Бүтін көрсеткішті дәреже. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

7.1В Бүтін көрсеткішті дәреже (18сағ)

Мектеп: NIS Petropavl

Күні:

Мұғалім аты-жөні:

Сынып: 7

Келген оқушылар саны:

Жоқ оқушылар:

Сабақтың тақырыбы

Бүтін көрсеткішті дәреже

Оқу мақсаттары

7.2.1.2 бүтін көрсеткішті дәреженің анықтамасын және қасиеттерін біледі;

7.2.1.4 дәреже көрсеткіші нөлге тең өрнектің негізіндегі айнымалылардың мүмкін мәндерін табады.

 Сабақ мақсаты

Бүтін көрсеткішті дәреженің анықтамасын біледі, есептер шығаруда пайдаланады.

 Бағалау критерийлері

  • бүтін теріс көрсеткішті дәреже анықтамасын біледі және дәреженің негізі нөл болмау керектігін түсінеді;
  • оң сандардың бүтін көрсеткішті дәрежесін, теріс сандардың жұп және тақ көрсеткіші бар дәрежесін табу нәтижелерін болжайды және болжамдарды ереже түрінде құрастырады;
  • дәрежелері бар есептеу мысалдарында амалдар орындау тәртібінің реттілігін біледі.

Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Дәреженің оң/теріс көрсеткіштері; Дәрежелер; Дәреженің негізі;

х-ті у дәрежесіне шығару; Квадратқа шығару, кубқа шығару;

Санның квадраты, санның кубы; Санның квадраты, сан кубы;

x-ті y-ке көбейту; Көбейту.

Диалогқа қажет сөз –тіркестері:

Дәреженің негізі;

х-ті у дәрежесіне шығару;

Квадратқа шығару, кубқа шығару;

Санның квадраты, санның кубы;

Санның квадраты, сан кубы;

x-ті y-ке көбейту.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Натурал – NATURAL

стандарт – standart

элемент – element;

дәреже – degree

дәреже негізі – foundation degree;

дәреже көрсеткіші – exponent;

натурал көрсеткішті дәреже – Natural exponential degree

бүтін көрсеткішті дәреже – a significant degree of;

көрсеткішті дәреже – exponential degree

дәреженің қасиеттері – properties of degree;

көбейтудің дәрежесі – power of the deriativ;

бөлшектің дәрежесі – the degree of fraction.

Құндылықтарды тәрбиелеу

  • Академиялық шынайылық, ұжымдағы өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау; ұжым пікіріне шыдамдылықпен қарау, толеранттылық
  • ЖА білу және түсіну: бірқалыпты даму, әлеуметтік әділдік және теңдік
  • ЖА құндылықтары: мақсатты қатысу және белсенділік
  • ЖА дағдылары: сындарлы және шығармашылық ойлау; өз-өзіне деген сенімділік, рефлексия дағдылары, қарым-қатынас

 Пәнаралық байланыс

Геометрия, информатика, физика, химия.

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, презентация

 Алдын-ала білімдері

Натурал сандар, рационал сандар, сандардың жұптығы, тақтығы, дәреже, натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Ұйымдастыру.

-Сәлемдесу.

-Бүгінгі сабақтың мақсатын анықтау.

-Алдыңғы тақырыпты жаңа тақырыппен байланыстыру.

- Оқушылардың есімі жазылған таяқшаларды таңдау арқылы 2 топқа бөлу.

Сабақтың ортасы

3 мин

12 мин

20 мин

Өткенді еске түсіру:

Сандық кроссворд шешу: (2 топ жарысып шығарады)

Жаңа сабақ. 

Жаңа сабаққа қажетті ұғымдарды еске түсіретін қайталау сұрақтары қойылады.

Өмірмен байланыстыру:

Тақтаға жердің массасы 5,976∙1027 және сутегі атомының массасы 1,674•10-24  жазылады. Мұндағы 10 27  және 10-24 жазбаларындағы ұқсастықты, айырмашылықты анықтайық.  10-24 саны оң ба, теріс сан ба? Бұл жазу нені білдіреді? Осы сұрақтардың жауабын бүгін жаңа сабақты игеру барысында жауап беретін боламыз.

Мысалы:

1) ...1000, 100, 10, 1;         (1, 1/10, 1/100, 1/1000...)  екі сан қатары қандай заңдылыққа бағынады?

