Жылыжай эффектісі және озон қабатының жұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері. Биология, 9 сынып, дидактикалық маетриал.


Парниктік (жылыжай ) эффект

Парниктік әсер деп, атмосферадағы газдар Жер бетіндегі жылуды ұстап қалатын табиғи процесті айтамыз.

Негізгі парникті газдар: Көмірқышқыл газы, Метан, Азот оксиді, Озон, Су буы

Парникті газдар болмаса, адам тіршілігі үшін Жер өте суық болар еді.

Парникті газдар – Ғаламдық температураны 33°C-қа көтерді

Олар ғаламшарды жылытатын жамылғы ретінде қызмет етеді.

Күн сәулелері Жер атмосферасына еніп, жылу Жер бетінен кері шағылады.

Жылудың бір бөлігі ғарышқа қайтады. Енді бір бөлігін парникті газдар ұстап қалады.

Адамның табиғатты ластауынан бұл газдар көбейіп, жамылғы қалыңдады. Ол жылудың көбірек ұсталуына себеп болады.

Көмірқышқыл газы

Көмірқышқыл газы - негізгі парникті газдардың бірі, ол жанармай жаққанда бөлінеді.

Жанармай неғұрлым көп жағылса, осы газ соғұрлым көп бөлінеді.

Қазір атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері соңғы 650 мың жылдағы ең жоғары деңгейге жетті.

Ағаштар мен өсімдіктер атмосферадан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез арқылы ауаға оттегі бөледі.

Ормандардың көптеп жойылуы олардың парникті газдарды сіңіру қабілетін төмендетті.

Сондай-ақ, өсімдік жанғанда не шіріген кезде, атмосфераға қосымша көмірқышқыл газы бөлініп шығады.

Метан

Бес негізгі парникті газдың арасында метан бар. Ол ауыл шаруашылығында орасан зор көлемде өндіріледі.

Қазіргі метан мөлшері 400 мың жылдағы ең жоғары деңгейде тұр. Өте күшті парникті газ ретінде...

Ол жылуды CO2 –ге қарғанда 23 есе артық ұстап қалады.

Ауыл шаруашылығынан бөлінетін парникті газдар барлық парникті газ мөлшерінің 14%-ын құрайды.

Болашақтағы мөлшері

Ғалымдар адам әрекетінен парниктік әсердің үдеп отырғанын растайды.

Экологиялық таза энергетиканың дамуына қарамастан, атмосферадағы көмірқышқыл газының үлесі толассыз өсуде.

Парникті газ көлемі артқан сайын, атмосферадағы жылу артады. Бұл жердегі температураның көтерілуіне алып келеді.

Сілтеме - https://www.twig-bilim.kz/kz/film/the-greenhouse-effect



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.