Ауыл шаруашылық өсімдіктері іріктемелері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсартуға бағытталған селекция әдістері. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Селекция
Селекция – жануарлардың жаңа қол тұқымдарын, өсімдіктердің жаңа іріктемелерін және микроағзалар штаммдарын шығарумен және оларды жаңартумен айналысатын ғылым.
Тұқым, іріктеме, штамм
Тұқым, іріктеме, штамм – адам жасап шығарған белгілі-бір түр дараларының популяциясы, өзге генофондпен, адам қажеттілігіне жауап бере алатын, арнайы қасиеті бар тұқымқуалау барысында бекітілген морфологиялық және физиологиялық белгілермен сипатталады.
Сұрыптау
Сұрыптау – адамның жануарлар мен өсімдік дарақтарынан шаруашылық және сәндік қатынастарда мейлінше құнды, өзі қалаған қасиеттері бар тұқымдарды алу үшін таңдау жүргізуі.
Гибридизация
Гибридизация – әр түрлі жасушалардың генетикалық материалдарын бір жасушаға біріктіру негізінде гибридтердің түзілу немесе гибридтерді алу үдерісі.
Аутбридинг
Аутбридинг – туыстық емес шағылыстыру.
Инбридинг
Инбридинг – туыстық шағылыстыру.
Инбридингтің тәжірибелік мәні
Мичуриннің дәлелдеуінше, туыстас ата-аналар ұрпағының тіршілік қабілеттілігінің төмендеу себебі, туыстас жануарлардың ұқсас жыныс жасушаларын шығаратындығы болып табылады. Ұқсас ер және әйел жыныстық жасушаларының өзара қосылуының нәтижесінде толық дамымаған ұрық пайда болады. Әрине, мұндай ұрықтан әлсіз, тіршілік қабілетігі төмен, көп жағдайда кемтар ағза дамиды.
Сондықтан да, туыстық будандастыруды мал шаруашылығында қолдануға болмайды. Туыстық шағылыстыруды ұқыпты қолдану тек қана ғылыми-зерттеу мекемелерінің қожалығында және жаңа тұқым алумен айналысатын мал зауыттарында рұқсат етіледі. Мұндай қожалықтарда туыстық шағылыстыру ерекше құнды өндірушінің ұрпағына қалдыратын тұқымқуалаушылық әсерін күшейту қажет болғанда қолданылады.
Селекцияның дәстүрлі әдістері ағза генотипін өзгерту саласында шектеулерге ие. Жасушалық және гендік инженерия, сонымен қатар, биотехнология әдістері тұқым қуалаушылық белгілердің жаңа комбинациялары бар ағзаларды шығаруға үлкен мүмкіндіктерді ашады. Гендік инженерия – тірі ағзаның бір түрінен екінші түріне қажетті генді бағытты түрде тасымалдау болып табылады. Жасушалық инженерия – жекелеген жасушаларды немесе ұлпаларды жасанды қоректік ортада өсіруге негізделген.
Алыстан будандастыру әдісімен дүние жүзінде тұңғыш рет Қазақстан ғалымдары: Н.С.Бутарин, Ә.Есенжолов және А.Жандеркин қойдың арқар-меринос тұқымын шығарды;
Академик Ф.М.Мұқамбетқалиевтің басшылығымен Қазақстанда алғаш рет трансплантациялық жолмен қозы алынды;
В.А.Бальмонттың басшылығымен қазақтың биязы жүнді қойы шығарылды;
Б.М.Мусин, Н.З.Ғалиакбаров және т.б. ғалымдар шығарған қазақтың ақбас сиыры шығарылды;
Д.Н.Пактың басшылығымен Алатау сиыры шығарылды.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.