Экожүйелер. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Экожүйе абиотикалық және биотикалық компоненттерден тұрады.

Экожүйелердің мысалдарына су, құрлық деген жалпы екі үлкен топқа жататын шөл, орман, өзен, тауешкі, барыс, емен, терек, бұлақ, көл, тау экожүйелері жатады.

2. Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысында оқушылардың биология кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауына назар аударылады.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Оқушылардың құрған сызбаларын салыстыру белгілерін оқушылармен бірге талқылап, экожүйенің түрлерін салыстыруда қолдану маңызды. Оқушылар құрлық экоүйелерін қарастырған кезде экожүйенің түрлеріне қарай талқылау жүргізу қажет. Экожүйелерін салыстыру кестесіне оқушылар өздері қосымша белгілерді толықтырып жаза алады.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Оқушылардың экожүйелердің құрылымдарын және әртүрлі экожүйеге тән ерекшеліктерді білулері маңызды. Оқушылар экожүйенің жалпы сызбасын су және құрлық экожүйелері мысалында құрады. Олардың құрған сызбасындағы экожүйені міндетті түрде атауын сұрау қажет. Мысалы оқушы сызбасында тау, ағащ, суы бар бір алаңды салған болса оның жалпы алғанда бір үлкен экожүйе, бірақ тау жеке, ағаш жеке бір экожүйе бола алатынына назар аударту қажет. Оқушылардың су және құрлық экожүйелерінің биосферадағы қызметтерін түсіндіре білулеріне назар аударылады.

  • Саралау тапсырмалары

4-қосымшада ұсынылды

  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

Абиотикалық факторлар

 Құрлық экожүйесі

Су экожүйесі

Жарық

Үнемі дайын түрде қолжетімді

 Тереңдік артқан сайын жарықтың өтуі нашарлайды

Судың қолжетімділігі

Өзгермелі

Үнемі дайын түрде қолжетімді, бірақ осмостық факторларға тәуелді болуы мүмкін

Оттектің қолжетімділігі

Үнемі дайын түрде қолжетімді

Қолжетімділігі шектеулі,

Ерген оттектің мөлшері тереңдеген сайын төмендеп, температура төмендеген сайын артып отырады.

 Ағымдылығы

Ауа аз мөлшерде ғана ағыс тудыратындықтан құрлық ағзалары өздерінің құрылымдарын өзгертуге мәжбүр.

Су жоғары ағымдылықты қамтамасыз етеді

Жабысқақтығы

Ауаның жабысқақтығы төмен

Ауаға қарағанда судың жабысқақтығы жоғары болғандықтан қозғалуға кедергі жасайды

 Қоректің қолжетімділігі

Әр жердегі топырақ құрамына байланысты әртүрлі

Еріген түрде ылғи да қолжетімді

Температураның өзгерулері

Құрлықтағы температураның өзгерулері жоғары ауқымда жүреді

Құрлыққа қарағанда аз өзгереді

Биосферадағы маңызы

  • Қорек көзімен қамтамасыз ету
  • Сұрыптау алаңы
  • Адамның мекен ортасы
  • Су қорын сақтау
  • Атмосфера құрамын реттеу
  • Топырақ эрозиясынан қорғау
  • Жел эрозиясынан қорғау
  • Қоректік заттардың өңделуі
  • Суды тазарту
  • Жауын-шашын мөлшерін тұрақты сақтау
  • Су тасқынын болдырмау
  • Жер асты суларын толықтыру

Бағалау критерийлері:

  • Экожүйенің құрылымдық сызбасын құрады
  • Су және құрлық экожүйелерін салыстырады

Дескрипторлар:

  • Экожүйені моделдейді
  • Өсімдктері мен жануарларын атайды
  • Биотикалық және абиотикалық факторларын анықтайды
  • Экожүйенің биосферадағы маңызын сипаттайды
  • Сілтемелер мен ресурстар

Тайга орманы

https://twig-bilim.kz/kz/film/the-taiga-forest

Тропикалық ылғалды ормандар

https://twig-bilim.kz/kz/film/tropical-rainforests



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.