Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


  • қосымша

№ п/п

Сипаттама

Өсімдіктердің қандай бөліміне тән? (Ж жабықтұқымды, А ашықтұқымды )

1

Тамыры, сабағы, жапырағы жасқы дамыған

2

Гүл түзбейді

3

Тұқым түзеді

4

Гүлі бар

5

Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер

6

Тек қана ағаш формалы, кейде бұталар

7

Тозаңдану бунақденелілер, құстар және сүтқоректілер арқылы жүреді

8

Жапырақтары әр түрлі: жай және күрделі, доғалы, торлы жүйкеленген

9

Тұқымбүршігі қорғалған

10

Тұқым бүрде ашық жатады

11

Гүл түзілмейді

12

Фотосинтез процесі жүреді

13

Жапырақтары ине тәрізді

14

Қосарлы ұрықтану тән

15

350 мың түр

16

800 түр

17

Аталық аналық бүрлері болады

  • қосымша

Ашықтұқымдылар

http://www.itest.kz/

Ашық тұқымдылар – өсімдіктердің ең ежелгі тобы. Бұлардың тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасатындықтан, ашық тұқымды өсімдіктер деп аталады.

Кәдімгі қарағай – бірүйлі өсімдік.

Өсіп тұрған қарағай бұтағынан әр түрлі бүрлерді көре аламыз. Жас өркеннің ұшында бүрлер орналасады. Олар көктемде пайда болатын, үлкендігі 5 миллиметрден аспайтын екі қызғылт түсті аналық бүрлер. Аналық бүр негізгі өзекше мен оған тығыз жанасқан қабыршақтан тұрады. Сыртқы қабыршағы – жабын, ішкісі тұқымдық деп аталады. Екі түрлі қабыршақтар бірімен-бірі тұтасып кетеді. Тұқымдық қабыршақта 2 тұқымбастамасы (тұқымбүршік) түзіледі. Жас өркеннің түбінде тығыз топтаса орналасқан ұсақ, жасылдау сары түсті бүрлер болады. Бұлар – аталық бүрлер. Аталық бүрлердің қабыршақтарының төменгі жағын тозаң түзілетін 2 тозаңқаптары бар. Ауаға толы тозаңдар өте жеңіл болғандықтан, желмен өте алысқа ұшып таралады. Сөйтіп қарағайдың бір бұтағында аналық және аталық бүрлер болады. Аталық бүрлері мен аналық бүрлері бір өсімдікте орналасқандықтан, қарағай бір үйлі өсімдік деп аталады.

  Самырсын және бүрі Кәдімгі қарағай, бұтағы және бүрі Балқарағай, бұтағы және бүрі

Аналық бүрдің тұқымбүршіктері ашық тұрады. Желмен ұшып келген аталық тозаңдар аналық бүрдің тұқымбүршігіне түскен кезде оның қабыршақтары жабылады. Жабылған қабыршақтар шайырмен желімделеді. Бұл сәтте тұқымбүршіктерде жұмыртқа жасушалар болмайды. Сондықтан тұқымбүршік бірден ұрықтана алмайды. «Жұмыртқа жасуша» дегеніміздің аналық жыныс мүшесінде дамитын аналық жыныс жасушасы екенін білетін боларсыңдар? Жұмыртқа жасуша ұрықтануға әзір болу үшін уақыт қажет. Аналық бүрдің көлемі ұлғайып, жасыл түске ауысады. Тұқымбүршікте эндосперм  пайда болады. Аталық және аналық жасушалардың қосылып, ұрықтануынан зигота түзіледі. Зиготадан ұрық дами бастайды. Ұрық эндосперм есебінен қоректенеді. Тұқымбүршік ұрықтан тұқымға ауысады.

Түзілген тұқымның сыртқа шашылуы үшін тағы жарты жыл қажет. Ағаш басындағы пісіп жетілген аналық бүр енді қоңыр түске ауысады. Бүрдің ұзындығы 4–6 сантиметрге жеткен кезде ол пісіп жетіліп, қабыршақтарын ашады. Ашылған қабыршақтан тұқым анық көрінеді. Қылқан жапырақты өсімдіктер сондықтан да ашық тұқымды өсімдіктер тобына жатқызылады. Қарағайдан, басқа да қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқымында жұқа қанатша болады. Мұндай тұқымды жел оңай таратады.

Жабықтұқымдылар

http://www.itest.kz/

Гүлді өсімдіктердің тұқымы жемістің ішінде жетіледі. Сондықтан бұл өсімдіктерді жабықтұқымдылар деп атайды.

Жабық тұқымды өсімдіктерде гүл көбею мүшесі болып табылады. Тек жабық тұқымды өсімдіктерде ғана гүлдер түзілген. Осы гүлдерде аталықтар мен аналықтар жетіледі. Аналықтың жатынында (гүл түйіндерінде) тұқым бүршіктері орналасады.

 

Бір жабықтұқымдылардың гүлдері желмен, ал екіншілері бунақденелілермен тозаңдануға бейімделген. Тек гүлді өсімдіктерге қосарланып ұрықтану процесі тән. Аталықтың тозаңқабында түзілген тозаң дәндері аналықтардың аузына келіп түседі. Осы жерде олар өсіп тозаң түтіктерін түзеді. Тозаң түтіктерімен спермийлар тұқым бүршігіне жетіп, оның ішіне өтеді. Осы жерде тозаң түтігінің ішіндегі екі спермийдің бірі жұмыртқа жасушасын ұрықтандырады, ал екінші спермий тұқым бүршігінің орталық жасушасымен қосылады. Ұрықтанудың тек гүлді өсімдіктерге тән мұндай түрін қосарланып ұрықтану деп атайды. Сонымен ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан зигота түзіледі, одан ұрық пайда болады. Орталық жасуша екінші спермиймен қосылғаннан кейін ұлғайып өсіп, бөлінеді, нәтижесінде одан ұрыққа қажетті қор заттары бар эндосперм түзіледі. Тұқымбүршігенен тұқым, ал гүл түйінінің қабырғаларынан жемісқап түзіледі. Эндроспермнің құрамында қоректік заттар - нәруыздар, майлар және көмірсулар болады.

3-қосымша

Сызбаларды толықтырыңыз

Ашықтұқымдылардың тіршілік циклі

Жабықтұқымдылардың тіршілік циклі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.