Контрацепция түрлері, олардың маңызы мен қолданылуы. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.
Контрацепция
- Көптеген ерлі-зайыптылардың және әйелдердің алдында, керек емес жүктіліктен қалай сақтау керек деген сұрақ тұрады. Бұл сұрақтың туындауына себеп болатын, жүкті болатын әйелдің немесе дүниеге келетін баланың дені сау болама деген сұрақ емес, сонымен қатар бақытты отбасы құрыла ма жоқ па деген күрделі сұрақ тұрады
- Осы кезде контрацепцияны қолдану қауіпсіз жыныстық қатынас жасауға және денсаулығыңды сақтауға, сонымен қатар өзіңнің жаныңа жайлы және ұнайтын өмір сүруге көмектеседі.
- Контрацепция сізге қалай көмегін тигізеді:
- Жасанды жолмен баланы алдырып тастағанда, денеңізге және жан-дүниеңізге жарақат әкелетін, денсаулығыңызға зиянын тигізетін қауіп және қатерден сақтайды.
- Кейбір контрацепциялар жыныс жолымен жұғатын аурулардан сақтайды.
- Күтпеген жүктіліктен сақтанудың көптеген әдістері бар. Бірақта, барлық әйелдерге бірдей жақсы әсер ететін контрацепциялық дәрі жоқ екенін естен шығармау керек. Қандай емдік әдісті алсаңыз да, оның жетістігі мен жетіспеушілігі, жағымды, жағымсыз және кері әсерлері болады. Сондықтан контрацепцияны әр-адамның дене мүшесіне қарай, қалай әсер беруіне байланысты, жыныстық қатынасқа деген нйетіне және денсаулығының жарамдығына байланысты таңдауы керек. Сіздің денсаулығыңызға пайдасы бар контрацепцияны дәрігер акушер-гинеколог немесе әйелдерге кеңес беру мекемесінің арнайы даярланған акушеркасы ғана таңдап бере алады.
Көптеген контрацепциялық құралдар және әдістер бір-бірінен жүкті болып қалуға қарсы қызметі бойынша ерекшеленеді.
- Жүкті болып қалудың алдын алуға арналған физиологиялық әдістің мәні - менструалдық циклдың овуляцияға жақын мерзімі жүкті болып қалуға қолайлы күндер болып саналады, ал циклдың басқа мерзімінде (циклдың басы және аяғы) жүкті болу мүмкіндігі төмен болады, сондықтан бұл мерзімде болған жыныстық қатынас нәтижесінде әйел адам бала көтермейді. «Анағұрлым қауіпті» болып саналатын күндері жыныстық қатынасқа түспеу немесе контрацепциялық құралдарды қолдану қажет. «Қауіпті» және «қауіпсіз» күндер арнайы әдістер арқылы анықталады.
- Биологиялық контрацепция түрлері овуляцияны гормондар арқылы төмендетеді, сперматозоидтардың аналық клеткаға ену қабілетін азайтады.
- Хмиялық контрацепция әдістері арқылы әйел адамның жыныстық мүшелеріне енген сперматозоидтарды жансыздандыруға және қимылсыздандыруға болады, бұл әдісіті тек әйелдер қолданады.
- Механикалық құралдар сперматозоидтардың қынапқа (ер адамдардың презервативтері) және жатыр мойнағына (жатыр мойнағына кигізілетін қалпақшалар, қынап тампондары) енуіне жол бермейді.
- Хирургиялық контрацепция әдістері аналық клетканың түтіктер арқылы жылжуына (түтіктерді байлап тастау), немесе ер адамның ұрығының құюлуына (ұрық құятын ағынды байлау) жол бермеуге бағытталады. Оларды дәрігер жүкті болу қабілетін толық тексеріп ғана қолданады (туа біткен тұқым қуалаушылық аурулар, ауыр жүрек ақаулары, нерв жүйесі аурулары – яғни, тұрақты және емделмейтін аурулар).
Сонымен, жүктіліктің алдын алудың әртүрлі әдістері бар, оларды ағзаның жалпы жағдайына, физиологиялық үрдістер ағымының ерекшелігіне, жыныстық қатынастар түріне, жыныстық жүйе құрылысына қарай таңдауға болады. Мұны ерлі-зайыптыларды толық тексеріп, олармен сенімді сұхбат жүргізе отырып, тек дәрігер ғана жүзеге асырады. Сондықтан әртүрлі әдістерді таңдамас бұрын дәрігердің кеңесіне жүгіну қажет.
Физиологиялық контрацепция әдістері
Әйел адамдардың овуляция кезеңінің басталу уақыты тұрақты болып табылады, тек әркімдікі 1-2 күнге ерекшеленуі мүмкін, дегенмен, әрбір әйел адам үшін овуляция кезеңінің басталуының өзіндік ерекшелігі болады. Сол себептен физиологиялық контрацепция әдістерін қолданбас бұрын овуляцияның басталу күнін шамалап анықтап алу қажет. Бүгінгі күні овуляцияның басталу мерзімін анықтаудың бірнеше әдісі бар. Кейбір әдістер дәрігер арқылы жүзеге асырылады, басқа әдістерді әйел адамдар өздігінен қолдана алады.
