«Дайын микропрепараттар арқылы әр түрлі ағзалардың қан жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін зерттеу» зертханалық жұмысы. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Қан құрамындағы эритроциттердің саны мен пішіні, ондағы гемоглобин мөлшеріне байланысты әр ағзаның тіршілік әрекеттерінің белсенділігі әртүрлі. Мысалы, бақаның эритроциттері екі жағы қысыңқы диск тәріздес емес, сопақша келген, ядролы болғандықтан олардағы гемоглобиннің мөлшері аз. Оның нәтижесінде бақа қанындағы газ алмасу баяу жүреді. Газ алмасу баяу жүретіндіктен оның жасушаларында өндірілетін энергия мөлшері де аз. Сондықтан бақаның тіршілік әрекеттері адамның тіршілік әрекеттерімен салыстырғанда біршама баяу болып келеді.

Адам қанындағы эритроциттердің саны көп, әрі пішіні екі жағы қысыңқы диск тәріздес болып келуі және ядроның болмауы ондағы гемоглобиннің санының көп болуына жағдай туғызады. Сондықтан адамның қаны көп газ тасымалдайды, яғни көп оттегі келетіндіктен жасушаларда өндірілетін энергия мөлшері де жеткілікті болып келеді. Осыған байланысты адамның тіршілік әрекеттері бақамен салыстырғанда әлдеқайда белсенді әрі жылдам. Эритоциттер сыртқы фактордың әсерінен пішінін өзгертіп орақ пішінді болып қалады. Бұл мутациялық өзгеріс. Оның пішіні өзгергенде құрамындағы гемоглобиннің де өзгерісі орын алады. Сондықтан қалыпты эритроциттерге қарағанда қызметін атқаруы нашарлайды. Бұл орақ пішінді анемия ауруы болып табылады.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Микроскоппен жұмыс жасау кезінде заттық және жабын шыныны сындырып алмау, сынып қалған жағдайда қолмен ұстамау, дереу мұғалімге ескерту, микроскопты орнынан қозғамау, көтергенде екі қолмен ұстау, жұмыс барысында тәртіпті сақтау.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Зертханалық жұмысты жоспарлау оқушылардың зерттеушілік дағдыларының дамуына ықпал етеді.

Жоспарлау кезінде оқушылардың жұмыстың нәтижесін ғылыми тұрғыда көрсетіп, нақты дәлелдер келтіру үшін дұрыс салыстырулар жасауға бағыттап жоспарлауына назар аударылады. Жұмыстың орындалуы кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін қарастыруын қадағалау жөн. Микроскопты қолдану жұмыс тәртібіне көңіл бөлу қажет.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Бақа мен адам эритроциттерінің айырмашылықтарын анықтап, оның себебі мен әр ағза тіршілігі үшін маңызын сипаттай алауларына назар аударылады.

Зертханалық жұмысты жоспарлаудың әр қадамына кері байланыс беріледі, себебі жоспар бойынша зертханалық жұмыс орындалады. Егер де оқушыларда қиындық туындап жатса, дұрыс бағыт беру маңызды. Жоспарлау кезінде нәтиженің ғылымилығын қамтамасыз етілуіне басты назар аудару қажет.

  • Саралау тапсырмалары
  • 2-қосымшадағы қанның 1500 есе үлкейтілген микротүсірілімінде қан жасушаларын анықтайды.
  • Тапсырма жауаптары, критерийлері
  • Екі эритроциттің де қызыл түсті болуының себебі неде?

Себебі екеуінде де құрамында темірі болатын гем пигменті бар гемоглобин болады.

  • Мөлшерлері бойынша қандай айырмашылықтары бар?

Бақа қанындағы эритроцит саны аз.

  • Адам қаны мен бақа қанының эритроциттерінің қайсысы оттегін көп тасымалдайды? Себебін түсіндіріңіз.

Адамның қаны көбірек оттек тасымалдайды. Себебі онда эритроциттер көп және оларда ядросы болмайды.

2-қосымша: эритроциттер тоқаш пішінді, лейкоциттер құйрықты шар тәрізді болып көрінеді.

  • Сілтемелер мен ресурстар

Әртүрлі қанның микроскопиялық суреттері бар: http://www.shvedun.ru/micro-1-1.htm



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.