар аз қабілетті оқушылардың алға жылжуының бақылаушысы бола алады. Бұл көбінесе бақылау және демонстрациялық сабақ болғандықтан, мүмкіндігі шектеулі оқушыларға алдыңғы партаға жақын орналасуға көмектеседі. Аз мүмкіндіктері бар оқушыларға сұрақтар қоюға / тұжырым жасауға көмектесуге, тіпті егер олар үшін демонстрация қарапайым болып көрінсе де, көмектесіңіз.

Оқушыларды нөлдік және альтернативті болжамдарды тұжырымдау үшін ынталандырыңыз.: бұл әр түрлі теориялық сценарийлер бойынша ақпаратты талдауға көмектеседі.

1. Оқушыларға әртүрлі айнымалыларды дауыстап оқуға немесе талдауға көмектесіңіз, ол әрбір оқушы Не істеу керек екенін нақты түсінуге көмектеседі

2. Өзін-өзі бағалау критерийлерін көрсетіңіз немесе оқушыларға таратыңыз. Бұл оқушыларға нәтижелерін мұғалімге есеп беру арқылы өз жұмыстарын тәеулсіз бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқушылардан сабақтың математикалық , аналитикалық және эксперименттік бөлімдеріне назар аудару үшін жұмыс барысының әр кезеңін өтуін сұраңыз. Бұл әр оқушының ҚАЛАЙ ЖӘНЕ НЕ ІСТЕУ керектігін түсінуіне мүмкіндік береді.

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қысқаша бағалау

Қандай екі мезет ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі мезет Сабақты жақсартты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы не білдім, келесі сабақта не айтамын?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.