Энзимдерге (ферменттерге) әсер ететін факторлар. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
Күні: | Топ: | Пән: Биология | Мұғалім: | ӘБ жетекшісі _________ |
Тарау: Қоректену | Тақырып: Энзимдерге (ферменттерге) әсер ететін факторлар | |||
Пәнаралық байланыс: химия - рН, физика – температура, математика | Құндылықтар: функционалды сауаттылық, ынтымақтастық, сыйластық | |||
Алдынғы білім: ферменттер бойынша алдынғы практикалық, зерттеу жұмыстарымен өзара байланыс бар | Оқу мақсаты: 10.1.2.1 Түрлі жағдайлардың фермент активтілігіне әсерін зерттеу | |||
Бағалау критериі: ферменттерге температура, рН, беттік аудан мен көлемнің қатынасының әсерін түсіндіреді | Терминология: тәуелді – зависимый - dependent, бақыланатын – контролируемый - controlled, айнымалы – переменная - variable | |||
Қысқа мерзімді жоспар
Кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылар іс-әрекеті | Ресурстар |
Амандасу (1 мин.) | Оқушылар жұбына Морзе әліппесімен алақандарымен «сәлем» сөзін жаздырамын | Оқушылар жұбы Морзе әліппесімен алақандарымен «сәлем» сөзін жазады | «Сәлем» слайды, қалам |
Сабақ тақырыбы (1 мин.) | Латын алфавитімен кері жазылған сабақ тақырыбын таптыртамын | Оқушылар сабақтың тақырыбын тауып, дәптерлеріне жазып алады | Айна, «Тақырып атауы» слайды, фишка |
Сабақ мақсаты (тілдік), нәтижесі (3 мин.) | Сабақтың мақсатын айтып, нәтижесін таптыртамын, терминдерді кезекпен 3 тілде сұраймын | Сабақтың нәтижесін айтып, 3 терминді 3 оқушы орыс және ағылшын тілдерінде айтады | «Мақсат пен нәтиже», «Сөздік» слайдтары |
Топқа бөлу (5 мин.) | 3 терминді айтқан 3 оқушыны «фермент», қалғандарын «субстрат» ролін ойнатамын | 3 терминді айтқан топ лидерлеріне қалған оқушылар музыка тоқтағанда 3-тен бірігеді | «Enzymes» әні, «Эксперимент мақсаттары» слайды |
Қауіпсіздік ережесі (5 мин.) | Әрбір оқушыға берілген тақырыпқа сай 1 қауіпсіздік ережесінен қайталатпай айттырамын | Әрбір оқушы кезекпен берілген тақырыпқа сай 1 қауіпсіздік ережесінен тақтаға жазады | «Биология кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық» стенді, маркер |
Топтық жобалық-зерттеу жұмысы (40 мин.) | Оқушыларды топтық жұмысты бағалау критерийлерімен таныстырып, І топқа температураның, ІІ топқа рН-тың әсерін зерттетемін, ІІІ топқа белгісіз факторды анықтатып, топтық жұмысты бағалау критерийлеріне дескрипторлар құрғызып, тақтаға жаздыртамын, топтарға жасырын сөздер бар өлең жолдарын беремін | Топ оқушылары топтық жұмысты бағалау критерийлерімен танысып, топ ішіндегі рөлдерді бөліп, берілген құрал-жабдықтар мен мақсаттарға сәйкес эксперименттерді интернет пен әдебиеттерді пайдаланып жоспарлап, орындап, жұмысты безендіреді, өздеріне берілген 4 жол өлең жолдарындағы жасырын сөздерді табады | Картоп, бауыр, крахмал ерітіндісі, лимон, ас содасы, SPARK құрылғылары, О2 датчигі, рН-метр, Н2О2, дистилденген су, йод ерітіндісі, медициналық қолғаптар, халат, су моншасы, лабораториялық ыдыстар, карандаштар, сызғыш, маркерлер, флипчарт |
Жұмысты қорғау (15 мин.) | Әрбір топқа бағалау критерийлеріне сәйкес жұмыстарын таныстыртамын | Әрбір топ бағалау критерийлеріне сәйкес жұмыстарын таныстырады | Топтар дайындаған флипчарттар, онлайн таймер |
Бағалау (3 мин.) | Бір топқа екінші топты өзара критериалды бағалатып, «лайк» қойдырамын | Әрбір топ басқа топты өзара критериалды бағалап, «лайктарды» жапсырады | «Критериалды бағалау» слайды және парақтары, «лайк» стикерлері |
Рефлексия (2 мин.) | Ферменттерге әсер ететін факторлар туралы әнді орындаймын | Әрбір топ мүшесі өз куплетіндегі 1 жолға көрініс көрсетеді | Ферменттерге әсер ететін факторлар туралы әннің мәтіні мен минусы |
Қорытынды (3 мин.) | «Тақырып атауы» слайдындағы графиктерді сұраймын | «Тақырып атауы» слайдындағы графиктерді анықтайды | «Тақырып атауы» слайды |
Үй тапсырмасы (1 мин.) | ТГС оқулығының 4.3 тақырыбын, 4.6, 4.7 суреттерін, топ лидерлеріне 4.1 логикалық тапсырмасын, ГХС беремін | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады | ТГС оқулығының 4.3 тақырыбы, 4.6, 4.7 суреттері, 4.1 логикалық тапсырмасы, ГХС |
Сабақ аяқтау (1 мин.) | Морзе әліппесімен «сау бол» деген сөз тіркесімен шапалақтап қоштастырамын | Морзе әліппесімен «сау бол» деген сөз тіркесімен шапалақтап қоштасады | «Сау бол» слайды |
Дифференциация: жақсы оқитын оқушылар тобына жеңілдеу эксперимент пен топтық жұмысты бағалау критерийлерінің дескрипторларын құру тапсырылады, кейбір оқушыларға логикалық тапсырма беріледі.
Бағалау: оқушылар топпен критериалды бағаланады.
Мұғалім рефлексиясы
Комментарий
| Ұсыныс
|
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.