Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау

 Сабақ мақсаттары

  • өнеркәсіптік биотехнология әдістері бойынша алынған өнімдерді зерттейді;
  • ағзаларды биотехнологияда қолданудың кейбір аспектілері және мысалдарымен танысады;
  • тірі ағзаларды биотехнологияда қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылайды.

 Жетістік критерийлері

  • өнеркәсіптік биотехнология әдістері бойынша алынған өнімдерді сипатай алады;
  • ағзаларды биотехнологияда қолданудың кейбір аспектілері және мысалдарымен танысу үшін топта ақпарат жинап оны талдай алады;
  • ақпаратты өзбетімен таба алады;
  • басқа оқушылардың жұмыстарына баға бере алады.

 Тілдік мақсаттар

 

  • тірі ағзалардың биотехнологияда қолданудың оң және теріс аспектілерін түсіндіру;
  • биотехнологияда қоладанаты ағзалардың тіршілігі туралы сұрақтарға терминдерді қолдана отырып, аргументтелген пікірлерін ауызша және жазбаша түрде пайымдау;

ашыту, антибиотик, биогаз, спирт...

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Тірі ағзалардың адам өмірңндегі маңызын білу арқылы оқушыларда табиғатқа деген мейрімділікті және достықты қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Химия - этиловый спирт, ацетон сияқты өнімдерді тірі ағзалар тірішілік әрекеті нәтижесі екенін білгенде бұл заттардың химия пәнінде де қарастырылатынына тоқталу.

 АКТ қолдану дағдылары

Тірі ағзаларды биотехнологияда қолдану туралы ақпараттық материалдарды оқушылар сілтемелер арқылы интернеттен өздері іздей алады.

Бастапқы білім

Микробиология және биотехнология 6, 7, 9 сыныптар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 5 минут

6- 14 минут

(Ұ) «миға шабуыл» әдісі бойынша сабақ мақсатын оқушылармен бірге анықтаймыз. Тақтада слайдта кез-келген биотехнологияда алынған өнімнің суретін көрсетеміз. Оқушылармен бірге талқылаймыз. Соңынан тақтада тақырыпты көрсетіп, сабақ мақсаттармен таныстырылады.

(Ұ)(Қ) Оқушыларға өнеркәсіптік биотехнология әдістері бойынша алынған өнімдерді анықтауды ұсыныңыз. Оқушылар 3-4 оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді. Оларға тамақ өнімдерінің затбелгілерін тарату: йогурт, айран, майонез, сүт, ірімшік, шырын, шоколад, торт, алма сірке қышқылы, кофе, шай және т.б.

Ұсынылған азық-түлік өнімдерін өндіруде қандай тірі ағзалардың қолданғанын талқылау.

Бағалау: топтар өздері бөлісіп берілген азық-түлік өнімдерін басқа топтарға сипаттайды өзара бағалау жүргізеді. Бағалауды ауызша кері байланыс түрінде өз ойларын айтады.

Биотехнология туралы жалпы деректер: http://www.biotechnolog.ru/intro.htm

ҚР Ұлттық биотехнология орталығының сайты:

http://www.biocenter.kz/

Сабақтың ортасы

15- 25 минут

26-32 минут

(Т)(Қ) Оқушыларға тірі ағзаларды биотехнологияда қолданудың кейбір аспектілері және мысалдарымен танысуды ұсыныңыз.

Оқушыларды топтағы орындарын ауыстырып ақпараттық парақтар таратыңыз.

Оқушылармен топтық ережелерді бірге құрастырып алу қажет. Топтағы әрбір оқушының рөліне назар аударңыз.

Ақпараттық парақта болуы қажет (қажетті ақпаратты ресурстар бөлімінен табуға болады):

  • дәрі-дәрмектер (инсулин, антибиотиктер, вакцина, дәрілер дайындауда);
  • кір жуғыш ұнтақтар, жемісті шырындарға қосатын пектиназа өндіруде;
  • химиялық заттар (этиловый спирт, ацетон);
  • жанармай (биогаз);
  • тағамдық азықтар мен шырындар;
  • ауыл ашруашылығында азықтарды дайындауда және т.б.

Оқушылар топтарда жұмыс істейді және алынған ақпаратты талқылайды. Егерде мүмкіндік болса ақпарат көздеріне сілтеме беріп, өз беттерімен оқуға қосымша ақпарат беруге болады.

Бағалау: Топтар кластер құрастырады және жұмыстарын өзара бағалау жүргізеді.

(Т/Ұ) (Қ) Оқушыларға «Тірі ағзаларды биотехнологияда қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбына кіші көлемде дебат жүргізуді ұсыныңыз.

Әрбір топтағы екі оқушы арасында дебат өткізіңіз. Ол үшін оқушылар екі позицияның біреуін таңдайды. Оппоненттер өз фактілерін/ дәйектерін келтіреді. Аспектілерді нақты мысалдармен дәйектеуді естеріне салыңыз.

«Постнаука» сайтындағы «Биотехнлогия» тақырыбына орыс тіліндегі материалдар жинағы (мәтіндер мен видео): https://postnauka.ru/themes/biotehnologii

Биотехнология роліне ғылыми баға:

https://su0.ru/W24M

Биотехнологияның жетістіктері мен даму перспекстивалары :

http://qps.ru/8Rw1A

Д. Тейлор, Н.Грин, У. Стаут. Биология, т.2

Сабақтың соңы

33-40 минут

Дебаттың қортындылау үшін эксперт оқушы олардың жұмысын бағалайды.

Жалпы сабақ бойынша оқушылар өзін өзі бағалау парақтары арқылы бағалайды. Қосымша 1.

Соңынан оқушылар кері байланыс БББ кестесін толтырады.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларды топқа бөлу кезінде деңгейі төмен оқушыларды жоғары оқушылармен бірге бір топқа түсуін қамтамасыз ету.

Ауызша көмек ұсыну.

Қабілеті жоғары оқушыларға болашақта бұл саланың қандай болатына болжам жасуды тапсыру.

Өзін- өзі бағалау;

Өзара бағалау;

Бағалау парағын пайдалану.

Сыныпта тәртіпті сақтау;

Ноутбуктерді пайдалануда мұқият болуды ескерту;

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1.

Оқушының аты-жөні: сынып:

Өзін-өзі бағалау критерилері

Белгі +/-

Өнеркәсіптік биотехнология әдістері бойынша алынған өнімдерді сипатай аламын;

Ағзаларды биотехнологияда қолданудың кейбір аспектілері және мысалдарымен танысу үшін топта ақпарат жинап оны талдай аламын;

Ақпаратты өзбетімен таба аламын;

Басқа оқушылардың жұмыстарына баға бере аламын



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.