Экожүйелер. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4D Биосфера, экожүйе, популяция | Мектеп: | ||||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Экожүйелер (жаңа тақырыпты меңгерту) | ||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.3.1.1 экожүйелердің жалпы құрылымының сызбасын жасау 8.3.1.2 су және құрлық экожүйелерін салыстыру | ||||||
Сабақтың мақсаттары |
| ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология: Су экожүйесі, құрлық экожүйесі, энергия көзі, қорек көзі Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Су экожүйесінде...қорек көзі болады. Құрлық экожүйесі су экожүйесімен салыстырғанда...бай. Құрлық экожүйесі үшін ...қорек көзі болады. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады. | ||||||
Пәнаралық байланыс | Экожүйенің абиотикалық факторлары: ылғалдылық пен температураны қарастыру арқылы физика пәнімен, рН, химиялық құрам туралы түсініктер арқылы химия пәнімен байланыс орнатылады. | ||||||
Алдыңғы білім | 7-сыныптан экожүйенің құрамбөліктерін, 8-сыныптан популяция түсінігін біледі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | |||||
Сабақтың басы | |||||||
0-5 мин | Мұғалім оқушыларға әртүрлі экожүйенің суреттері көрсетіліп, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтауды сұрайды. Оқушылармен бірге сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырады. Оқушылардан экожүйелерді қандай белгілері бойынша салыстыруға болады деп талқылау жүргізе отырып сабақтың негізгі бөліміне көшеді. | 1 -2 слайдтар 1 - қосымша | |||||
Сабақтың ортасы | |||||||
6-26 мин | Мұғалім оқушылармен экожүйенің құрамбөліктерін талқылап, су мен құрлық экожүйелерінің сызбасын құруды сұрайды. Оқушылар өз таңдаулары бойынша жұпта немесе топта су және құрлық экожүйелерінің сызбасын құрады. Мұғалім оқушылармен бірге, құрылған сызбалардағы экожүйелерді қандай белгілері бойынша салыстыруға болатынын талқылайды. Оқушылар құрған экожүйелері бойынша екі үлкен топқа бірігіп, су және құрлық экожүйесіне тән сипаттамалар жазады. Мұғалім оқушыларға бағыт беріп, тиісті кері байланысты ұсынады. Екі топ өз жұмыстарымен алмасып, қарсы топ толықтырулар еңгізеді. | 3-14 слайдтар 2-қосымша | |||||
27-36 мин | Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмалары ұсынылады. | 3-қосымша | |||||
Сабақтың соңы | |||||||
37-40 мин | Кері байланыс
| 15-слайд | |||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Оқушыларға ресурстың әртүрлі түрлері ұсынылу арқылы Оқушылар қосымша ақпарат көздерін пайдаланып өз білімдерін тереңдете алады Кейбір оқушылар қосымша тапсырма орындай алады Кейбір оқушыларға ағылшын тілінде түсіндіру мүмкіндіктері берілу арқылы Кейбір оқушыларға мұғалім тарапынан бағыттаушы сұрақтар қою, шағын түсіндірмелер беру сияқты жолдармен көмек көрсетілу арқылы | ||||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Оқушылардың ауызша жазбаша жауаптары арқылы Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы арқылы Оқушылардың құрған сызбалары арқылы Сызбаларды салыстыра білулері арқылы | ||||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Экожүйенің сызбасын құру, талқылаулар кезінде белсенді қозғалыс жасайды | ||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.