«Дайын микропрепараттар арқылы әр түрлі ағзалардың қан жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін зерттеу» зертханалық жұмысы. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2А – Заттардың тасымалдануы

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

«Дайын микропрепараттар арқылы әр түрлі ағзалардың қан жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін зерттеу» зертханалық жұмысы

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.3.2 дайын микропрепараттар арқылы әр түрлі ағзалардың қан жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін зерттеу

 Сабақтың мақсаттары

  • микроскоп көмегімен бақа және адам қанының эритроциттерін зерттеу

 Бағалау критерийлері

  • жұмыстың мақсатын қояды
  • зерттеу сұрағын анықтайды
  • қауіп қатер түрлерін анықтайды
  • қатердің қауіптілігін азайту жолдарын атайды
  • жұмысты орындайды
  • зерттеу нәтижесін өңдеп көрсетеді
  • қорытынды жасайды

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

әртүрлі ағза қанындағы қан жасушаларының ерекшеліктерін тиісті терминологияны қолдана отырып, ауызша жазбаша салыстырады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

микроскоп, эритроциттер, қанның формалы элементтері, тромбоцит, эритроцит, лейкоцит

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Зерттеу жұмысының мақсаты.

Зерттеу сұрағы…

Қауіп-қатер көзі....

Қатердің қауіптілігін азайту үшін...

Зерттеудің бірінші кезеңі…

Зерттеу нәтижесі...

Бақа қанындағы эритроциттер...болады.

Адам қанындағы эритроциттер бақа қанындағыға қарағанда....

Адам қанындағы эритроциттер ...

 Құндылықтарды дарыту

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылығы дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Практикалық жұмыс кезінде түрлі манипуляцияларды меңгеру, дұрыс таңдау жасау, жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдау, сыни пікір айта білу, өз ісіне берілу құндылықтар дамытылады.

 Пәнаралық байланыс

Қан жасушаларын зерттеуде микроскоптың қолданылуы, диффузия жылдамдығы түсініктері қарастырылғанда физика пәнімен байланыс орнатылады

Алдыңғы білім

7-сыныптың 7.1А «Заттардың тасымалдануы» тарауынан тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін қанайналымның маңызы және заттардың тасымалдануына қатысатын мүшелер мен мүшелер жүйесін, 8-сыныптан ағзаның ішкі ортасы туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Оқушыларға барлық жануарлардың қанындағы эритроциттері бірдей ме сұрағы қойылып талқыланады.

Эритроцит саны ағзаның тіршілік белсенділігіне қарай әртүрлі болып өзгереді деген қорытынды шығарылады.

Эритроциттерді зерттеп салыстыра аламыз ба деп талқылай келе сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтау қажет.

Зертханалық жұмысты бағалау критерийлері таныстырылады.

1 -3 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-14 мин

«Дайын микропрепараттар арқылы әр түрлі ағзалардың қан жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін зерттеу» зертханалық жұмыстың 1-ші бөлімін орындау тапсырмасы ұсынылады.

Оқушылар жұпта зертханалық жұмыстың бірінші бөлімін орындайды.

Критерий:

  • жұмыстың мақсатын қояды
  • зерттеу сұрағын анықтайды
  • қауіп қатер түрлерін анықтайды
  • қатердің қауіптілігін азайту жолдарын атайды
  • жұмысты орындайды

Жұмыс парағы

4-8 слайдтар

15-27 мин

Зертханалық жұмыстың орындалуын бағалау критерийлері бойынша тексеріп, толықтырулар еңгізу үшін оқушылар жұптары топтарға біріктіріліп жұмыс жасайды.

Жұмыс парақтары

27-36 мин

Мұғалім оқушылардың зерттеу сұрақтарын қоюы, қауіп-қатерді бағалау, жұмысты орындап сурет салуын тексеріп, кері байланыс ұсынады.

Жұмыс парақтары

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

Мен ...білдім

Мен ...үйрендім

Мен тағыда ...қарастырамын.

11 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Зертханалық жұмысты орындау арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдылары дамытылады, яғни әр оқушы өзінің жеке ерекшеліктеріне сай жұмыс жасай алады

Оқушылар өз жұмыстарын ортаға салып талқылау кезінде өз деңгейлерінде жұмыс жасайды

Талқылау сұрақтарына жауап берген кезде оқушылардың білім және тапқырлық, сын тұрғысынан ойлау қабілеттеріне қарай саралау жүргізіледі.

2-қосымшадағы тапсырма арқылы

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Зертханалық жұмыстың бағалау критерийлеріне сай орындалуы мен жасалған жұмыс парағын толтырулары арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Топтық жұмыс барысында және зертханалық жұмысты жоспарлау кезінде белсенді қозғалыс жасайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.