Жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші ретті жыныстық белгілердің дамуы. Биология, 9 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы:
Екінші реттік жыныстық белгілер.
ОМ: 9.2.1.3 жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші ретті жыныстық белгілердің дамуын сипаттайды
https://twig-bilim.kz/kz/film/introduction-to-puberty
https://twig-bilim.kz/kz/film/puberty-in-girls
https://twig-bilim.kz/kz/film/puberty-in-boys
Ұл балаларда жыныстық белгілердің пайда болуының салдары
10-11 жас – жыныстық мүше мен аталық бездің өсуі;
11-12 жас – простатаның ұлғаюы, көмейдің өсуі;
12-13 жас – жыныстық мүше мен аталық бездің айтарлықтай өсуі; қасада түктің өсуі;
13-14 жас – жыныстық мүше мен аталық бездің өсуі, омырау айналасының тығыздалуы, дауыстың өзгеруінің басталуы;
14-15 жас – қолтықта түктің өсуі, дауыстың өзгеруі, бетте түктің пайда болуы, ұманың пигменттелуі, алғашқы шәует шашу;
15-16 жас – сперматозоидтардың жетілуі;
16-17 жас – қасаның еркектерше түктенуі (түктің тігінен өсуі), барлық дененің түктенуі;
17-21 жас – қаңқаның өсуінің тоқталуы.
Қыз балаларда жыныстық белгілердің пайда болуының салдары
9-10 жас – жамбас сүйегінің өсуі, бөксенің дөңгеленуі, сүт бездерінің мардымсыз көтерілуі;
10-11 жас – омырау бездерінің күмбез тәрізденуі («гүлшанақ» сатысы), шапта түктің пайда болуы;
11-12 жас – сыртқы және ішкі жыныстық мүшелердің ұлғаюы, қынап эпителийінің өзгеруі;
12-13 жас – омырау безіндегі без талшықтарының және оның айналасының дамуы, омыраудың пигменттелуі, алғашқы етеккірдің пайда болуы;
13-14 жас – қолтықта түктердің өсуі, тұрақсыз етеккір;
14-15 жас – бөксе мен жамбас пішінінің өзгеруі;
15-16 жас – безеулердің пайда болуы, тұрақты етеккір;
16-17 жас – қаңқаның өсуінің тоқталуы.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.