Шығармадағы оқиғаны болжау С.Сарғасқаев «Шеге мен балға» ертегісі дидактикалық материал. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Қосымша №1

А

Л

Б

К

Ш

Е

Г

Е

Т

О

А

Л

Л

Л

П

П

А

К

Л

Ғ

А

Д

Н

Ы

Т

И

Н

Р

Ы

Ы

Ы

С

А

Д

И

Е

Ң

Б

Е

К

Мәтіннен үзінді

Кімнің мінездемесі?

Басы текшелеу келген қоңыр бір дәу, мақтаншақ емес екен. Еңбек сүйгіш, ақ көңіл екен!

Кейде үшкір де болып келеді. Шақар, ашуланшақ. Бір қауып тістесе, «ойбайға» да қарамайды. Сіресіп қатып қалады. Жұлқи тартқанда, қанша мықты болсаң да, есеңгіреп-ақ қаласың.

 

 

 

Мәтіннен үзінді

Кімнің мінездемесі?

Дүниеқоңыз емес, ақпейіл, адал, құлшына еңбек етеді, еңбегімен күнелткен.

Құлқыны тоймаған, көре алмайды, күндейді, берекесі кеткен.

 

 

 

 Қосымша

 

 

 

 «Шеге мен балға» ертегісі, 1- сабақ

 Оспан атайдың қорабында да бірге тұратын бұлардың татулығында ешбір шек жоқ секілді еді. Бұрын балғаның орны қойманың қабырғасындағы текшелерде болатын. Сүргі, ара, балта, бұрғылармен сап түзегендей қатар тұратын-ды. Ал шегелер темір қораптың ішінен шыққан емес.

 Анда-санда Оспан атай келіп, темір қорапты орнынан қозғағанда мәз болып, алақандарын шапалақтап ойнағандай, салдыр-гүлдір етіп аунап-қунасатын.

 Әуел баста олар балғаның не екенін білген жоқ-ты. Оспан атай дүкеннен әкелген бойы осы темір қорапқа салып қойған.

 Жуырда Оспан атай темір қорапты сыртқа алып шықты. Күн шайдай ашық екен. Мәз болып салдырлаған шегелер күн көзінде жалт-жұлт етіп, рақаттанды да қалды. Олар балғаны осы кезде көріп тілдескен-ді.

 – Сәлеметсіздер ме? – деді өңі аппақ, басы текшелеу келген қоңыр бір дәу қораның ернеуіне арқасын сүйеп.

 – Сәлеметсіз бе? – деді шегелердің ішіндегі жуантық келген жалпақ қалпақты, қортық біреуінің батылы жетіп, сөзге келіп. – Сіз кім боласыз?

 – Мен – Балғамын, – деді ол дауысы гүжілдеп. – Сендер қорықпаңдар, енді біз үнемі бірге боламыз. Оспан атай бізді фермаға апарады. Онда малшыларға үй салады. Мен былтыр өздеріңдей шегелермен бірге барып, үй салысып қайтқам. Бірнеше ай бірге болдық. Тату тұрдық. Мен тоқ-тоқ соққан сайын олар күшіме таңданып, дән риза болған-ды.

 Балға шегелерге қаншама дәу болып көрінсе де, гүжілдеп сөйлесе де, дауысы жұмсақ, майда екен. Әрі-беріден соң шегелер жарыса, жамыраса сөйлесіп кетті онымен.

 – Қазір қайда ол шегелер?

 – Малшылар ауылында. Олар Оспан атай салған үйді берік ұстап, қызмет етіп жатыр. Сендер босқа қарап жатып, зеріккен де боларсыңдар.

 – Былтырғы шегелердің бәрі малды ауылда ма? – деді осы кезде бойшаңдау келген талдырмаш денелі бір шеге жіңішке нәзік дауыспен.

 Ал енді бірі басынан шерткен сайын өз орнына тұрғысы келмей қасарысады. Ақыры, ол да белінен майырылып жатқаны. Әрі-беріден соң ондайлар шаң жұғып, тот басып, өз-өзінен шіріп құриды. Ондай шегені Оспан атай жек көреді. Бірақ ол кісі басқалардай емес, тым ұқыпты, қайырымды. Жұмыс қауырт кезде әлгі шегелерді бөлек жинап қояды. Асықпаған кезінде «емдейді». Түзулейді. Сөйтіп мен кейде Оспан атаймен бірге дәрігер де болып кетемін.

 – Атауыз дегенің немене? – деді әлгінде сөз бастаған батыл қортық шеге.

 – Ой, оны сұрама. Атауыз, кемпірауыз дегендердің, әйтеуір, ауызы да үлкен, тісі де жалпақ. Кейде үшкір де болып келеді. Шақар, ашуланшақ. Бір қауып тістесе, «ойбайға» да қарамайды. Сіресіп қатып қалады. Жұлқи тартқанда, қанша мықты болсаң да, есеңгіреп-ақ қаласың.

 – Охо!

 – Ол да зауыттан шыққан ба?

 – Жалқаулар үшін әдейі жасаған ғой.

 – Жо-о, ондай жалқау бізде жоқ. Солай емес пе?

 – Әрине!

 – Не десеңдер де, әйтеуір, оған жолай көрмеңдер, – деді балға жайыла күліп.

 – Жоламаспыз!

 – Өзім де солай ойлап ем.

 – Әйтсе де сіз қатты шертесіз бе? – деді әлгі бойшаң, жіңішке шеге балғаға өте бір қиналғандай қиыла қарап.

 – Оған қам жеме. Қай шегені қалай шертуді Оспан атай жақсы үйреткен. Тәжірибем аз емес, – деді балға кеңк-кеңк күліп...

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу