Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Математика ӘБ жетекшісі:

Сабақ1

Мектеп:

Мұғалім:

Сынып: 10

Қатысқандар саны.

Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2С Ықтималдық

Сабақ тақырыбы: Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

10.3.2.1 - кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру;

Сабақ мақсаты

Оқушылар

  • «Кездейсоқ оқиға», «сынақ» түсініктерімен танысады;
  • Кездейсоқ оқиға түрлерін біледі;
  • Оқиға түрлерін анықтауды үйренеді және мысалдар келтіреді

 Бағалау

критерийлері:

Оқушылар

– берілген оқиға түрлерін анықтай алады;

– берілген оқиғаларға мысалдар келтіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар

– таңдалған оқиға түрін түсіндіреді;

– оқиға түрлері арасындағы айырмашылықты түсіндіреді;

– сынақ нәтижесін түсіндіреді.

Берілген ұғымдармен жұмыс жасайды:

– кездейсоқ оқиға;

– мүмкін емес оқиға;

– расталған/сенімді оқиға;

– оқиға ықтималдығы;

– ақиқат оқиға;

– шартты оқиға;

– тәуелсіз оқиға.

Берілген ұғымдарды қолданады:

 оқиғалар үйлесімсіз деп аталыды, егер олар …;

 оқиғаны ақиқат деп аталад, егер …;

 сынақ нәтижесі ... болса, мүмкін емес оқиға деп аталады;

 ақиқат оқиғаның ықтималдығы …;

 Құндылықтарды

дарыту

Жұпта жұмыс жасау барысында сыйластық және өзара сенімді қарым-қатынас құндылығын дамыту;

 АКТ қолдану

дағдылары

Оқыту барысында қолданатын презентация

Бастапқы білім

Статистика, комбинаторика

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы.

Ұйымдастыру кезеңі ( 3 мин)

а) сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;

б) жаңа үй жұмысын жазу:

1. кездейсоқ оқиға анықтамасын оқу;

2. кездейсоқ оқиғаның түрлерін анықтау;

3. әрбір анықтамаға мысалдар келтіру

в) сабақтың жүрі жоспарын түсіндіру

г) оқушыларды топтап отырғызу( 4-5 адамнан)

Сабақ мақсатын қою (4 мин)

Мұғалім презентацияны пайдаланып оқу мақсатын көрсетіп, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады

Сабақ мақсаты

Кездейсоқ оқиға туралы түсінік, кездейсоқ оқиғаның түрлері және оларға мысалдар келтіру

Презентация

I Топтық жұмыс (10 мин)

Мұғалім оқушыларға «Тауып көр» ойынын топта ойнауын ұсынады.

Ол үшін әртүрлі оқиғалар мен сынақтар жазылған карточкаларды таратып беру керек. Карточкада оқиға мен сынақ екені жазылмаған.

Топта талқылаудан кейін оқушылар оқиға мен сынақ екенін анықтаған жағдайда, оқушыларға түсіндіруін сұрайды. Әр топ өздерін «Оқиға» тобы немесе «Сынақ» тобы екенін айтады. Ұқсастық жағдайында, оқушылар өздерінің тұжырымы дұрыс екенін дәлелдейді.

1.

а) Лақтырылған тиын – сынақ.

б) Елтаңба жағы түсуі – оқиға.

2.

а) Нысанаға оқ атылды – сынақ.

б) Нысанаға тиюі немесе қисық кетуі – оқиға.

3.Жәшікте түрлі-түсті шар бар. Жәшіктен кез-келген бір шар алады.

а) Жәшіктен шар алуы – сынақ.

б) Шардың белгілі бір түспен шығуы – оқиға.

4. Дүкен сөресінде екі түрлі қуыршақ бар(ақ шашты және қара шашты). Сөреден бір қуыршақты алады.

а) Сөреден қуыршақ алынуы – сынақ.

б) Қуыршақтың шышының белгілі бір түспен шығуы – оқиға.

5. а) Әрбір тоқсан соңында оқушылар математика пәнінен бақылау жұмысын жазады – сынақ.

б) Оқушы бақылау жұмысынан қанағаттанарлықсыз баға алды – оқиға.

Оқушылар оқиға мен сынақтың анықтамасын береді.

Қосымша 1

II Топтық жұмыс (10 мин)

Оқушыларға ақиқат және мүмкін емес оқиғалардың да бар екенін түсіндіріледі.

Оқушыларға топпен бірге берілген кестені толтыруды тапсырады. Кестенің басын тақтаға сызып көрсетіңіз. Талқылау барысында топтағы бір оқушы өз тобының атынан кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға және мүмкін емес оқиғаға мысал жазыды.

Әр топ, әр оқиғаға екі мысалдан жазуы керек.

Кездейсоқ оқиға

Ақиқат оқиға

Мүмкін емес оқиға

Жәшікте ақ және қара шар жатыр. Жәшіктен қарамай екі шар алды. Екі шар да ақ түсті.

1-6 аралығында ұпай бар ойын сүйегі лақтырылды. Түскен ұпай 6-дан аспайды.

1-6 аралығында ұпай бар ойын сүйегі лақтырылды. Түскен ұпай 10 ұпай.

Кестені оқышалармен талдап, оларды басқа топпен талдауды ұсынады.

Оқушыларға үйлесімсіз және теңшамалы оқиғалардың бар екенін ескерту және түсіндіру.

Тақтамен жұмыс

Теориялық материалдарды түсіндіру (10 мин)

Мұғалім презентация арқылы тақырыпқа байланысты теориялық түсініктеме береді және түсіндіру барысында тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды.

Оқиға дегеніміз қандай да бір тәжірибенің нәтижесі. Тәжірибе нәтижесінде орындалатын немесе орындалмайтын оқиға кездейсоқ оқиға деп аталады. Кездейсоқ оқиға латынның бас әріптерімен А,В,С... белгіленеді. Тәжірибе нәтижесінде міндетті түрде орындалатын оқиға ақиқат оқиға деп аталады. Ақиқат оқиға U әрпімен белгіленеді. Тәжңрибе нәтижесінде орындалмайтын оқиға мүмкін емес оқиға деп аталады. Мүмкін емес оқиға V әрпімен белгіленеді. А оқиғасының нәтижесінде В оқиғасы да орындалса, онда А оқиғасы В оқиғасының дербес түрі деп аталады. Егер А және В оқиғалары бір бірінің дербес түрі болса, онда оқиғалар тең оқиғалар деп аталады: А=B

А оқиғасына қарама- қарсы оқиға деп А оқиғасы орындалмағанда орындалатын оқиғаны айтады. Бір сынақ нәтижесінде қатар орындалуы мүмкін емес екі кездейсоқ оқиғаны өзара үйлесімсіз оқиғалар деп атаймыз. Сынақтың қандай да бір нәтижесінде қатар орындалуы мүмкін оқиғаларды үйлесімді оқиғалар деп атайды.

Мысалы, екі ойын сүйегі лақтырылсын:

А оқиғасы бірінші ойын сүйегінде 3 ұпайдың түсуі. В оқиғасы екінші ойын сүйегінде 3 ұпайдың түсуі. Онда А және В оқиғалары өзара үйлесімді оқиғалар.

Мысал: дүкенге өлшемі мен фасоны бірдей, түстері әртүрлі аяқкиімдер әкелінді. А оқиғасы - ішінде қара түсті аяқкиімдері бар жәшік, В оқиғасы- ішінде қоңыр түсті аяқкиімдері бар жәшік. Онда А және В оқиғалары өзара үйлесімсіз оқиғалар болады.

Презентация

Алгебар және анализ бастамалары. А.Әбілқасымова, Т.Кучер, В.Корчевский, З.Жұмағұлова. – Алматы: Мектеп 2018

Сабақ соңы

Қорытындылау

(3 мин)

1. Мұғалім оқушыларға «Бір сөзбен» тапсырмасын орындауды тапсырады.

Бір сөзбен аяқтаңыз:

Бүгінгі сабақ – бұл ...

Бүгінгі сабақта мен ...

2. Үй жұмысына байланысты мұғалім түсіндірме береді

1. кездейсоқ оқиға анықтамасын оқу;

2. кездейсоқ оқиғаның түрлерін анықтау;

3. әрбір анықтамаға мысалдар келтіру ию

Презентация

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтар «жоғары-орташа-төменгі» схемасы бойынша ұйымдастырылды. Өйткені төмен деңгейлі оқушы өзінің қабілетін арттыру үшін, ал жоғарғы деңгейлі оқушы өзінің қабілетін одан ары дамыт алады.

1. Топтық жұмыс кезінде мұғалім оқушылардың жаңа тақырыпты, жаңа терминдерді түсіну деңгейін қадағалайды;

2. Оқушылар топтық жұмыс кезінде бағалауды бағалау критерийлері бойынша бірін-бірі бағалайды;

3. Кестемен жұмысты оқушылармен талқылау кезінде мұғалім оқушыларды бағалау критерийлеріне мән беруді ұсынады, осы арқылы оқушы өзінің мақсатқа жеткенін көре аллады;

4. Сабақ соңында оқушылардан оқу мақсатына жету туралы ауызша рефлексия алынды.

Жұмыс басталмас бұрын «көзге арналған гимнастика» жасалады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралыда, оқу туралыда ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.