Антропогенез кезеңдері. Проантроптар. Архантроптар.Палеоантроптар. Неоантроптар. Биология, 10 сынып, презентация.


Антропогенез кезеңдері

Stages of anthropogenesis

Сабақтың тақырыбы:

Антропогенез кезеңдері. Проантроптар. Архантроптар. Палеоантроптар. Неоантроптар

Оқу мақсаты : 10.2.6.4 Антропогенездің кезеңдерін атау

Starter …

Адамның тарихи даму кезеңдері

Антропогенез.

Адамның шығу тегін , тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін , материалдық және рухани қазыналарын зерттейтін кешенді ғылым –антропология деп аталады. Антропология сөзі гректің «antropos»- адам , «logos»-ілім деген сөздерінен алынып, адам туралы ғылым деген ұғымды білдіреді.

Антропология ғылымының негізгі бір саласыантропогенез.

Кілт сөздер – Key words

Архантроп - Archanthropus

Палеоантроп - Paleanthropus

Проантроп - Proanthropus

Неоантроп - Neanthropus

Топқа тапсырма : 15мин

4 топқа осы кілт сөздерге байланысты бөлінеді, адамның тарихи даму кезеңдерін зерттейді, ресурстармен жұмыс істейді , ойларын ортаға салады.

Өз талдауларымен бөліскенге әр топқа 3мин-тан уақыт беріледі.

(Мұғалім қалауымен өзгертулер енгізуге болады)

Протоантроп

Бұдан 12-9 млн жыл бұрын ежелгі адамтектес маймылдың бір тобынан ежелгі адамдардың арғы тегі – аустралопитектер бөлінген.

Ол латынша australis”- оңтүстік ,грекшеpitekos”- маймыл , яғни оңтүстік маймылыдеген ұғымды білдіреді. 1924 жылдан бастап Оңтүстік Африкадан ,Танзания(Олдовай қойнауы),Эфиопия(Омо өзені аңғары) Кениядан (Рудольф көлі маңы) табылған.

Тік жүрген, ми көлемі - 530см3; қарапайым құрал жасай білген,топтасып тіршілік еткен.

Африкалық Афарлық

Аустралопитектер. 

Олардың көптеген казба қалдықтары Оңтүстік және Шығыс Африка аумағынан табылған. Аустралопитектер ізашарларына карағанда адамға көбірек ұқсас болған, Олар тік жүрген (бойы 120—130 см, салмағы 25—45 кг), беті жалпактау...

Адамның тарихи дамуы

3 кезеңнен:

Ежелгі адамдар (Архантроптар )

Ертедегі адамдар (Палеоантроптар )

Қазіргі адамдар (Неоантроптар)

Ежелгі адамдар (Архантроптар )

1891 жылы голланд ғалымы Эжен Дюбуа аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты .

Бұл қаңқа қалдықтары 1,9млн.- 650 мың жыл аралығында өмір сүрген адамдікі. Эжен Дюбуа питекантроп (маймыладам) деп атады.

Тік жүретін адам. 

Ми салмағы -900г. Тік жүретін адам (Homo erectus) .Маңдайы тайқы, әрі жазық, иегі алға қарай шығыңқы емес.

Ежелгі адамдар белсенді тіршілік еткен: аң аулаған, өсімдіктерді, етті кесуге арналған қарапайым күралдар жасаған. Олар топ болып өмір сүргеносылай жауларынан қорғану, азық табу, аң аулау, тұрғын жай салу оңай болған. Кейбір табылған қалдықтар олардың отты пайдалана білгенін дәлелдейді.

Тік жүретін адамдардьң негізгі эволюциялык жетістігітас құралдарын жасау, абстрактілі ойлау және сөйлеу нышаны болған.

