Дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Келісілді:________________
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: математика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі. Математикалық статистика элементтері Білімді бекіту сабағы №2 | Мектеп: Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||
Күні: | Мұғалім аты-жөні: Сакигожина А.Н. | ||||||||||||
Сынып:10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Тақырыбы: | Дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар | ||||||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | 11.2.2.2 дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар құру үшін таңдалым мәліметтерін өңдеу | ||||||||||||
Сабақтың оқу мақсаттары |
| ||||||||||||
Бағалау критерийлері |
|
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз Оқушылар: статистикалық зерттеулердің нәтижелерін сипаттайды. Пәндік лексика және терминология: дискретті вариациялық қатар; интервалдық вариациялық қатар үлестірімнің абсолютті және қатыстық тығыздықтары математикалық күтілім; дисперсия, кездейсоқ шаманың стандартты ауытқуы Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері : ... мәліметтер үлестірімінің пішіні мен ауқымын визуалды түрде бағалауға мүмкіндік береді; ... үйлесімді/үйлесімсіз оқиғалардың ықтималдықтарының қосындысы …; ... екі тәуелді/тәуелсіз оқиғалардың көбейтіндісінің ықтималдығы …; | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ өту барысында әдепті сөйлеуге, уақытты үнемдеуге баулу. Сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру. Коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру: Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа, сыныппен талқылауға қатысуы керек. Талап қоя білуі, қолдау көрсетіп отыру: Оқушылар есептер шығару үшін шығармашыл, талап қою білуі, жұппен жұмыста қолдау көрсете алуы керек. Идеяларымен бөлісу және талқылауға қатысу: Жұппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді. -Ашықтық- Құрмет-Академиялық адалдық | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар: | Статистика мен ықтималдықтар теориясы бірқатар ғылыми салаларда қолданылады: биология, әлеуметтану, машина жасау және т.б.. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация «Дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар» | ||||||||||||
Бастапқы білім | 10.4B бөлім: Ықтималдық. Қарапайым кездейсоқ сынақтарды түсіну және ықтималдықтарды есептеу. | ||||||||||||
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдері | Сабақта орындалатын іс-әрекеттер | Сабақ ресурстары |
Сабақтың басы/5 минут | ||
3 минут 2 минут | Стартер: «Ақиқат не жалған?» Мақсаты: Оқушылар статистика формулаларын еске түсіреді. Оқушыларды сабақ тақырыбымен, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарымен таныстыру, бірлесіп сабақ мақсаттарын қою. | Презентация Слайд№1-2 |
Сабақтың ортасы/30 минут | ||
15 минут | Топпен жұмыс Мақсаты: Дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар құру. Теориялық материалды қайталау (1) Варианта дегеніміз не? (2) Вариациялық қатар дегеніміз не? (3) Дискретті вариациялық қатар деп нені айтады? (4) Интервалдық вариациялық қатар деп нені айтады? (5) Интервалдың ені деп нені айтамыз? (6) Жинақты вариациялық қатар деп нені айтамыз? (7) Үлестірімнің абсолютті тығыздығы деген не? Оны есептеу формуласы қалай жазылады? (8) Үлестірімнің қатыстық тығыздығы деген не? Оны есептеу формуласы қалай жазылады? Мысал. Станоктан жасалып шыққан 50 дөңбектің диаметрлері (мм) келесідей: 14,51 14,42 14,56 14,47 14,46 14,35 14,48 14,53 14,21 14,31 14,35 14,68 14,56 14,28 14,36 14,21 14,52 14,23 14,41 14,46 14,69 14,54 14,36 14,15 14,37 14,51 14,25 14,55 14,51 14,36 14,62 14,55 14,38 14,33 14,40 14,52 14,48 14,51 14,55 14,39 14,54 14,58 14,48 14,37 14,38 14,51 14,36 14,15 14,24 14,32 а) Дискретті вариациялық қатар құрыңыз. б) Интервалдық вариациялық қатар құрыңыз. в) Интервалдық вариациялық қатар үшін үлестірімнің абсолютті және қатыстық тығыздықтарын есептеңіз. Стратегия: «Түсіндір, сұра, бақыла» Критерийлер мен бағалау дескрипторларын оқушылар өздері құрады. | https://www.youtube.com/watch?v=-Kwz-7bmjUk https://www.youtube.com/watch?v=lVldTXBL0OE Жұмыс парақшасы Презентация Слайд №3-6 |
