Cызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

7.2А Функция. Функцияның графигі.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Cызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты оқып білу

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.5.1.9 графигі берілген функцияның графигіне параллель немесе қиятын сызықтық функцияның формуласын табу;

Сабақтың мақсаттары

графиктері параллель немесе қиылысатын сызықтық функциялардың формулаларын құрастыру

 Бағалау критерийі

Білім алушы:

Білу және түсіну

k мен b-ға байланысты сызықтық функциялардың графиктері қалай орналасатынын біледі (параллель, қиылысады, қиылыспайды)

Қолдану

Cызықтық функциялардың өзара орналасуына (параллель, қиылысады) қатысты формулаларды құрастырады.

 Тілдік мақсаттар

 

 Тілдік оқыту мақсаттары:

Оқушылар:

  • сызықтық функциялардың графиктерін салу алгоритмін сипаттайды;
  • сызықтық функциялардың коэффициенттердің арасындағы тәуелділікке және олардың графиктерінің өзара орналасуының ерекшеліктеріне түсінік береді;

Пәндік лексика және терминология:

– функция графигі;

– сызықтық функция;

– сызықтық функцияның бұрыштық коэффициенті;

– түзулер параллель;

– түзулер қиылысады

– түзулер қиылыспайды.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

– функцияның графигі... (координаталар басы нүктесі және т.б) арқылы өтеді;

– функциялар графиктерінің қиылысу нүктесі(лері);

– график абсциссалар осін ... нүктесінде қияды;

– график ординаталар осін... нүктесінде қияды;

– график абсциссалар осіне параллель, себебі ...;

– график ординаталар осіне параллель, себебі ...;

Құндылықтарды дарыту

 

Оқуға ептілігін, өзбетінше ақпаратты жинау дағдыларын арттыру, жағдайды талдау және жаңа ситуацияға бейімделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, өз және топтың жұмысының сапасына жауапты болу, өз уақытын тиімді ұйымдастыру, сабақтарда көпмәдениеттілікті және басқалардың пікірін сыйлау білу.

Құндылықтарды дарыту сабақта барлық жоспарлаған іс- әрекеттердің кезеңдері арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Физика

АКТ қолдану дағдылары

АКТ тиімді қолдану үшін оқуға қажет пайдаланушылардың дағдылары.

Бастапқы білім

Шамалар арасындағы тәуелділіктерді білу; тура және кері пропорционалдық ұғымдарын білу; тура пропорционалдық тәуелділіктің графигін сала алу. Айнымалылары бар өрнектерді түрлендірулерді орындай алу. Формулалармен жұмыс істей алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Сабақтың басында мұғалім ерекше көңіл аударады:

- оқушылардың зейін қоюына

- оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын анықтайды

- оқушылардың «жақын даму аймағын» анықтайды - деңгейлер бойынша (А, В және С) өзіндік және үй жұмысын орындау

- сабақтың аяғындағы күтілетін нәтижелер

Сабақтың ортасы

40 мин

Сабақта оқушылар білетін ұғымдар қолданылады және жаңа ұғымдар енгізіледі. Сондықтан материалмен танысу барысында сөздікке жаңа терминдер енгізіледі.

Әртүрлі іс-әрекеттер жасау барысында оқушылар бағалау парағын толтырады. Сабақтың соңында қорытынды жасалады және мұғалімнің жұрналында белгіленеді, бұл оқушылардың нәтижелерінің және сабақтың арасындағы кезеңдердің қорытындыларының диагностикасын жасауға көмектеседі.

  • Үй жұмысын тексеру – 5 мин

Оқушылар үй жұмысы шешімінің үлгісі және мұғалім ұсынған критерийлер бойынша өзінің жұмысын бағалайды және сабақтың бірінші кезеңіне шыққан пайызды анықтайды.

  • Ой қозғау – 7 мин

Құндылықтарды дарыту - қойылған сұрақтарға тез жауап беру, умение быстро отвечать на поставленные вопросы, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға бейімделу.

Оқушыларға 1 ден 6-ға дейін сандар жазылған үлестірмелер жиынтығы ұсынылады, ал тақтада формуламен жазылған сызықтық функциялардың тізімі жазылған:

Әрбір сұраққа оқушылар тиісті үлестірмелерді көтереді.

Сұрақтар келесідей болуы мүмкін:

– графиктері параллель болатын функцияларды көрсетіңіз;

– графиктері қиылысатын функцияларды көрсетіңіз;

– графиктері беттесетін функцияларды көрсетіңіз;

- графиктері координаталар басынан өтетін функцияларды көрсетіңіз;

- графиктері Ох осіне параллель болатын функцияларды көрсетіңіз ;

- графиктері Оy осіне параллель болатын функцияларды көрсетіңіз ;

- графиктері өсетін функцияларды көрсетіңіз;

- графиктері кемитын функцияларды көрсетіңіз;

және т.с.с.

