Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары. Аллельді және аллельді емес гендердің байланысы. Комплементарлық, Полимерия. Көптік аллельдер. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: Биология | Мектеп:Петропавловск қаласындағы Химия Биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімніңаты-жөні: | ||||||||||||
СЫНЫП:10 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы: | 10.3 B Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары. Аллельді және аллельді емес гендердің байланысы. Комплементарлық, Полимерия. Көптік аллельдер. | ||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | Мутация типтері мен мутагенез себептерін зерттеу | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||
Жетістік критерийлері | Оқушылар:
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: тақырып бойынша негізгі терминдерді пайдалану арқылы ауызша жауап беру дағдысын дамытады. Пәндік лексика және терминология Генотип, фентип, Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы Генотип х-белгілердің жиынтығы, ал фенотип y-жиынтығы. Мутация …белгілерге әкеп соғады | ||||||||||||
Құндылықтарды дағдыландыру | «Мәңгілік ел» идеясындағы жеті құндылықтардың бірі: бұл- Қазақстанның тәуелсіздігі Жасөпірімдерге тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, тәуелсіздіктің тарихын ұғындыру және тәуелсіздіктің жеткізген жетістіктерімен таныстыру, қадірлей білуге үйрету.Оқушыларды патриотизм бағытына тәрбиелеу. Шыншылдық, топта жұмыс істей білу, толеранттылық ,академиялық шыншылдық. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Физика, химия, медицина | ||||||||||||
АТҚ қолдану дағдысы | Топтық жұмыстар кезінде оқушылар қосымша ақпаратты іздеу үшін ноутбуктерді пайдалануына болады. Бейнекөріністерді көрсету үшін интербелсенді тақтаны пайдалану. | ||||||||||||
Алдынғы білім | |||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспарланатын қызмет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы «Миға шабуыл» 0-5 мин | Ұйымдастыру кезеңі.Сыныпта жақсы көңіл-күй қалыптастыру. Оқушылардың сабаққа даярлығын қадағалау. Ой қозғау. Видео метериалды көрсету. Видеоны оқушылармен талдай отыра сабақтың мақсатын, жетістік критерийлерін шағару. | PPT Презентация 1-2 слайд Қосымша 1 | |||||||||||
Сабақ ортасы 6-25 мин 26- 35мин 32-35 мин | (Ж) Оқушылардан ауызша тілін дамыту мақсатында Инсерт стратегиясын- қолданамыз мутация түрлері мен мутагенез себептерін зерттеу тақырыбында. (Қосымша 1 қолдана отырып. V – білемін ,біліміме сәйкес +-мен үшін жаңалық, - білімге сәйкес емес, менің ойым басқа, мен басқаша ойлаймын, ?- әр қарай білгім келеді). Оқушылар бірінші жеке жұмыс жасайды берілген материалмен, содан соң жұпта жұмыс жасауды сұраңыз. Түсінбеген сұрақтарды оқушылар мұғалімдермен ірпге талқылайды. Мутация және Мутагенез – дегеніміз не- деген сұрақтарға жауап бере отыра дәптерге анықтамаларын бәрі жазып алады. Мутация (лат. мутацио — өзгеру, ауысу) дегеніміз — бұл генетикалық материалдың тұқымқуалау өзгерістері. Олар барлық тірі ағзаларға тән ңасиет. Ең ұсақ мутациялар ДНҚ-дағы нуклеотидтердің жүйелілігін өзгертеді, ал ең ірілері хромосомалар санын өзгертуге апарады. Мутагенез — физикалық және химиялық мутагендердің көмегімен мутацияларды жасанды жолмен алу әдісі. Бұл әдіс экспериментті генетикада жиі қолданылады. Селекцияда мутагенез жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің болашақтағы мутанттарын алуда пайдаланылады. Мутагенез (мутациялық процесс) — мутагендік фактормен алғашкы кездескеннен бастап мутантты клон құрылғанға дейін торшада өтетін күрделі молекулалық процестердің жинағы. Бұл өте күрделі құбылыс, бірнеше жүйелі окиғалардан тұрады. Олар:
Мутагенездің әр сатысында зақымданған ген әртүрлі өзгеріске түсуі ықтимал, оның бәрі ақырғы нәтижеде көрінеді. 3 негізгі түрлі нәтиже болуы мүмкін:
(Т) (ҚБ) Ноутбуктерді қолдана отыра оқушылар мутацияның туындау себептері мен механизмі туралы қысқаша белгілемелер/жазбалар жазады. (Жж) (ҚБ) Оқушыларға мутация себептерін кестеде толтыру немесе блок-сызба жасау арқылы баяндауды ұсыныңыз. | Қосымша. 1. Мутация себептері туралы ақпарат: http://evolution.berkeley.edu/evolibrary/article/0_0_0/mutations_05 Мутация түрлерінің себептері көрсетілген диаграмма: https://www.ncbi.nlm.nih.gov/books/NBK21578/figure/A1886/?report=objectonly Ақпараттар: http://www.yourarticlelibrary.com/mutation/mutation-theory-mutation-theory-of-evolution-by-hugo-de-vries/12255 | |||||||||||
Сабақтың соңы 36-40 мин. Үй жұмысы | Кері байланыс. START HERE Рефлексия. Терминдермен жұмыс жасау, 1 мутациялық ауруға презентация жасау. | Әр оқушыға таратпа қағаз беріледі кері байланыс бойынша берілген сұрақтармен. | |||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелері | |||||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар топта түсінбей қалған достарына көмектесу. | Сабақ барысында тақырып бойынша берілген сұрақтарды талқылау а жауап алу арқылы. Практикалық сабақтың қортындысы бойынша Барлық сабақ бойы оқушы мен мұғалім арасында, оқушы мен оқушының арасында талқылау өтеді, Бұл оқушылардың білімін тереңдетеді және бір бірімен әңгімелесіді, бір бірін түсінуге үйретеді. | Оқушылардың сабақ барысында дұрыс отыруын, топтық жұмыс кезінде оқушылардың қимыл-қозғалыстарының қауіпсізігін қадағалау. | |||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)? 1:жұптық жұмыс кезінде оқушылар бір- бірінің ойларын жақсы тыңдап өз ойларын айтады. 2: Кері байланыс арқылы оқушылар өздерін сабақта қандай деңгейде екендігіне көз жеткізді. Қандай екі мезет сабақты жақсарта алар еді (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)? 1:оқушылармен жеке жұмыс жүргізу 2:рефлексияның тағы да басқа түрін қолдану | |||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.