Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар: 8.4А Көбею | Мектеп: | |||||
Дата: | Мұғалімдердің аты-жөні: | |||||
Класс: Класс: | Қатысқандар саны: Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі. | |||||
Оқу мақсаттары | Оқушылар: - ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік айналымдарының ерекшеліктерін түсіндіру | |||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар - жыныстық (гаметофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпағының ерекшеліктерін біледі. - жабық тұқым өсімдіктерінің гаметофит пен спорофит ерекшеліктерін анықтайды. | |||||
Бағалау критерийлері | Оқушы біледі: * жыныстық (гаметофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпағының ерекшеліктерін біледі. Оқушы түсінеді: * Ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктердің жынысты (гаметофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпақтарының қызметтерін түсінеді Оқушы қолданады: * Ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктердің жынысты (гаметофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпақтарының ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіреді * мәселелерді шеше алады * талдау, ең негізгі ойды бөледі, мәселелерді шешу жолын ұсынады | |||||
Тілдік мақсаттары
| Оқушылар - алдымен ашық және жабық тұқымды өсімдіктерінің қандай белгілері бар екенін талқылайды(сөйлеу және тыңдалым дағдылары) - кейін табиғатта кездесетін ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктерді сипаттайды (сөйлеу, тыңдау және жазу дағдылары) - Сабақ кезінде дәптерге жазбаларды енгізу (сөйлесу, жазбаша сөйлеу және тыңдау дағдылары)) Тақырыпқа қатысты сөздік және терминология: көбею, жыныстық, жыныссыз, ұрықтану, жыныстық жасушалар, гаметофит, спорофит, антеридий, архегоний, ашық тұқымды, жабық тұқымды, қылқан жапырақты өсімдіктер, гүлді өсімдіктер Диалогтар мен жазбаларға арналған пайдалы сөздер: - Ашық тұқымды өсімдіктер –… - Жабық тұқымды өсімдіктерге жатады… - Гаметофит ашықтұқымды / жабық тұқымды........... болып табылады - Спорофит деп … | |||||
Дағдылар | Коммуникативтік(жұптық және топтық жұмыс) | |||||
Пәнаралық байланыс | География-материктерде өсімдіктердің таралуы | |||||
Құндылықтар дарыту:
| өмір бойы білім алу, сыйластық, қарым-қатынаста болу | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар міндетті - тұқымдардың генеративтік мүшелердің құрылысын білу; -6-сыныптағы тірі ағзалардың функцияларының бірі ретінде көбею мәнін түсіну -6-сыныптан өсуі мен дамуын ажырата білу және жыныссыз және жыныстық көбеюін сипаттай білу | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-1 мин 1-4 мин |
Мұғалім мен оқушылар бір-бірімен амандасады, сыныпта жақсы жұмыс атмосферасын құру, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 2. «Шақыру» кезеңі. Өзектендіру, мақсатты болжамдау, мадақтау. Суреттер/гербарийлер бар өсімдіктердің атаулары (ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктер). Сәйкестендіру тесті. Споралы өсімдіктердің тіршілік циклін зерттедік. Тұқымды өсімдіктердің тіршілік циклін зерттейміз. Оқушыларға түрлі топтағы өсімдіктер суреттері көрсетіледі. Олар өсімдіктерді топтарға бөлу керек. Мұғалім оқушыларға кеппешөптерді таратып, өсімдіктерді споралы және тұқымды өсімдіктерге бөлінуін ұсынып, ашықтұқымды және жабық тұқымды өсімдіктерге назарын аудартады. Сабақтың тақырыбы, мақсатын анықтайды. Бағалау критерийлерін талқылау. | Кеппешөп РРТ | ||||