Ертедегі адамдар (Палеоантроп )

Еуропа, Азия, Африкадан көптеп табылған. 300—400 мың жыл бүрын тіршілік еткен. Олар қаңқа қалдыктары табылған Германиядағы Неандерталь аңғарына байланысты аталған. Неандертальдықтардың бас сүйегі күмбез тәрізді және ми көлемі 1600 см3-ге жуық болған. Мысалы, қасүсті доғасы шығынқы, иегі аса жетілмеген.

Қазіргі адамдар (Неоантроптар)

Олардың бойы биік (180 см-ге дейін), миынын көлемі 1800 см3 болған. Кроманьондықтарда осы заманғы адамдарға тән барлық белгілер болған; бас сүйегі көлемді, иегі шығынқы, айқын көрінеді. Осы заманғы алғашқы адамдардан эволюция барысында Саналы адам пайда болды. Біз де Саналы адам (Homo sapiens) түрінің өкіліміз.

Адамның пайда болуында еңбектің алатын орнын ғұлама ғалым әл-Фараби бабамыз да орынды бағалаған. «Адам еңбек ету нәтижесінде ғана жоғары сатыға көтерілген. Еңбек адамды хайуанаттар әлемінен бөліп алып жоғары көтерді,оның дене және рухани жағынан өсуіне мүмкіндік туғызды»,-деп өте маңызды тұжырым жасаған.

Өзіңді тексеріп көр ...

Адамның шығу тегі мен тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы...

Адам мен маймылды сүтқоректілер класының өкілі ретінде бір туысқа жатқызған ғалым.

Адамның сүтқоректілер класына жататын белгілері.

Адамның приматтар отрядына, адам тәрізді маймылдар отряд тармағына жататынын көрсететін белгілер.

Деректерге сүйенсек ...

А. Homo habilis епті адам,бұдан 3-2млн жыл бұрын тіршілік еткен, миының салмағы 650г. Малта тастардан қарапайым құрал жасай білген.

В. Homo erectus тік жүретін адам, питекантроптар - ежелгі адамдар(архантроптар),1млн-500мың жыл аралығында өмір сүрген,ми салмағы 750,900,кейде 1000-1100г-дай.(питекантроп, синантроп, гейделберг)

Ірі жануарларды ұжымдасып аулаған, отты пайдалана білген,тастан құралдар жасағанды жетілдірген.Басты ерекшелік - сөз қарым-қатынас құралы болған.Негізінен үңгірлерде өмір сүрген.

С. Homo sapiens (неонтроп, кроманьон) 50-30мың жыл бұрын ми сауытының көлемі шамамен 1400-1600см3. Өздері баспана салып, сонда тұрған.Аң аулау үшін тастан, сүйектен әртүрлі құралдар жасай білген.Үңгірлерге суреттер салған.Тайпа,ру болып өмір сүру салты қалыптасқан.Неоантроптарда әлеуметтік факторлар басты роль атқарған.

Сәйкестендіру тапсырмалары

А. Homo habilis

В. Homo erectus

С. Homo sapiens

1) 2-3 млн жыл бұрын тіршілік еткен, ми көлемі 650 см3

2) бұдан 200 мың жыл бұрын тіршілік еткен неандертальдық адам, ми көлемі 1400 см3

3) осыдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген Қытай жерінен табылған синантроп, ми көлемі 800-1000см3

4) топтасып өмір сүрген, сөз арқылы қарым-қатынас жасаған

5) үңгірлерде тұрған, отты пайдаланған

6) малта тастардан құралдар жасай білген.

7) маңдайы тайқы, маймылдарға тән белгі басымырақ

8) әйелдері мен балалары өсімдіктер жемісін, тамырын жинап, киім тіккен.

9) сүйектен үшкірлеп, қашап құралдар жасаған.

(мұғалім қалауына байланысты басқа да мәліметтер алуға болады)

Рефлексия

Мен енді білемін .....

Маған ұнағаны .....

Менің түсінбей қалғаным ....

Мен жақсы түсіндім .....

Менің келесі сабақта білгім келетіні ....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.