15 минут | Жұппен жұмыс Мақсаты: Дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар құру. Тапсырма №2./деңгейлі тапсырмалар А деңгейі. Төменде химиялық реакцияның уақыты көрсетілген (секундпен): 8.5 7.1 6.7 6.2 2.9 4.4 6.0 5.8 5.4 8.2 6.9 6.5 6.1 3.8 6.0 6.0 5.6 5.3 7.7 6.8 6.5 6.1 4.2 4.7 5.6 5.4 5.3 7.4 6.7 6.4 6.1 4.5 6.0 5.8 5.6 5.1 а) Дискретті вариациялық қатар құрыңыз. б) Интервалдық вариациялық қатар құрыңыз. в) Интервалдық вариациялық қатар үшін үлестірімнің абсолютті және қатыстық тығыздықтарын есептеңіз. В деңгейі. Мата тығыздығы туралы келесідей мәліметтер алынды (шартты белгілермен): 197,4 192,7 193,6 191,1 191,3 188,3 194,3 195,4 196,6 177,7 197,8 196,7 190,8 191,7 195,2 182,7 200,2 196,1 189,9 184,8 190,3 198,6 190,2 183,5 187,2 а) Дискретті вариациялық қатар құрыңыз. б) Интервалдық вариациялық қатар құрыңыз. в) Интервалдық вариациялық қатар үшін үлестірімнің абсолютті және қатыстық тығыздықтарын есептеңіз. С деңгейі. 50 болат арқанның беріктігі туралы келесідей мәліметтер алынған (шартты белгілермен): 1800 1700 1740 1640 1780 1860 1600 1840 1880 1980 1540 1620 1860 1660 1840 1820 1840 1740 1780 1960 1840 1880 1740 1560 1740 1640 1740 1640 1660 1840 1940 1740 1800 1680 1800 1700 1640 1560 1740 1840 1740 1860 1740 1620 1740 1560 1600 1720 1840 1800 а) Дискретті вариациялық қатар құрыңыз. б) Интервалдық вариациялық қатар құрыңыз. в) Интервалдық вариациялық қатар үшін үлестірімнің абсолютті және қатыстық тығыздықтарын есептеңіз. Стратегия: «Ойлан, жұптас, бөліс» Критерийлер мен бағалау дескрипторлары: – мәліметтерді реттейді және топтастырады; – дискретті вариациялық қатар құрады; – интервалдық вариациялық қатар құрады; – үлестірімнің абсолютті тығыздығын есептейді; – үлестірімнің қатыстық тығыздығын есептейді. | Жұмыс парақшасы Слайд №7-10 |
Сабақтың соңы/5 минут | ||
2 минут 1 минут 2 минут | Сабаққа қорытынды жасау Үйге тапсырма. Теорияны қайталау, №№1-2 беттер, Өздік жұмыс №1. Берілген таңдалым бойынша дискретті вариациялық қатар құрыңыз. 42 42 41 49 42 41 49 42 41 42 45 42 42 41 49 40 45 41 44 44 41 45 42 43 43 «Сабақ-жапырақ» диаграммасын салыңыз. №2. Берілген таңдалым бойынша дискретті вариациялық қатар құрыңыз. 55 56 56 58 57 59 57 56 58 56 58 56 59 57 59 57 55 56 59 57 56 58 56 59 59 Абсолюттік және салыстырмалы жиіліктер кестесін, арифметикалық орта мәнін, дисперсиясын, орташа квадраттық ауытқуын табыңыз. Рефлексия – нені білдім, нені үйрендім – нені толық түсінбедім – немен жұмысты жалғастыру қажет – сабақта ........................... қиын болды – ...................................... менің қолымнан келді – келесі сабақта маған ................................ назар аудару керек. | Жұмыс парақшасы |
Қосымша ақпарат
Саралау/Дифференциация Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Барлық оқушылар: Дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар ұғымын түсінеді. Дискретті және интервалдық вариациялық қатарларды құрады. Көптеген оқушылар: Интервалдық вариациялық қатар үшін үлестірімнің абсолютті және қатыстық тығыздығын есептейді. Кейбір оқушылар: Күрделі есептерді шешеді. | Өзара тексеру және бағалау Өзін-өзі тексеру Мұғалім бақылауы | Үй тапсырмасын орындау кезінде сыныпта орындалған жұмыстар мазмұны мен әдістерге сүйенеді. | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.