Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер және олардың қасиеттері. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім:

10.1АМолекулалық биология және биохимия

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каженов Р.А

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер және олардың қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.1.2 көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу

 Сабақ мақсаттары

Оқушы біледі:

- көмірсулардың құрылысы мен қасиеттерін;

Оқушы түсінеді:

- көмірсулардың жіктелуіндегі ерекшеліктерін

Оқушы жасай алады:

- көмірсуларды құрылымы және қасиеттері бойынша жіктей алады

Бағалау критерийлері

Көмірсулардың құрылымы және қасиеттері бойынша жіктей алады. Көмірсулардың химиялық құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты түсіндіре алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар көмірсулардың әртүрлі топтарының құрылысын анықтау үшін топта айтылым және тыңдалым дағдыларын дамыта отырып, жұмыс істей алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

глюкоза, карбонильді топ, гидроксильді топ, қосылу, гликозидтік байланыс, моносахарид, дисахарид, мальтоза, сахароза, фруктоза, лактоза, галактоза, амилаза, амилопектин, крахмал, гликоген, целлюлоза, гексоза, мономер, полимер

бірге қосу, құру, тұратын, үлкен, азық-түлік, жағдай, көп

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Моносахаридтерді біріктіретін байланыстар түрлері келесілер болып табылады...

Полимерлеу реакциясы... құрады

X немесе Y дисахаридтер...моносахаридтерінен құрылады.

...құру үшін моносахаридтер қосылады

Бастапқы білім

Оқушылар 7-сыныптың курсынан органикалық заттардың құрамына кіретін элементтерді біледі, 8-сынып курсынан полимерлер және мономерлер ұғымдарын түсінеді. 9-сынып курсынан оқушылар көмірсутектердің биологиялық функцияларын түсінеді, қасиеттері мен анықтай алады. оларға сапалы реакциялар жүргізу арқылы қасиеттерін зерттей алады, зерттеу үшін химиялық реактивтермен жұмыс дағдысы бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-1 мин

Ұжымдық ортаны қалыптастыру.

  • Оқушылармен амандасу
  • Сабаққа қатысуларын түгендеу

2-4 мин

Ой толғау

Күтілетін жауап: Көмірсулар

Интербелсенді тақта (ИТ), презентация

5-6 мин

Оқушылардың берген жауаптарына сүйене отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын және мақсатын оқушылармен бірге анықтайды (тақтаға жазу)

Тақта, маркер

7-10 мин

Ұғыну

(М) Мұғалімнің түсіндіруі

Көмірсулар (сахаридтер) – молекула құрамы көміртегі, сутегі және оттегі атомдарынан тұратын және сутегі мен оттегінің қатынасы су молекуласындай 2:1 қатынаста болатын, яғни көмірсутек+су (аты осыдан шыққан) формуласымен өрнектелетін табиғи органикалық қосылыстар.

Көмірсулардың жалпы формуласын Сn(Н2О)n деп жазуға болады.

Көмірсулар табиғатта өте кең таралған және адам өмірінде аса маңызды роль атқарады. Олар қоректі заттардың құрамына кіреді, адамға қажетті энергия негізінен осы көмірсулармен толтырылады. Ақуыздың биосинтезіне және тұқым қуалау қасиеттерінің берілуіне қажетті нуклеин қышқылдары осы көмірсулардың туындыларынан құралған. Әсіресе көмірсулар туындыларының фотосинтез процесінде маңызы зор.

Молекулада моносахаридтің қалдықтарының қалуына байланысты моно-, олиго- (ди-) және полисахаридтер деп бөлінеді.

ИТ, презентация Ppt

Сабақтың

ортасы

11-20 мин

(Ж) Жұппен жұмыс.

Әр жұпқа көмірсулардың құрылысы және құрамы бойынша ақпараттық парақша беріледі. Алынған ақпарат көзінен оқушылар дәптерлеріне кесте толтырады:

  • Моносахаридтер
  • Дисахаридтер
  • Полисахаридтер

Класс, тобы

Өкілдері

формуласы

Биологиялық маңызы

Оқушылармен бағалау критерийлері анықталады, мысалы:

  • кестенің толық толтырылуы;
  • мәліметтердің қысқа да түсінікті болуы;
  • регламент, т.б.

Топ бір-бірлерін «2 жұлдыз 1 тілек» әдісі бойынша бағалайды, яғни әр топ 2 ұнаған және 1 жақсартуды қажет ететін жағдайларды айтады.

Ақпараттық парақша (қосымша 1)

21-23 мин

Мұғалім оқушылардан кестені толтырған кезде туындаған қиындықтарын талқылай кетіп, қажет жағдайда толтырылған дайын кесте арқылы оқушылардың жұмысын толықтырады.

Кесте

(қосымша 2)

24-26 мин

Сабақты бекіту

Тапсырма 1,2-нұсқа бойынша «Дұрыс-бұрыстығын анықта»

Таратпа қағаздар (қосымша 3)

27-37 мин

Оқушылар «Көмірсуларды жіктеу және олардың қасиеттері» тақырыбы бойынша қалыптастырушы бағалау жұмысын орындайды

Жұмыстарын ерте аяқтаған қабілеті жоғары оқушыларға саралау тапсырмалары (есеп шығару) беріледі.

Қалыптастырушы бағалау парақшалары

Саралау тапсырмалары (қосымша 4)

Сабақтың

соңы

38-40 мин

Рефлексия «Табысқа жету баспалдағы»

Оқушылар слайдта берілген әр баспалдақ бойынша бүгінгі сабақтан алған білімін стикерге жазып, мұғалімге тапсырады немесе тақтаға жапсырады. Мұғалім рефлексия жазылған стикерлерді сабақты талдау, келесі сабақта ескеру үшін қолданады.

Үй жұмысы

Биология сабағында оқушылардың көптілділігін дамыту мақсатында ағылшын тіліндегі Carbohydrates бейнежазбасын көріп, тақырып бойынша ағылшын тілінде тірек сызбасын жасап келуге беріледі.

ИТ, презентация

Видео Carbohydrates

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар

Тіршілік қызметі қауіпсіздігі

АТК байланыстар

Құндылықтармен байланыстар

Сабақта оқушыларға қолдау көрсету топ арқылы іске асырылады. Топпен жұмыс жасау барысында оқушылар бір-бірлеріне қажетті көмек көрсетеді. Қажет болған жағдайда мұғалім қосымша ақпарат таратып, түсіндіреді.

Пәнаралық байланыстар-

Химия

Тіршілік қызметі қауіпсіздігі

Улы материалдармен жұмыс жауапкершілікті сақтайды.

АТК байланыстар

Ғаламтордан қажетті ақпараттарды іздеп табу дағдыларын дамыту

Құндылықтармен байланыстар

Жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы «ынтымақтастық» және «өмір бойы оқу» құндылықтарын дарыту

Бағалау – оқушылардың білімін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Бүгінгі сабақта оқушылардың жұмысын бағалау топпен жұмыс арқылы іске асады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар берілген уақытты тиімді пайдалана алды, бүгінгі тақырып бойынша мақсатқа жетті деп ойлаймын.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: жұппен кесте толтыру

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: берілетін материалдың қысқа әрі түсінікті болуы

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.