Санның стандарт түрі. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ | Мұғалім: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
7.1В Бүтін көрсеткішті дәреже | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Санның стандарт түрі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа тақырыпты меңгерту | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.1.1.1 өте үлкен немесе өте кіші шамаларды жазу үшiн сандарды стандарт түрде жазудың қажеттiлігiн түсiнеді (мемлекет халқының санын немесе молекула өлшемін жазу үшін); 7.1.1.2. санның стандарт түрі ұғымын, оның маңызды бөлігін және ретін біледі; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Санның стандарт түрі ұғымын, оның маңызды бөлігін және ретін білу, өте үлкен немесе өте кіші шамаларды жазу үшiн сандарды стандарт түрде жазудың қажеттiлігiн түсiну | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | санның стандарт түрі ұғымын, оның маңызды бөлігін және ретін біледі; стандарт түрде жазылған сандарды салыстыру жолын табады; стандарт түрде жазылған сандарды салыстыру жолын есеп шығаруда қолданады | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - дәреженің қасиеттерін ауызша және жазбаша түсіндіреді; Бөлім бойынша лексика және терминология - дәреженің негізі; - дәреже көрсеткіші; - натурал көрсеткішті дәреже; - бүтін көрсеткішті дәреже; - дәрежеге шығару; - көбейтіндінің дәрежесі; - бөліндінің дәрежесі; - дәрежелердің көбейтіндісі; - дәрежелердің бөліндісі; - дәрежені дәрежеге шығару; - санның стандарт түрі; - стандарт түрде жазылған санның мәнді бөлігі мен реті; - заңдылық, тізбек, тізбектің элементі. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - бірнеше бірдей сандардың көбейтіндісі; - ... дәреже түрінде жазыңыз; -негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері қосылады (азайтылады); -негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері көбейтіледі; -теріс санды жұп көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...; -теріс санды тақ көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...; -негізі ... болатын дәреже түрін келтіріңіз; -санды стандарт түрде жазыңыз; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Мәтін есептерді шығару барысында оқушылар физикилық және химиялық процесстермен байланысты үдерістермен танысады | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Натурал көрсеткішті дәреже | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі (2 минут) |
| Презентация | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Үй жұмысын тексеру (5 минут) | 4)мұғалім үй жұмысының шешу жолын көрсетеді, оқушылар өз жұмыстарын жасыл қаламмен тексереді. | Алгебра,7. Автор: Шыныбеков А.Н. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі (15мин) | 5) Мұғалім оқушылармен оқыту мақсаттары мен бағалау критерийлерін талқылайды. 6) «Подсчет звезд» - 2 мин фильмін бірге қарап, экранда болған сандарды атауды сұрайды. Өте үлкен немесе өте кішкентай сандардың мысалын айтуды сұрайды. Мысалы: Казахстанның жер аумағы - 2,7 млн. км2 Халық саны- 17 853 200 адам Жердің массасы былай жазылады: т, ал темірдің бір атомның массасы г Стандарт түріндегі жазылған санның анықтамасы енгізіледі, анықтама дәптерге жазылады. Өте үлкен немесе өте кіші шамаларды жазу үшiн сандарды стандарт түрде жазудың қажеттiлігiн түсiндіріледі. | презентация қосымша 1 https://uat.twig-bilim.kz/film/volume-counting-stars-6949/ https://www.youtube.com/watch?v=PzXvVRTV7Io | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа материалды бекіту Жұптық жұмыс (15 мин) | 6) Оқушылар жұптара бөлініп, төмендегі жаттығуды орындайды. Аяқтағанда бір-бірін тексереді
Стандарт түрде дұрыс жазылған санның әріпін таңда: «нано»-10-9 миллиардтан бір (грек т. көне грек νᾶνος, nanos — ергежейлі) з) Өздік жұмыс. Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Керек жағдайда мұғалім оқушыларға көмек көрсетеді. Орындалған жұмысты мұғалім бағалап, рекомендация береді. 1) Стандарт түрге келтіріңіз: а) 350; б) 72000 ; в) 0,026, г) 0, 00000905. 2) Стандарт түрге келтіріңіз: а) сутегінің массасы 0, 000 000 000 000 000 000 000 02662 г; б) су молекуласының диаметрі 0,000 000 03 см; Өздік жұмысты толығымен қатесіз орындаған оқушыларға қосымша тапсырма беріледі. | Қосымша Презентация Қосымша | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Қорытындылау (3 мин) | з) Рефлексия. Мұғалім оқушыларды төмендегі сұрақтарға жауап беруін сұрайды
и) Мұғалім сабақты қорытындылайды Үйге: теориялық материалды оқу, №3,4 тапсырмаларды орындау | Презентация Қосымша |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
| Оқушылардың тапсырманы орындаудағы белсенділіктерін бақылау арқылы формативті бағалаймын. Оқушы өзін-өзі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады. | Математика кабинетінде өзін-өзі ұстау ережелерін қадағалау, интерактивті тақтамен қолдану ережелерін қадағалау |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Барлық оқушы ОМ жетті Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Саралау сабақ жоспарына сай өтті Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақтың әр кезеңі өз уақытында орындалды Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Барлық жоспарланған әрекеттер орындалды |
| |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Физикалық өлшем бірліктермен байланыстырғандықтан,стандарт түрдегі сандарды аударуды орындау ыңғайлы болды 2: Оқушыларға бірін-бірі тексеру қызық болды Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Санды стандарт түрде жазуды бастамас бұрын көмек ретінде алгоритмін тақтаға/постерге жазып қою керек Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Кейбір оқушылар өз ойын математикалық тілде жеткізуде сөздік қорының аздығынан қиындықтарға тап болады. Ол үшін термин сөздер мен анықтамаларды жаттаулары қажет |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру