Әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлық номенклатураны қолдану Зертханалық жұмыс «Анықтағыш көмегімен өсімдіктер мен жануарлар түрлерін (жергілікті регионның) анықтау». Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

9.1В

Тірі ағзалардың көп түрлілігі.

Биосфера және экожүйе

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлық номенклатураны қолдану

Зертханалық жұмыс «Анықтағыш көмегімен өсімдіктер мен жануарлар түрлерін (жергілікті регионның) анықтау».

Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.1.1.1 Әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлы номенклатураны қолдану

9.1.1.2 Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ерекшелік белгілері бойынша танып білу (анықтағыш бойынша)

 Сабақтың мақсаты

- Барлық оқушылар: әр түрлі ағзаларды анықтағанда бинарлы номенклатура қолдана алады;

- Оқушылардың көпшілігі: жануар мен өсімдік түрлерді анықтауда ерекшеліктері ескереді түрлерді анықтай алады;

- Кейбір оқушылар: анықтағыш арқылы өсімдік түрлерін ажыратады, туыс пен түр атауынан тұратын атаудың бинарлық жүйесін көрсетеді;

 Бағалау критерийлері

  • жүйелеу таксондарын біледі;
  • әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлы номенклатураны қолданады;
  • өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ерекшелік белгілері бойынша анықтайды;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады

әр түрлі түрлерді сипаттаудағы бинарлы номенклатураны негіздейді

Оқытудың тілдік мақсаты

бинарлы номенклатураның көмегімен әр түрлі түрлерді ауызша жазбаша сипаттай алады (жазылым және оқылым дағдылары)

Пәндік лексика және терминология:

жіктеу, бинарлық номенклатура, түр, туыстар, тұқымдастар, тип, патшалық,

Диалог құруға/жазылымға қажетті пайдалы сөздер топтамасы:

Panthera leo мен Panthera tigris … жатады

Бинарлы номеклатураны ............ құрайды.

Жануарларды жіктеу сызбасы................................. таксондардан тұрады, ал өсімдіктер ...................................

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтарды : жауапкершілік,теорияны практиканы пайдалану арқылы бойларына сіңіреді;

Пәнаралық байланыстар

География (таралу аймақтары, жергілікті жер)

АКТ қолдану дағдылары

Мұғалім түсіндірмесіне интербелсенді тақта, оқушылар ақпарат іздеуде ноутбук қолдану

Алдыңғы білім

Классификация, тірі табиғат патшалығы, омыртқасыз және омыртқалы жануарлар және таксономиялық иерархия - 7сынып

Тірі ағзаларды анықтауға дихотомиялық кілттерді қолдану - 7сынып.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Сабақтың барысы

ресурстар

Сабақтың басы:

0 – 2 мин

3-6 мин

Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Көңіл күйлерін анықтау.

Жаңа тақырыпқа байланысты кілт сөздерді ұсыну. Оқушылар ортақ тақырыпты болжап көреді.

Жаңа тақырып пен оқу мақсаты айқындалады. Оқушыларға бағалау критерийлерін қою ұсынылады. Нақты сабақтың критерийлерімен таныстыру.

Оқушылардың тақырыпқа байланысты алдыңғы білімдерін тексеру үшін БББ кестесі таратылады.

Презентация

БББ кестесі

Сабақтың ортасы

7-10 мин

11-15 мин

16-22 мин

23-30 мин

31-35 мин

(ЖЖ) Оқушылардың жүйелеу таксондарымен таныстығын тексеру үшін жекелей тапсырмалар беріледі. Оқушылардың қабілеті ескеріледі. Қабілеті жоғары оқушылар ретін анықтайды, басқа оқушылар түсіп қалған таксонды көрсетеді.

Б: өзін-өзі бағалау. Интербелсенді тақтаға дұрыс жауабы көрсетіледі.

(С)Мұғалім түсіндірмесі:

  • Бинарлы номенклатура маңызы.
  • К.Линнейдің жүйелеудегі еңбегі.

Бірнеше мысалдар ұсынылады. Идея оларға туыс пен түр атауынан тұратын атаудың бинарлық жүйесін көрсетуден тұрады. Түрлер неліктен тығыз байланысты екендігін атап айтып, олардың суреттері көрсетіледі.

(ЖұпЖ) Оқушыларға бір туыстың өкілдерін анықтап, оларға ортақ байланысты анықтау ұсынылады. Жануарлардың түрлерін жүйелейді.

Мысықтар тұқымдасының түрлері мен қояндардың бірнеше түрлері беріледі. Бұл тапсырманы берудің негізгі идеясы оларға туыс пен түр атауынан тұратын атаудың бинарлық жүйесін көрсетуден тұрады. Түрлер неліктен тығыз байланысты екендігін атап айтып көрсетеді.

Бағалау критерийі:

  • Суретте ұсылған жануарлардың жүйелеу сызбасын ұсынады.
  • Жануарлардың арасындағы ортақ байланысты анықтайды.

Оқушылардың жұмысын талқылау барысында уақытылы кері байланыс беріледі.

Тірі ағзаларды жүйелеу кезінде неге назар аудару керектігі жайлы білімдерін қорытындылау үшін бейнематериал көрсетіледі.

Оқушыларға анықтағыш көмегімен өсімдіктер түрлерін анықтау зертханалық жұмысы беріледі.

Құрал-жабдықтар: кеппешөптер немесе суреттері, анықтағыш атластар, АКТ құралдары(ноутбук, планшет)

Жұмыс барысы:

  • Берілген өсімдіктің ерекшеліктерін зерттеу(жапырағы, тамыры, гүл, жеміс)
  • Анықтағыш пайдалану арқылы түрін анықтау

Анықталған өсімдік түрлерін кестеге толтырады.

Зертханалық жұмыстың дескрипторлары:

  • Өсімдік анықтағышымен жұмыс істей алады;
  • Анықтағыштарды пайдалана отырып, №1-4 сандарымен көрсетілген өсімдік түрлерін атайды;
  • №1-4 сандарымен көрсетілген өсімдіктердің түріне тән ерекшеліктерін анықтайды;

Сабақты қорытындылап, оқу мақсатын бекіту үшін жеке бағалау тапсырмалары үлестіріледі.

Презентация

Үлестірме ресурс

К.Линней суреті

Үлестірме

Ноутбук

Тірі ағзаларды жүйелеу -

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/zhanuarlar-alemi/zhanuarlardyng-klassifikacziyasy/lesson/patshalyq-patshalyq-asty-tip-klass-otryad-tuqymdas-tuqym-tur-zhane-populyacziya

Қосымша

Ноутбуктар

Анықтағыш атластар

Кеппешөптер

Өсімдік суреттері

Қосымша

Сабақтың соңы:

36-40 мин

Рефлексия: БББ кестесі. Оқушылардың сабақта игерген білімдерін анықтау мақсатында қолданылады және болашақта игергісі келген ақпараттарын білу үшін (оқушылардың қызығушылықтарын анықтау).

Үйге тапсырма: Жергілікті жерде кездесетін жануар түрінің жүйелеу сызбасын құру

Жануар түрін жүйелегенде басты назарды неге аудардыңыз?

Жүйелегенде қандай ерекшеліктерді ескердіңіз?

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар жұптық жұмыста басқа оқушыларға қолдау көрсетеді. Анықтағышпен өсімдік түрлерін анықтай алады. Қабілеті төмен оқушы жануар мен өсімдік түрлерін анықтауда басқа оқушылар мен мұғалімдердің көмегіне жүгінеді.

Сұрақтарға жауап, кері байланыс беріп отыру, өзін-өзі тексеру, әр жануар мен өсімдік түрлерін анықтау қалыптастырушы бағалауды қамтамасыз етеді.

Ақпараттарды сәйкестендіруде қосымша сұрақтарды қамтуға болады.

Мәтінмен жұмыс, жануар мен өсімдіктерді жүйелеу, кесте толтыру жазылым дағдыларын қалыптастырады.

Интербелсенді тақта жұмыс жасауда арақашытық ұстау, жарық мөлшерінің бірқалыпты болуы.

Ноутбукпен жұмыста тоқ көздері мен белгілі уақыт аралығында қолдану

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сыныпта қандай атмосфера болды? Мен жүргізген дифференциация іске асты ма? Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен?

Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау).

Сол бұрышта тұрған Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.