Эндкриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған ауруларды атау. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
Ұйқы безі қызметінің бұзылуы
Қант диабеті (Гиперглекимия) – бұл эндокриндік ауру, ұйқы безі бөлетін гормон – инсулиннің мүлде бөлінбеуінен, не жеткіліксіз түрде бөлінуінен қандағы қант деңгейінің көтерілуімен сипатталады. Ауру барлық зат алмасу үдерістерінің бұзылуына әкеледі, қан тамырларын, жүйке жүйесін, басқа да жүйелер мен ағза мүшелерін зақымдайды.
Қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады.
Қант диабетімен ауыратын науқастар үнемі
- шөлдейді,
- тез арықтайды,
- жарақаттар баяу емделеді,
- жұқпалы ауруларға жиі шалдығады.
Қантсыз диабет (Гипогликемия) - қанның құрамында глюкозаның мөлшері төмен болады (3,3 ммоль/л төмен), организмнің патологиялық қалпы.
Қанның құрамында глюкоза деңгейінің жылдам түсуі организм үшін өте қауіпті.
Гипоглекимия қант деңгейінің жетіспеушілігінен п.б. мүмкін, тағамның құрамында, сонымен қоса ұйық безі инсулин гормонын өте жоғары деңгейде бөлінуінің саладырынан п.б. мүмкін.
Аурудың белгілері:
- Бастың айналуы,
- Сана – сезімнің нашарлауы
- Аштық
- Қызбалық
- Қалтырау
- Терісі ақшыл тартады
- Терлеу
- Қимыл координацисының, концентрацияның нашарлауы
- Адам талып қалуы мүмкін
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.