Ірімшік және йогурт өндірісін зерттеу. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ: биология

Мектеп:

Мерзімі :

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Ірімшік және йогурт өндірісін зерттеу

Сабақтың түрі:

Зертханалық жұмыс

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:

  • Бактерияларды пайдалану.
  • Табиғаттағы және адам өміріндегі бактериялардың маңызы.
  • Зертханалық жұмыс «Өндірісте йогурт және ірімшік жасауды зерттеу»

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар үйренеді: «микрағзалар», «штамм» терминінің анықтамасын біледі; адам өміріндегі бактерияларды қолдануды сипаттай алады.

Көптеген оқушылар үйренеді: ірімшік және йогурт өндірісін зерттеу бойынша экспериментті жүргізе алады. Өткізілген жұмыс бойынша қорытындыны жасай/шығара алады.

Кейбір оқушылар үйренеді: тақырып бойынша қосымша материалдады зерттеп, талдау ажасай алады және эссе жаза алады.

Бағалау критерийлері:

  • «Микроағзалар», «штамм» терминдердің анықтамасын біледі.
  • Йогурт өндірісінің технологиясын сипаттай алады.
  • Йогурт/ірімшікті жасау бойынша экспериментті жасайды, қорытындыны дұрыс жасай алады.

Сабақтың тілдік

мақсаттары

Пәндік лексика мен терминология:

Бактериялар, зең, ашытқылар, саңырауқұлақтар, пастеризация, термофильді стафилококк, болгар таяқшасы, сүтқышқылдық ашу, гомогенизация.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Пастеризация – бұл үдеріс кезінде ...

Бактериялар температурасы ... болатын ортада көбейеді, себебі ...

Йогурт/ірімшікті дайындай үдерісі келесі кезеңдерден құралады ...

Сүтқышқылдық ашу дегеніміз - ...

Сүтқышқылдық ашу нәтижесінде ... түзіледі.

Пастерленген сүтке бактериялар мәдениетін қосады ...

Гомогенизация дегеніміз ...

Йогуртты жасайда қолданылатын баткериялар мәдениетінің құрамына келесі микроағзалар ... кіреді.

Құндылықтарды

дарыту

Ынтымақтастық - топтық және жұптық жұмыс арқылы жұмысты үйлестіру.

Академиялық шындық – жеке жұмыс арқылы.

Интеграция

Химия –сүтқышқлыдық ашу, рН ортасы.

Физика – температура 37°С.

АҚТ қолдану дағдылары:

Электронды ақпарат көздерін қолдану арқылы оқыту процессін визуализациялау.

Бастапқы білім

5-6 курс бағдарламасынан оқушылар үйлестірілген тағам рационын құрастыра алады, тағамдық өнімдердің құрамындағы органикалық заттарды тесттілей алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Өзара салемдесу;
  • Сыныпта ынтымақтастық атмосферсын құру.
  • Сабақтың мақсатын және бағалау критерийлерін айқындау.

Сабақтың ортасы

3-8 мин

9-11 мин

12-15 мин

16-26 мин

27-35 мин

36-42

Миға шабуыл:

  • Сүттен өндірілетін тағамдарды қалай атайды? Сіз ұнататын сүтқышқылды өнімдердерді атаңыз.
  • Сүттен йогурт/ірімшікті қалай алуға болады?
  • Йогурт/ірімшікті дайындауда қандай микроағзаларды қолданылады?

(Ж) Оқушыларға ақпаратпен жұмыс жасауды ұсыну. Белгі қойып оқу арқылы ақпаратты оқып шығады.

(Ж) Ақпаратпен танысқаннан кейін, оқушыларға алған білімдерін Блум түймедағының көмегімен бекітуге ұсыныс жасау.

  • Бактериялардың мәдениеті дегеніміз не?
  • Пастеризация үдерісін сипаттаңыз.
  • Йогурт/ірімшікті өндірудің технологиялық үдерісін жалпылама сипаттаңыз.
  • Йогурт пен ірімшікті дайындау үдерістерін салыстырыңыз.
  • Сүтқышқылдық өнімдерді дайындауда қолданылатын микроағзалардың тізімін жасаңыз/құрастырыңыз.
  • Сүтқышқылдық өнімдерді дайындаудың қажеттідігін/құндылығын анықтаңыз.

(Тж) (Э) Йогуртты топтарда өз беттерінше дайындау үшін оқушылар сүтті ысытып, оған белсенді йогурт қосады. Одан ірімшік алу үшін, ұзақ уақытқа қалдыру керек. Топтарда олар 200 см3 сүтті таза зертханалық стаканда қайнатады. Олар сүтті температураның 90°C аспайтынына көз жеткізіп, ұқыпты қайнатулары керек. Сүтті 35°C дейін суытуға қояды, сосын 4 шай қасық белсенді йогурт қосады. Сосын зертханалық стаканды жылы жерге 2 күнге қалдырады. Ірімшікті алу үшін йогуртты муслинмен жабылған микрофильтрге құйыңыз. 24 сағатқа қалдырыңыз. Сосын муслинді пакетке байлап, сұйықтықтың барлығы шығып біткенше сығыңыз. «Қатты» ірімшік муслинде қалуы керек.

(ҚБ) Оқушылар йогурт және ірімшік дайындау үдерісін өз сөздерімен сипаттай алады. Олар бактериялардағы ферменттер туралы ұғымды және белсенді йогуртты қоспас бұрын сүтті неліктен суыту керектігін атап өтулері керек.

(С) Жергілікті ірімшік/йогурт өндірушілерімен келісіп, ірі өндірістік әдістермен таныстыру мақсатындаоқушыларды өндіріске апаруға болады.

Презентация

Қосымшалар

Ақпарттық парақ

.

Зерханалық парақ және нұсқаулықтар тізімі.

Әр топ/жұп үшін: Агар ортасы бар Петри шынаяғы.

Агар ортасы йогуртта сүт қышқылды бактерияларды өсіру үшін қолайлы болуы тиіс.

Йогурт ұйытқысы/бактериялардың мәдениеті: болгар таяқшасы және термофильді стафилококк.

Таймер немесе сағат, 100 мл. дистиллирленген (стерильді) су құйылған 250 мл. стакан,

мақта тампоны, маркер.

Сабақтың соңы

43-45 мин

Сабақтың қорытындысын жасау.

Сабақтың рефлексиясы.

Үй тапсырмасын беру.

Қосымша ақпарат

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: тақырып бойынша ақпаратпен танысады, Блум түймедағын қолдану арқылы сұрақтарға жауап береді, тақырып бойынша экспериментті жүргізеді, қорытынды жасайды.

Қабілеті жоғары оқушылар: тақырып бойынша қосымша аұпаратты зерттеп, оны талдап, эссе жаза алады.

Қалыптастырушы бағалау сабақ бойы жүргізіледі, оқушылар бір-бірін бағалайды, мұғалім бағалауы.

Сымбатты сақтау ережелері.

Зертханалық жұмысты орындау кезіндегі қауіпсіздің ережерелі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.