Гормоналды контрацепция әдістері
Овуляция үрдісі гипоталамус бен гипофиздің гормоналды заттарының аналық бездеріне бірігіп әсер етуі арқылы жүзеге асады. Аналық бездерінің гормондары және ер дамдардың жыныстық гормондарына ұқсас кейбір заттар гипоталамус бен гипофиздің қызметіне тежеуіш әсер береді. Гипоталамус пен гипофиз жүйесіне тежеуіш әсер жасалған кезде овуляция жүзеге аспайды.
Соңғы екі онжылдықта қолданылатын жаңа гормоналды препараттар пайда болды:
- жатыр ішіне жіберетін түрі,
- терілік бұласыр түрінде;
- қыныпқа сақина түріндегі гормоналды дәрілік құралды 21-24 күн мерзімдік етеккірден кейін ендіреді.
Гормоналды дәрілік құралдарды қолдануды тоқтатқаннан кейін ережеге сәйкес, әйелдерде бала біту қаблеті артады сондықтан таблетка қабылдауды тоқтатқан соң алғашқы 3-4 айда жүктіліктің алдын алу ерекше мұқият түрде сақтау керек. Гормоналды дәрілік құралдарды қолданғанда оларды дұрыс пайдалануыдың тиімділігі 100% жақындады.жүкті болып қалуға қарсы
Механикалық контрацепция әдістері
Жүктіліктің алдын алуға тағайындалған негізгі механикалық құралдардың қай-қайысы болса да, оның қорытындысы сперматазоидтар мен аналық бездің бірігуіне кедергі жасауға арналаған яғни сперматазоидтардың жатырға өтіп кетуіне жол мермейді.
Механикалық құралдық әдістің өте кең тараған түрі еркектік мүшеқап болып табылады ол синтетикалық кучуктың жоғары сортынан дайындалып жасалған. Бұл жүктіліктің алдын алудың ең тиімді түрі. Оны пайдалануда кейбір ережелерді сақтау маңызды:
- екі жылдан аса сақталған мүшеқапты, пайдалануға болмайды;
- мүшеқап жыртылып кетпес үшін еркектік ұрықтың жиналатын жері яғни тар боп тұрған ұшын бостау қалдыру;
- жыныстық қатынастан алдын мүшеқаптың ұшын креммен майлау;
- қолданар алдын мүшеқаптың бүтіндігін тексеру;
- жыныстық қатынастан кейін мүшеқаптың бүтін еместігі анықталса, әйел жүкті болып қалуға қарсы құрал химиялық ерітіндімен бүркіп жуу.
Еркектік мүшеқапты ұзақ уақыт пайдалану салдарынан кейде – еркектің жыныс мүшесімен қынап арасындағы тікелей байланыс барысында жыныстық қатынасты сезінуі төмендеп ұнамсыз қалге әкеледі. Еркектік мүшеқапты қолдану барысында қынаптың сулануы жеткідлісіз болу салдарынан (ысқыланудан) қынаптың кіру аймағында тітіркену пайда болады. Мүшеқапты қолданғанда жыныстық қатынастың ұзаққа созылуы жиі кездеседі ол барлық уақытта орынсыз болып, салдарынан әйел мен еркектік денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін.
Сонымен қатар соңғы жылдары жыныс жолдары арқылы келіп түскен аталық ұрықтың әйелге пайдалы әсерінің бар екендігі зерттеліп анықталаған. Қынапқа құйылған ағыл-тегіл шәуеттегі ақуыздың құрылымында, ферменттер, еркектің жыныстық гармондарының саны аз мөлшерде құрайды. Бұл заттар қынапқа сіңеді, оның әсер ету механизімі әлі толық табылмаған, бірақ қынапқа түскен шәует оны қысқартатыны анық. Организмде кейбір бұлшық еттер және жатырдың өзі де толықтай жыныстық қатынастан қанағаттанады.
Еркектік мүшеқап сияқты контрацепция тиімділік жағы 60-80% құрайды. Еркектік мүшеқаптың қарапайымдылығына қарамастан оны уақытша пайдаланудың құралы ретінде қолдану ұсынылады.
Әйелдер мүшеқабы да бар. Қынаптың қабыну кезеңінде, жатыр мойны және оның арналары жатыр мойнының (эрозиясы) болғанда оны қолдануға абсолютты түрде қарсы көрсетілімі бар. Әйелдер мүшеқабы тек дәрігерлік қаралудан кейін ғана пайдалана алады. Әйелдер мүшеқабын таңдауда әрбір әйелдің қынабы мен жатыр құрылымының ерекше есебімен жүргізіледі.
Әйелдер мүшеқабы әртүрлі мойынды қалпақша немесе қынаптық мүшеқап болып жатыр мойнынан қынаптың арасын бөліп тұратын қалқа шымылдық яғни резеңкелі қалқа шымылдық түрінде шығарылады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.