2) сан қатарындағы әрбір саны  10-ның дәрежесі түрінде жазайық:

...1000,100,10,   1,   1/10,   1/100,1/1000... ... 103, 102, 101, 10°, 1/101, 1/102,   1/103..

3) санның орнына тек дәреже көрсеткішін жазайық

3,     2,    1,   0,.... қатарды жалғастыра отырып  -1, -2, -3  т.с.с.  сандарын аламыз.

4.    Көршілес дәреже көрсеткіштерін салыстырайық.  Келесі дәреже көрсеткіші алдыңғысынан бірге кем. 10° кейін : 1/101 = 10-1, 1/102 = 10-2... екенін көреміз

Сонда сан қатары мына түрде болады:

10-3, 10-2, 10-1, 10°, 101, 102, 103...

СұрақДәреже негізі ретінде кез келген сан алуға бола ма?

(Жауап: болады, тек  0-ден өзге сан)

Тұжырым 0-ден өзге кез келген сан үшін an = l/a-n, a≠O. Теңдігі орындалады.

Демек  10-24 саны оң сан. (10-24= 1/1024). Бұдан дәреже көрсеткіші теріс сан болатын сан болатынына көз жеткіземіз.

 Сұрақ :  О-5 өрнегінің мәні бар ма?

 Жауап : жоқ, себебі дәреже негізі 0-ден өзге сан.

 

Натурал көрсеткішті дәрежелер үшін дәлелденген қасиеттер бүтін көрсеткішті дәрежелер үшін де орындалады.

60.

70.

Нөлді және бірді бүтін көрсеткішті дәрежелеу нәтижесін анықтауға және нөлдік емес санды нөлдік көрсеткішке дәрежелеуге мысалдар келтіріп көрсету.

Есептер шығару:

  • Жеке жұмыс (А деңгейіне арналған тапсырма).
  • Топпен тапсырма. Топта барлығы талқылай отырып шығарып болған соң, басқа топпен жауаптарын салыстыру. Дұрыс жауапты мұғаліммен бірге тексерту.

3) Үлгерімі жақсы оқушыларға арналған қосымша тапсырма (C деңгейіне арналған тапсырма).

Жауаптары:

Қосымша1: №5. а. ә.25 б. в.

№6. а. 12,7 ә. -1,5

Қосымша2: №1. а. б. в. г.

№2. а.k5 б.l в. г. y4

№3. а. б.

№4. а.4m б. в. г.28p2q

Қосымша3: №1 а. б.

Сабақты қорытындылау:

Тест.

Плакат, маркер

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Слайд

Сабақтың соңы

2 мин

Кері байланыс

Сабақтың мақсатына жеттім деп ойлайсыңдар ма?

Қандай қиындықтар туындады?

Үйге: қасиеттерді жаттау

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ні қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Сабақта оқушыларға А, В, С деңгейлері бойынша есептер беріліп, жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылды .

Деңгейлік тапсырмаға байланысты оқушылардың жеке орындаған жұмыстарын өзара салыстыру арқылы тексерсе, топта барлығы талқылай отырып шығарып болған соң, басқа топпен жауаптарын салыстырады және дұрыс жауапты мұғаліммен бірге тексереді.

ИКТ байланыс: презентацияны қолдану. Пәнаралық байланыс: 3 тілде сабаққа қатысты терминдерді қолдану.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Оқу мақсаты бағдарламаға сай, нақты түрде берілді, мақсат бойынша бағалау критерийі тиімді құрылды. Жаңа сабақ алдыңғы сабақ тақырыбымен байланысты болғасын, оқушылар ұқсастығы мен айырмашылығын тез арада анықтап, сабаққа белсене қатысты.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты).

1: Сандық кроссвордты шешу өте жақсы өтті. Оқушылардың алдыңғы білімі бойынша мақсатқа жеткендерін анықтай алдым.

2: Өмірмен байланысты есепті талдаған кезде оқушылардың қызығушылықтары арта түсті, басқа пәндермен байланыстырып өз ойларын жетік жеткізе білді.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1: Тест тапсырмасын Kahoot бағдарламасы арқылы өткізу қажет.

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

ӘБ жетекшісі: Попова Ю.И.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу