Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері мен графигі. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің АӘТ:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері мен графигі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.1.12 – көрсеткіштік функцияның негізіне қатысты қасиеттерін біледі;

Сабақ мақсаты

  • у=ax  көрсеткіштік функциясының анықтамасын және a негізінің мәніне қатысты қасиеттерін білу, «GeoGebra» көмегімен көрсеткіштік функцияның графиктерін сала алу, сондай-ақ у=ax + b көрсеткіштік функциясының графигін салу;
  • Әрбір оқушының зерттеушілік және талдау жасай алу дағдыларының негізінде көрсеткіштік функция жайлы білімін (анықтамалар, қасиеттер, графикалық бейнелеу) жетілдіру.

Бағалау критерийлері

  • Көрсеткіштік функцияның негізгі қасиеттерін біледі;
  • Көрсеткіштік функцияның графигін сала алады;
  • Монотондылыққа зерттей алады;
  • Ох өсімен қиылысу нүктелерін таба алады;
  • Оy өсімен қиылысу нүктелерін таба алады;

Тілдік мақсаттар

Лексика және терминология:

көрсеткіштік функция - показательная функция; қасиеті - свойство, анықталу облысы - область определения; мәндер облысы - область значения; негізі - основание; айнымалы - переменная; жұптығы, тақтығы - четность, нечетность; өспелі/кемімелі - возрастающая/убывающая;

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар сыныптастарымен диалог жүргізіп отыруға, талқылауларға қатысуға, өз пікірлерін білдіруге, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, ашықтық, басқалардың пікіріне құрметпен қарауға тиіс. Жұптаса жұмыс істей отырып оқушылар барынша жауапкершілікпен қарауға, әріптестерін тыңдай білуге, идеяларымен алмасуға, дискуссияларға қатысуға үйренеді.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылымдарды ұсынуда және есептерді шешуде интербелсенді тақтаны қолдану

Бастапқы білім

Көрсеткіштік функцияның анықтамасы мен оның графиктері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

2 мин

3-10 мин

Тірек білімін актуализациялау

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың басын ұйымдастыру. Мотивация.

ІІ. Тапсырма 1: /Ұжымдық жұмыс/

Бүгінгі сабақтағы әңгіме тағы да көрсеткіштік функция жайлы болмақ. Оқушылар «GeoGebra» бағдарламасын қолдана отырып ноутбук немесе планшетте y=4x, y=x , y=x , y=0,1x тәрізді бірнеше көрсеткіштік функцияның графиктерін салады.

Мақсаты: Графиктер бойынша функцияның қасиеттерін анықтай білу дағдыларын тексеру.

Оқушылар өз жұмыстарын ұсынады. Оларға төмендегіше жетелеуші сұрақтар қойылады:

  • Берілген функциялар бір-бірінен несімен ерекшеленетінін айтыңыздар? (олар негіздерінің әр түрлілігімен ерекшеленеді: а =4, а =, а =, а =0,1.)
  • Экранда пайда болған графиктерден нені байқадыңыздар? (y=4x, y=x функциялары өседі, ал қалған екеуі y=x пен y=0,1x кемиді.)
  • Ал сіздер қалай ойлайсыздар, бұл функциялардың өсуі мен кемуі неге байланысты? (көрсеткіштік функцияның негізі а >1 болғанда функцияның монотонды өсетіні көрініп тұр. а-ның мәні неғұрлым үлкен болған сайын, соғұрлым қатты өсу болады. Ал 0< а <1 болғанда көрсеткіштік функция кемиді. а-ның мәні неғұрлым кіші болған сайын, соғұрлым қатты кемиді.)

Бүгін біз көрсеткіштік функция жайлы білімімізді әрі қарай кеңітетін боламыз. Әсіресе, негізіне қатысты көрсеткіштік функцияның қандай қасиеттерге ие екендігін білетін боламыз.

Презентация, дидактикалық материалдар

11-17 мин

Түсінудің алғашқы сынағы

Тапсырма 2:  /Жеке жұмыс/ Кестені толтырыңыздар. Көрсеткіштік функция негізіне қатысты қандай қасиеттерге ие?

Слайдтағы дайын жауап арқылы өзін-өзі тексеру

Қорытынды жасайық: көрсеткіштік функцияның негізгі қасиеттері оның негізіне тәуелсіз бірдей болады, тек қана монотондылығына байланысты функцияның қасиеті өзгереді.

17-22 мин

Тапсырма 3

Берілген графиктерге қарап қандай қорытынды жасауға болады?

Қорытынды: Бұл функциялардың (негізіне мән беріңіздер) графиктері Oy-ке қарағанда симметриялы.

Көрсеткіштік функцияның графигі (функцияның өзін де, графигін де экспонента деп атайды) үнемі координаттары (0;1) болатын нүктеден өтеді. Сәйкесінше y = aх және y =(1/а) х функцияларының графиктері симметриялы болады, мұндағы а>0, а1

Маңызды ескерту:

Дәрежелік және көрсеткіштік функция ұғымдарын шатастырмауымыз керек. Естеріңізге салайық, y = xа – дәрежелік, ал y = aх – көрсеткіштік функция деп аталады.

Ал y =xx функциясы көрсеткіштік те, дәрежелік те емес, оны кейде көрсеткішті-дәрежелік деп атайды.

22-29 мин

Тапсырма №4. /Практикалық жұмыс/

а) функцияларының графиктерін салыңыздар.

b) Кестені толтырыңыздар.

Монотондылыққа зерттеңіз

Ох өсімен қиылысу нүктесін табыңыз

Оу өсімен қиылысу нүктесін табыңыз

Қорытынды: функцияларының графиктері Ох өсіне қарағанда симметриялы. y = −f(x) функциясының графигі y = f(x) функциясының графигін Оx өсіне қатысты симметриялы түрлендіруден алынады.

y = f(x) + n функциясының графигі y = f(x) функциясының графигін ордината өсіне қатысты егер n > 0 болса, онда n бірлік жоғары қарай, сәйкесінше,  n  < 0 болса, |n| бірлік төменге қарай параллель көшіруден алынады.

Монотон-дылыққа зерттеңіз

өспелі функция

кемімелі функция

Өспелі функция

кемімелі функция

Ох өсімен қиылысу нүктесін табыңыз

жоқ

жоқ

(3;0)

(2;0)

Оу өсімен қиылысу нүктесін табыңыз

(0;1)

(0;-1)

(0;-7)

(0;3)

29-35 мин

Тапсырма 5. Жұптық жұмыс:

Оқушылар кестеде берілген функцияларды бір-бір бағаннан бөліп алып, функцияларды монотондылыққа зерттейді.

  • -2

Жұмысты бағалау түрі: Сыныпта жұптар арасында өзара тексеру.

Жауабы:

Сабақтың соңы

5 минут

Бағалау критерийлері:

«+»

«-»

1

Көрсеткіштік функцияның негізгі қасиеттерін біледі;

2

Көрсеткіштік функцияның графигін сала алады;

3

Монотондылыққа зерттей алады;

4

Ох өсімен қиылысу нүктелерін таба алады;

5

Оy өсімен қиылысу нүктелерін таба алады;

Рефлексия

Бүгінгі сабақта алған біліміңізге көңіліңіз толды ма?

Жұмыс парағыңызға өз әсеріңізді жазыңыз.

Мен түсіндім ........................

Мен білгім келеді .......................

Менің ұсыныстарым ……………..

Сабаққа рефлексия жасау

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Оценивание – как Вы планируете проверить уровень усвоения материала учащимися?

Здоровье и соблюдение техники безопасности

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1.

2.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.