Сүйектің байланысу түрлері. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

  Сүйектердің байланысы. Сүйектердің сыртында бұлшықеттер, сіңірлер бекінетін әр түрлі сайшалар (борозда), төмпешіктер, қантамырлары мен жүйкелер өтетін тесіктер болады. Қанқаны құрайтын сүйектер әр түрлі байланыстар түзеді. Атқаратын қызметіне қарай байланыстар: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы және қозғалмалы деп бөлінеді

 Қозғалмайтын байланысқа ми сауыты сүйектері мен сегізкөз жатады. Бұлар бір-бірімен тұтасып қозғалмайтындай болып байланысқан.

 Жартылай қозғалмалы – шеміршектер арқылы омыртқалар бір-бірімен байланысқан.

 Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға аяқ-қол сүйектерінің байланысы жатады.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысында кабинетте жеке бас қауіпсіздіктерін сақтай білулері ескертіледі.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Оқушылардың сүйектердің арасындағы байланыс түрлерін өздігінен ажыратып, олардың шеміршек, буын немесе сүйек арқылы байланысатынын анықтай білулері маңызды.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Сүйектердің арасындағы байланысу түрлерінің сүйектің атқаратын қызметімен байланыста түсіндіре білулеріне назар аударылады. Оқушылар әрбір сүйектің байланысу түрінің себептерін түсіндіре алуы тиіс.

Қозғалмайтын

Жартылай қозғалмалы

Қозғалмалы

Ми сауты сүйектері

Қабырғалар мен төс сүйегі

Тоқпан жілік пен бұғана

Шат сүйектері

Омыртқа жотасындағы омыртқалар

Ортан жілік пен жамбас

Сегізкөз

Шынтақ сүйегі мен тоқпан жілік

Білезік сүйектері

Асықты жілік пен ортан жілік

Толарсақ сүйектері

 Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

  • сүйектердің байланыс түрлерін ажыратады
  • сүйектің байланысу түрлеріне мысалдар келтіреді
  • Сүйектердің қозғалмайтын байланыстарына мысалдар келтіреді
  • Сүйектердің жартылай қозғалатын байланыстарына мысалдар келтіреді
  • Сүйектердің қозғалмлы байланыстарына мысалдар келтіреді
  • Сілтемелер мен ресурстар

Синартроз, амфиартроз және буындар

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/tirek-qimyl-zhujeleri/lesson/sujekterding-bajlanysy



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.