Модификациялық өзгергіштік. Белгілер өзгергіштігінің вариациялық қатары. Зертханалық жұмыс «Модификациялық өзгергіштікті зерттеу, вариациялық қатар және қисық құрастыру». Биология, 10 сынып, презентация.
Осы егістік алқабынан қанша астық жинап алуға болады?
Бір сұрақтан мың сұрақ
Модификациялық өзгергіштік.
Белгілер өзгергіштігінің вариациялық қатары.
Павлодар қаласындағы «химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы
Биология мұғалімі: Аутаев М.С.
Сабақ мақсаттары:
- Модификациялық өзгергіштік туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру
- Модификациялық өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтарын түсіну
- Модификациялық өзгергіштік заңдылықтарын зерттеу, вариациялық қатар және қисық құрастыру
- Зертханалық жұмыс барысында негізгі таңбалануларды, формулаларды және терминологияларды дұрыс пайдалану
Өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтарын түсіну үшін міндетті түрде зертханалық жұмыс орындауымыз қажет.
Зертханалық жұмыс « Модификациялық өзгергіштікті зерттеу, вариациялық қатар және қисық құрастыру»
Мақсаты. Биологияда математикалық әдістерді қолданудың мысалы ретінде, модификациялық өзгергіштіктердің статистикалық заңдылықтарын көрсету және белгі өзгергіштігінің вариациялық қисық сызығын сызу.
Құрал-жабдықтар. Сызғыш, қарындаш, өшіргіш, таразы, лавршие жапырақтары (ұзындығын өлшеу), үрмебұршақ тұқымдары (таразы болса салмағын өлшеу), мектепте өсіп тұрған бір түрлі бөлме өсімдігі (жапырақ, сабақ ұзындықтарын өлшеу), дайын өлшемдер (дидактикалық материал).
Жұмыс барысы.
1. Бір зерттеу нысаның таңдап алыңыз.
2. Таңдап алынған зерттеу нысанан бірнеше данасын (50 – 100) таңдамай, талғамай санап алаңыз.
3. Әр дананың өлшемін өлшеп (ұзындық немесе салмақ) төмендегі бос орынға жазыңыз. Дайын өлшемдер берілсе оны да жазуды ескеріңіз.
Мысалы: 50 дана лавр жапырағын таңдамай, талғамай санап аламыз;
Жапырақтардың ұзындықтарын өлшеп,әр жапырақтың ұзындығын жазып аламыз;
8; 5; 7; 10; 7; 5; 11; 11; 6; 7;7; 7; 6; 7; 9; 8; 7; 9; 7; 6; 7; 5; 6; 8; 6; 5; 5; 6; 7; 8; 3; 5; 3; 5; 4; 8; 7; 7; 5; 9;10; 6; 10; 5; 7; 6; 7; 5; 7; 5.
4. Белгінің сандық көрінісін вариант деп атайды. Вариантты латынның V әріпімен таңбалайды. Вариациалық қатарда ең үлкен вариант- максимальды вариант, ал ең кіші вариант- минимальды вариант деп аталады, таңбаланулары: Vmin, Vmax. Вариациалық қатар құру үшін жиынтықтағы вариантардың ішінен минимальды және максимальды вариантарды тауып белгілеңіз.
Vmax= 11 см
Vmin= 3см
5. Вариациалық қатарды төменнен жоғарға өрлеу бағытымен түзіңіз. Бұдан кейін әрбір варианттың қанша рет кездесу жиілігін, яғни әр варианттың дара жиынтықта қанша рет кездесетінін табаңыз, жиілікті деп белгілейді. Жиіліктін қосындысы бақылау санына тең болу керек.
V
3 2
4 1
5 11
6 8
7 15
8 5
9 3
10 3
11 2
Σ= 50
6. Вариациалық қатардың мәліметтерін кестеге толтырыңыз.
1 кесте атауы: Лавр жапырағының вариациялық қатары.
7. Вариациалық қатарды график арқылы өрнектеуді вариациалық қисық деп атайды. Графиктін көлденеңіне варианттардың мәнін, тігіне жиіліктің мәнін орналастырады.
Зерттеуіңіз бойынша вариациалық қисық сызыңыз.
График атауы: Лавр жапырағының вариациялық қисық сызығы
8. Вариациялық қатардың маңызды бір статистикалық көрсеткіші-орташа арифметикалық шама.
Зерттелген нысанның орташа арифметикалық шамасын табыңыз. Оны табу үшін мына формуланы қолданамыз:
Мұндағы М-орташа шама, V-вариант, -варианттардың кездесу жиілігі, n-варианттар саны, - жиынтық.
М=((3*2)+(4*1)+(5*11)+(6*8)+(7*15)+(8*5)+(9*3)+(10*3)+(11*2))/50 = 6,74см
Қорытынды: Модификациялық өзгергіштік дегеніміз сыртқы орта жағдайларының әсерінен организм фенотипінің өзгеруі. Осы зертханалық жұмысты орындау барысында соған көз жеткіздік. Яғни, жапырақтардың ұзындығы сондай-ақ үрмебұршақ тұқымының салмағының әр түрлі екендігі байқалды. Бұл – жапырақтардың, тұқымның өсіп-дамуына орта жағдайлары, күннің түсуі, қоректік заттар мен судың тамыр арқылы жеткізілуі және т. б. бірдей әсер етпейтіндігіне байланысты болатын өзгергіштік. Сонымен қатар, біз тәжірибе жүргезе отырып, лавр өсімдігінің жапырақ тақтасының және үрмебұршақ тұқымының құрылыс ерекшелігін қарастырып, оларға вариациялық қатар мен вариациялық қисық сызық құру барысында тұқым қуалайтын қасиеттерін және модификациялық өзгергіштікке ұшырағанын анықтадық.
Рефлексия «Құтқару белдемшесі»
Сабақ барысында қиындық тудырған, түсінбеген сұрақтарыңызды жазыңыз!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.