Сабақтың ортасы 5-9мин 9-10 мин 10-21 мин 21-26мин 26-27мин 27-31мин 31-32мин 32-37мин 37-38 мин | (I) Оқушыларға алдыңғы сабақта оқыған терминдерді олардың анықтамаларымен (карточкалармен жұмыс істеу) сәйкестендіру ұсынылады. Бағалау: өзін-өзі/өзара бағалау. Тақтада дұрыс жауаптары көрсетіледі Мұғалім оқушылардың қателескенін тексереді. Оқушыларға кері-байланыс береді. (G) Оқушылар жұптық жұмыста «Шпаргалка» әдісі бойынша оқушыларға мәтінді оқу ұсынылады. Оның мазмұнын суреттердің, шартты белгілердің немесе схемалардың көмегімен беру қажет. Бұл шпаргалка мәтінді ойнату керек. Бұл шпаргалкалар (оқушылардың аты-жөндері жазылу керек) сыныптың басқа жұптарға беріледі. Содан кейін оқушылар өз қалауы бойынша мұғалімге келіп, сыныптың алдында шпоргалканы(постерді)қорғайды. Мұғалім сыныппен бірге, үздік шпаргалка мен баяндамашыларды атап өтеді. Тапсырмалар: Оқушылар 2 топқа бөлініп, Топтың ішінде 3 жұпқа бөлініп, төменгі тақырыпты қарастырады: Оқушылар морфологиялық ерекшеліктерін зерттейді Дескриптор: 1) Жаңа тақырыпты оқу, мазмұнын жұпта, кейін топта талқылайды(3мин). 2)Тақырыптарды өзара бөлу(1мин) 3) Әр жұпта шпоргалканы дайындау(8мин) 4) Қарсылас топтармен шпоргалкамен алмасып, критерий бойынша мұғаліммен бірге ең үздік шпоргалканы таңдайды(1мин). 5) Шпоргалканы (Постерді) қорғау (3мин) Саралау: Жаңа тақырып бойынша қиналған оқушыларға(Қабілеті төмен деңгейдегі оқушы) жеке келіп, түсіндіреді. Ақпаратты көздерін пайдаланады: мәтін, бейнежазба, құрдастардың түсіндірілуі. Бағалау: Оқушылардың жұмыстарын сыныппен бірге ең үздік шпоргалканы таңдайды. (D, I) Мұғалімнің ашық тұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінің сызбасын көрсетуі (бейнежазбаны қарау). Сонымен қатар, оқушыларға үлестіру материалындағы ашықтұқымды өсімдіктерінің өмірлік циклының сызбасын толтыру ұсынылады. (тайм-менеджментті сақтау арқылы өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту) Бағалау: сызбаның дұрыс орындалуын тексеру (D, I) мұғаліммен жабық тұқымды өсімдіктерінің өмірлік циклының сызбасын көрсету (бейнежазбаны қарау). Сонымен қатар оқушыларға үлестіру материалындағы жабылған тұқым өсімдіктерінің өмірлік циклының схемасын толтыру ұсынылады. (бақылау және ақпарат жинау жолымен зерттеу дағдыларын дамыту; тайм-менеджментті сақтау арқылы өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту) Бағалау: сызбаның дұрыс орындалуын тексеру | Әр балаға карточкалар РРТ Таратпа материал РРТ Қарағайдың тіршілік циклі: (бейнежазба+сызба) https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/osimdikterding-arturliligi/lesson/ashyqtuqymdylar Гүлді өсімдіктердің тіршілік циклі: https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/osimdikterding-arturliligi/lesson/gulder-dander-zhane-zhemister сызба | ||||
Сабақтың соңы 38-39 мин 39-40 мин | Үй тапсырмасы: - "мен – бақ-бақ гүлімін" ертегісі (Критерий: өсімдіктің өмірлік циклін сипаттау; 200 сөз min) - Ашық тұқымды және жабық тұқым өсімдіктерінің салыстырмалы кестесін толтыру (қосымша) Рефлексия «Жетістік баспалдағы» | РРТ | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
1. Оқушыларға әр түрлі мөлшерде қолдау көрсету: қабілеті жоғары оқушыларға аз қөңіл бөлу, төмен деңгейдегі оқушыларға көп көңіл бөлу керек. 2. Сызбалармен жұмыс атқару кезінде, қабілеті жоғары оқушыларға аз қөңіл бөлу, төмен деңгейдегі оқушыларға көп көңіл бөлу керек.. 3.Жаңа тақырып бойынша қиналған оқушыларға(Қабілеті төмен деңгейдегі оқушы) жеке келіп, түсіндіреді. Ақпаратты көздерін пайдаланады: мәтін, бейнежазба, құрдастардың түсіндірілуі. 4. Тақтадағы интерактивті тапсырманы төмен деңгейдегі оқушымен жұмыс жасау. |
| 1. Оқушылардың сабақ барысында дұрыс отыруын қадағалау. 2. Жұптық жұмыс кезінде оқушылардың қимыл-қозғалыстарының қауіпсізігін қадағалау. 3. Көру қабілеті төмен оқушылар алдыңғы партада отырады | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 1: 2: | ||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.