Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 5 сабақ.
№ 5 тақырыпқа әдістемелік нұсқаулықтар
«Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру»
Cабақтың мақсаттары:
8.1.2.5
құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындау;
Бұл сабақ құрамында квадрат түбірі бар өрнектермен жұмыс істеу дағдыларын бекітуге және бұрын меңгерілген материалды жүйелі қайталауға арналған сабақ болып табылады.
Сабақты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.
Сабақтың басында уақытты үй жұмысын тексеруге арналады. Оқушылардың шешімдері слайдта ұсынылған шешімдерінен айырмашылығы болуы мүмкін, бірақ оқушылар тапсырмалардың дұрыс шешімдерін көреді. Үй тапсырмасын орындағанда пайда болған қиындықтар талқылануы керек.
Бөлшектерді азайтуға арналған тапсырмаларды орындауға арналған ойын оқушылардың белсенділігін, іс-әрекеттерін әртараптандыру мақсатында ғана жоспарланбаған. Ойынның ережесі сұрақтарды ашық, бөлшектерді көбейтіндегіне жіктеу және бөлшектерді азайту дағдыларын дамытып қана қоймай, оқушылардан бағалаумен байланысты болатын сыни тұрғыдан ойлау қабілеттікті талап етеді. мұғалім, сондай-ақ оқушылардың бөлшектің алымындағы өрнекті толықтыру үшін бос карточкаларды толықтыруына болады. Ол өз кезегінде материалды тереңірек түсінуге ықпал ететін болады.
Сабақтың екінші жартысында үлкен өздік жұмыс жоспарланған, ол сабақтың көп уақытын алады. Мұнда оқушыларға алты түрлі тапсырма ұсынылады. Міндеттер жеткілікті және олардың күрделілігінің деңгейі әртүрлі, бұл оқушылардың қажеттіліктеріне жекедара сараланған тұғырды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұғалім өзінің қалауы бойынша міндетті орындау үшін нақты тапсырмаларды ұсына алады.
Тапсырмаларды орындау кезінде жеке оқушыларға қиындықтар туындауы мүмкін. Мұғалім оқушылардың назарын еске түсіруіне көмек немесе бұрынғы сабақтардағы ұқсас тапсырмаларға аударуы мүмкін. Оқушылар өз бетінше жұмыс істеуді үйрену керек, дұрыс шешім қабылдау жолдарын таңдауы керек.
Формативті бағалауға арналған нұсқаулықтар
Сабақ барысында оқушылар сабақтың басында шешімдердің үлгілеріне және сабақтың соңындағы бағалау схемаларына сүйене отырып өз жұмысын формативті бағалайды. Қорытынды кезеңдегі рефлексия оқушыларға жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған әрі қарай қадамдар жасауға көмектеседі.
Жауаптар, тапсырмаларға критерийлер
Өздік жұмысты орындағанға балл қою схемасы 3-қосымшада келтірілген.
Қажетті сілтемелер мен әдебиеттердің тізімі
- Макарычев Ю.Н., Миндюк Н.Г., Нешков К.И., Феоктистов И.Е. Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений – М. : Мнемозина, 2010. – 384 с. : ил.
- Феоктистов И.Е. Алгебра. 8 класс. Дидактические материалы. Методические рекомендации. – М.: Мнемозина, 2012. – 173 с. : ил.
- Ганенкова И.С. Математика. 8-9 классы: многоуровневые самостоятельные работы в форме тестов. – Волгоград: Учитель, 2008
- Рустюмова И.П., Рустюмова С.Т. Тренажер по математике для подготовки к единому национальному тестированию (ЕНТ). – Алматы, 2009
- Шуба М. Ю. Занимательные задания в обучении математике: Кн. для учителя.- М.: Просвещение, 1994.—222 с: ил.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру