Оқиғаның ықтималдығы және оның қасиеттері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2 С бөлім: Ықтималдық | Мектеп: Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Оқиғаның ықтималдығы және оның қасиеттері | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме | 10.3.2.1 кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру; 10.3.2.2 ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу; | |||||
Сабақ мақсаты | Кездейсоқ оқиға анықтамасын және оның түрлерін білу; Кездейсоқ оқиғалар түрлеріне есептер шығару. | |||||
Жетістік критерийлері | Оқушы мақсатқа жетті, егер: Кездейсоқ оқиға анықтамасын және оның түрлерін ажырата алса; Кездейсоқ оқиғалар түрлеріне есептер шығара алса. | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Тәжірибені қалай өткізгендері туралы ауызша және жазбаша мәлімет бередіНегізгі шарттарды түсіне отырып, оқиға мәндерін шамаларын табуда дұрыс техниканы қолданадыПәнге қатысты лексика мен терминология: Ықтималдылығы бар.. Ықтималдықты есептеу, үйлесімсіз, үйлесімді, тең мүмкіндікті, тәуелсіз, тәуелді, ақиқат, дәл Мүмкін нәтижиелерді айтып шығыңыз Болжам жасаңыз оқиға, сынақ, нәтиже кестесі, кездейсоқ жағдайда, ақиқат, ақиқат емес, тәжірибе жасау, ықтималдылықтарды көбейту/қосу Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Болжам бойынша, біз келесіні тексермекпіз… Басқа сөзбен айтқанда, біздің .............білгіміз келеді Сонымен , біз тәжірибені ...................үшін жасадық Тәжірибенің бірінші/екінші/соңғы бөлімдерінде … болды Тәжірибе бірнеше рет өткізілді Тәжірибе / сынақ саны… Біз бірнеше сынақ жасадық. Күтілген нәтиже … Ықтималдықты бағалау … Нәтижелер … Біздің болжамымыз тура/қате болды. Сонымен болжам … көрсетті. Біз келесі ........ қорытындыға келдік. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқып білу дағдысы, ақпаратты өздігінен табу, жағдайды сараптау, жаңа жағдайларға қалыптасу, мәселе қойып және шешім қабылдай білу, топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған жұмыс негізінде жасалынады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Күнделікті өмірмен тығыз байланысты. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтаны презентация таныстыру үшін қолдану, тақтаны жазу құралы ретінде қолдану, интернеттен ақпарат іздей алу қабілетін дамыту. | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар ықтималдық түсінігін түсінеді және ықтималдықты зерттеу үшін кездейсоқ эксперименттерді модельдейді | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақ басы | I. Ұйымдастыру кезеңі.
| Презентация | ||||
Сабақтың ортасы | II. Кіріспе. Қайталау сұрақтарына жауап беру.
III. Ықтималдықтың классикалық анықтамасы Тәжірибедегі оқиғаның пайда болуына қолайлы оқиғалар санының мүмкін болатын оқиғалар санына қатынасын оқиғаның ықтималдығы дейміз. Бұл анықтама оқиға ықтималдығының классикалық анықтамасы деп аталады: . Анықтаманы түсіндіру мақсатында мысалдар қарастыру. IV. Есептер шығару. Ықтималдықтың классикалық анықтамасына берілген бірнеше есептерді сынып оқушылары өз беттерімен шығарады. Кейбіреулерінде көрнекілікті пайдалану ұсынылады. Яғни түрлі түсті шарлар салынған жәшік, әріптер жазылған карточкаларды қолданып, практикалық жұмыс түрінде ұйымдастыруға болады. | Презентация Қосымша 2 | ||||
Сабақтың соңы 2 мин | Сабақ соңында рефлексия жүргізеді: - Мен үйрендім? - Менің білгім келетінім? - Нені жақсартуым керек? | Презентация | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | ||||
Қабілеті жоғары оқушыларды топтық жұмыста өзінің ой пікірлерін айтқызамын және оның басқа оқушыларға үлгі болуына басқа оқушылардың үлгілі оқушыға қарап сап түзуіне немесе өзіндік үлгі болуларына жағдаяттар туғызамын. | Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.