Жұмысты орындағаннан кейін оқушылар дұрыс жауаптар саны бойынша өздерін бағалайды және пайыздарын бағалау парағына жазады.

  • Жаңа материалмен жұмыс10 мин:

Бұл кезеңде оқушыларда өмір бойы білім алуға бейімделу құндылығы дамиды. Сонымен қатар жұптасып бекітуге тапсырмаларды орындау барысында оқушыларда оқуға бейімділігі, ақпаратты өзбетінше табу, жағдайды талдау дағдылары дамиды.

Мұғалім тақтада функцияны жазады: . Содан соң оқушыларға функцияның коэффициентін әртүрлі жағдайларда табуды ұсынады.

Мысалы:

– берілген функцияның графигі функцияның графигіне параллель;

– берілген функцияның графигі функцияның графигін ордината осінің бойымен қиып өтеді;

– абсцисса осін қиып өтпейді;

– координаталары (-2;3) нүктесі арқылы өтеді;

және т с.с.

Оқушылар жауаптарын өз дәптерлеріне жазады, жұмыс аяқталған соң өзін-өзі және бірін-бірі тексереді.

  • Бекіту – 15 мин:

Берілген материалды тереңдету және жаңа ситуацияларға бейімделу мен мәселелерді қою, шешім қабылдау құндылықтарды дарыту үшін оқушылар шығармашылық тапсырмаларды орындайды, мұнда оқушылар өз деңгейлеріне қатысты тапсырманы таңдауға құқылы.

Жұптық жұмыс:

Көрсетілген түзу берілген функцияның графигі болатындай сызбаларды Оу немесе Ох осьтермен толықтырыңыз. Тіктөртбұрыштардың ішіне екінші функцияның формуласын жазыңыз. Осы функциялардың графиктерінің қиылысу нүктесінің координаталарын және басқа көрсетілген нүктелердің координаталарын анықтаңыз (бірлік кесінді – 1 торкөз).

а)

b)

c)

d)

Жұмысты орындағаннан кейін дәл осы тапсырманы орындаған екінші жұбымен жауаптарын салыстырады, Жауаптар талқыланады, дұрыс жауапты таңдау шешім қабылданады, содан соң топтарға бірігіп оқушылар қайтадан талдау жүргізеді ( бірін-бірі тексереді).

  • Қорытынды – 2 мин

Оқушыларда жағдайды талдау, қорытындылау, орындаған жұмыс туралы қорытындылар жасау дағдылары дамиды.

Сабақ барысындағы орындаған жұмыс бойынша оқушылардың жуаптары бағаланады және түсініктер беріледі (әрбір оқушының орта пайызы орындаған іс-әрекеттің түрлеріне қойылады ).

IV. Үй жұмысы – 1 мин. ( Оқушылардың назарын тапсырмаларға аударып, сұрақтар туындайтын болса жауап беру).

Оқушы жақсы нәтижелерге жету үшін оқушы келесі кұндылықтарды дамытады: мақсатқа жету табандылығы, еңбеккорлық, академиялық шынайлық).

Үй жұмысы:

  • Екі сызықтық функциялардың графиктерінің қиылысу/беттесу/параллельдік шарттарын атап шығыңыз.
  • және функциялардың графиктері қандай нүктелерде қиылысады?
  • және функциялардың графиктері а параметрдің қандай мәнінде параллель болады?
  • пен функциялардың графиктерін салыңыз және графиктері бойынша олардың өзара орналасуын анықтаңыз.

Презента

ция.

Көкшетау қаласын

дағы ФМБ НЗМ математи

ка пәнінің мұғалімі Егоркина Н.В. сабақ жоспарының үзіндісі

Ұсыныла

тын оқыту іс-әрекеттері (оқу жоспары, 7 сынып)

Самостоятельные и контрольные работы по алгебре и геометрии для 7 класса. Авторы: А.П. Ершова, В.В. Голобородько, А.С. Ершова, М: Илекса, 2005.

Cабақтың соңы

2 мин

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Мен таныстым …
  • Маған … оңай болған жоқ.
  • Мен ... жеттім.
  • Мен …істей алдым.
  • Менің … жасағым келеді.
  • Менің есімде қалғаны ….
  • Мен … орындап көремін.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлерге қатысты дифференциация сабақта өзіндік жұмысты орындау және жаңа тақырыпты оқу барысында жүргізілді.

Сабақтың әрбір кезеңі өткен соң жұмысты бағалау жүргізіледі (өзін-өзі бағалау, өзара бағалау немесе мұғалімнің бағалауы). Сабақтың соңында оқушылар орта процентті тауып, мұғалімге баяндайды

Физминутка

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу